Оқу әдістемелік кешені


Өкпе қалыпты жағдайда тәулігіне 350см3 су шығарса, тыныс жиілеген кезде 700 –80 см3 қа дейін жетеді



бет5/8
Дата13.06.2016
өлшемі0.71 Mb.
#133981
1   2   3   4   5   6   7   8

Өкпе қалыпты жағдайда тәулігіне 350см3 су шығарса, тыныс жиілеген кезде 700 –80 см3 қа дейін жетеді.

Нәжіс арқылы ішектен күніне 100-150см3 су шығарылады. Ас қазан бұзылғанда оның мөлшері көбейіп кетуі мүмкін. Организм қалыпты тіршілік жасау үшін оның шығынданатын су мөлшері қоршаған ортадан түсіп отыруы керек.

Егер шығарылатын су мөлшері енетін Судан аз болса організм шөлдей бастайды. Шығарылатын су мен енетін судың арақатынасы су баланысы деп аталынады. Бала організмі суды тез жоғалтып, тез синап алады.

1 кг массасына қажетті су мөлшері жасы жоғарылаған сайын азая түседі. 3 айлық балаға 1 кг массасына 150-170 г су керек, 2 жаста –95 г, 12-13 жаста –45 г су керек. 1 жасар бала күніне 800 мл, 4 жасар 950-1000 мл, 5-6 жасар –1200 мл, 7-10 жасар –1350 мл, 11-14 жасар балаларға 1500 мл су қажет. Организм тұрақты түрде тұздарды қажет етеді. Наттрий, калий, хлор бар тұздар тітіркеністерді қамтамасыз етеді. Сүйектің өсуі мен дамуына да минерал заттар айтарлықтай қажет. Минералды заттар қан қышқылдығын (рН) анықтайды, жүрек пен нерв жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етюді. Минералды заттар гемоглобин түзілуіне, қарын сөлдерін дегі тұз қышқылының түзуге қатссады. Минерал заттар клеткаға керекті осмос қысымын жасайды.


Витаминдер және оның маңызы. Витаминдер органиизм қалыпты жұмыс істеу үшін керек органикалық заттар. Олар көптеген ферменттердің құрамына кіреді. Осының өзі- ақ олардың зат алмасудағы маңызын көрсетеді.Витаминдер гормондар әсерін күшейтеді, организмдердің инфекцияға, жоғары, төмен температура әсерлеріне тағы сол сияқтыларға төзімділігін арттырады.Витаминдер өсудің қарқынды жүруін, травма , операциядан кейін ткандар мен клеткалардың қайта қалпына келуі үшін қажет-ақ.

Витаминдердің ферменттермен гормондардан ерекшелігі көпшілігі организмдерде түзілмейді. Олардың негізгі көзі – көкөніс, жемміс –жидектер. Сондай-ақ витаминдер сүтте , етте, балоықщтарда мол. Витаминдер организмге өте аз мөлшерде қана керек. Бірақ, соның өзінде олар болмаса соған байланысты ферменттер түзілмейді.

Авитаминоз дегеніміз белгілі бір витамин жет- іспеуінен болатын ауыр аурулар. Организм қалыпты дамып жетілуі үшін мына витаминдер керек:

Витамимн В1-тиамин, не аневрин. Ол орман жаңғақтарында, қабығына ажыратылмаған күріште , ірі тартылған ұнда, арпа, тары дәндерінде болады , әсіресе сыра ашытқыларымен бауырда мол.

Тамақта витамин В1 жетіспегенде бери –бери кеселіне шалдығады. Аурудың тәбеті болмай, тез шаршап қалады, аяқтары әлсірейді. Одан әрі аяқтарының бұлшық еттері сезімнен қалады. Есту, көру нервтері зақымданады , сопақша ми мен жұлоын клеткалары істене шығып, аяқтары паралечке айналады. Уақытылы емделмесе өледі.

Витамин 2- рибофлавин. Нанда , гречкада, сүтте, жұмыртқада, бауырда, етте, таматта болады. Адамға осы витамин жетіспегенде терілері әсіресе еріндерін жара басады. Жарылып су шығады. Ол жерлер қара қабыршақтанады. Кейінірек көздерінде жара басып қабыршақтары түсе бастайды. Одан әрі ісікті қан жетіспеуі нерив жүйесі зақымданады, күрт қан қысымы төмендейді, организм тырысып , естен танады.

Витамин РР –никотинамид. Көкөністерде, сәбіз, картоп, бұршақ, ашытқы, гречка, қара нанда, нанда, сүтте ,етте, бауырларда болады. РР авитаминозы кезінде аузы ғыжылдап , сільекей мол бөліне бастайды, іші өтеді.Тілдері қызарып кетеді. Қолдарын мойындарын , беттерін қызыл теңбіл басады. Терілері кедір бұдыр болып кетеді, осынысына орай оны “пеллагра”деп атаған. Ол италианша кедір- бұдыр деген сөз. Ауру асқынғанда адамдардың еске сақтау қабілеті нашарлап, психоз, галлюцинация пайда болады.

Витамин В12- цианкобаламин. Адам ішегінде синтезделеді.Сүт қоректілердің бүйректерінде, бауырларында және балықтарда болады .Ол организмде жетіспеген ісік қан азайуы пайда болады. Қандағы эритрациттер азай ып кетеді.

Витамин-аскарбан қышқылы. Көкөністе, жемістерде, ағаш қылқандарында, бауырда кең тараған. Олар ашытқан капустада жақсы сақталады. 100 г қылқанда 250 мг, ал ит мұрын-шиповникте-150 мг витамин С болады. С витаминінің жетіспеуі цинга ауруының пайда болуына әкеп соқтырады. Ауру жалпы мазасы болмай, қысылып жүруден басталады. Терілері нашар түске енеді, иектеирі қанталап, тістері түсе бастайды. Денелерінде қан жиналып, қарадақтар пайда болады.Бірқатары ашылып, қатты ауыртады. Ертеректе цингадан көп адам қырылған.

Витамин А-ретинол,аксерофтол. Адам организімінде А витамині табиғатта кең таралған провитамин каротиннен түзіледі. Каротин жаңа ждұлынған сәбізде, помидорда, салатта, өриікте, балық майында, сары майда, бауырда, бүйректе ,жұмыртқа сариысында мол. А витамині жетіспегенде балалардың өсуі байаулайды, “намазшам көр ” ауруы пайда болады. Оның алдын алмаса түбегейлі соқырда болып қалуы мүмкін.

Витамин Д –эргокальциферол. Олжұмыртқа сарысында , сүтте, балық майында болады. Балаларда кем таралған кеселдің бірі рахит. Бұл кесел кезінде сүйек дұрыс дамыып қалыптаспайды. Бас сүйегі гипертрофиялық шүйде, маңдай төмпешіктері пайда болады. Селсоқ, боп-боз, басы қазандай ауру балалардың ақыл-есі де жөнді дамымай қалады.

Д витамині жетіспеу ауыр ауытқулар туғызады.



Негізгі әдебиеттер.

  1. Хрипкова А. Г., Антропова М. В., Фарбер Д.А. Возрастная физиология и школьная гигиена. – М . : Просвещение, 1990.

  2. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы – Алматы 2003. К.Дүйсенбин, З. Алиакбарова.



Қосымша әдебиеттер

  1. З. М. Алиакбарова. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасының негіздері

  2. Ж. Д. Демеуов, Б. Я. Байназарова, З. М. Алиакбарова, А. М. Бекетаев - Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы –Алматы, “Білім”, 1995.

  3. Ю. А. Ермалаев. Возрастная физиология. М. : Высшая школа, 1985.

  4. Қ. С. Рымжанов, И.М. Төленбек. Адам мен жануарлар физиологиясы. Алматы : 2000.


Лекция N 12

Тақырып: Қан және оның кызметі.
Жоспар:


  1. Ќан жєне ќан айналу ж‰йесініњ жалпы ќ±рылысы мен мањызы.

  2. Ќанныњ ќ±рамы мен физикалыќ жєне химиялыќ ќасиеті.

  3. Ќанныњ пішінді элементтері.

Қанның құрамы өте күрделі. Қан пішінді элементтер, яғни қан клеткалары және сұйық плазмадан тұрады. Қан пішінді элементтеріне қанның қызыл клеткалары, ақ клеткалары және қызыл пластинкалары тромбоциттер жатады. Қанның клеткалары күллі қанның 55-60%, ал плазма 40-45% құрады. Қан плазмасының құрамы: 90%-ке жуығы су, 7-8% ақуыз, 2% түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында ақуыз 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%,120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар-натрий, калий, кальций, хлор тұздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг/%, мочевина 10-25 мг/%, түрлі ферменттер, гормондар, түрлі витаминдер, холестерин т. б. заттар болады.

Плазманың осмостық қысымы мен белсенді реакциясы қанның манызды физикалық және химиялық қасиеттеріне жатады. Плазманың осмостық қысымы деп оның құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың ерітінділерінен тудыратын қысымын айтады. Плазманың осмостық қысымы ондағы минерал заттарының молшеріне байланысты: неғұрлым концентрациясы көп болса, соғұрлым осмостық қысым көп болады. Организмнің тіршілігі үшін плазманың осмостық қысымының тұрақтылығының маңызы зор.

Қанның белсенді реакциясы оның құрамындағы сутегінің иондарының концентрациясына байланысты және оны рН реакциясы (сутегінің көрсеткіші) деп белгілейді. Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығы денедегі күллі ферменттердің қатысуымен болатын реакциялар үшін манызды. Қалыпты жағдайда қанның рН = 7,36 тең, бұл әлсіз сілтілінің реакциясы.

Сонымен, қанның құрамы, оның мөлшері, физикалық және химиялық қаситетері шамамен алғанда тұрақты болуы тиіс. Бұл тұрақтылықты жүйке жүйесі мен гуморальды жүйелер реттейді.

Адам қанының температурасы тұрақты болады. Бір тәуліктің ішінде баланың денесінің температурасы 36,6- 37 0 С шамасында ғана өзгереді. Температураның аз мөлшерде өзгергені – денедегі аурудың белгісі. Ал температура төмендесе адамның “әлі құрйды” , яғни әлсіздік байқалады. Қан бауырда және бұлшық еттерде жылытылып, теріде салқындатылады.

Қанның өте тамаша қасиеті ол бір мезгілде өз құрамының тұрақтылығын сақтай отырып, құрамындағы барлық заттардың өзгеруін қамтамасыз етеді. Үнемі өзгере отырып, көптеген физиологиялық жүйелердің қызхметіне байланысты өзінің құрамындағы маңызды заттардың барлығын сақтай алады.
Қанның пішінді элементтерге эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер. Олардың ішіндегі ең көбі эритроциттер яғни қанның қызыл клеткалары. Олардың саны адамның жынысына байланысты : ер адамда 1 мкл қанда 4,5 – 5 млн, әйелде 4-4,5 млн. Қанның қызыл клеткалары ядросыз, диаметрі 7-8 мкм, ал қалыңдығы 2 мкм. Эритроциттердің пішіні екі жағы ойыңқы келетін линза іспетті болады. Бұндай пішін клетканың бетін, ауданын үлкейтіп, тасымалдау қызметінің атқаруын жеңілдетеді, әсіресе оттегін өкпеден дененің күллі клеткаларына дене ұлпаларына тасуға ыңғайлы етеді. Бұл қызметті эритроциттердің құрамындағы билок заты гемоглобиннің қатысыуымен орындалады. Гемоглобин күрделі зат. Ол гем деп аталатын, құрамындағы екі валентті темірі бар бояулы заттан және глобин белогынан тұрады. Гемоглобин өкпе қуысында оттегімен оңай қорытылып, окси гемоглобинге айналады. Окси гемоглобин организмнің ұлпаларына қанмен тасылады, Ұлпаларға келгенде оңай ыдырайды, нәтижесінде глобин мен О2 пайда болады. Босаған оттегі ұлпалардың клеткаларының тотығуына қатысады, ал глобин белогы ұлпаларда зат алмасуынан пайда болған көмір қышқылын қосып алып, карбоксигемоглобинге айналады. Бұлда жеңіл ыдырайтын қосынды, қан мен өкпеге барып, көмір қышқыл газын босатады, глобинге қайтадан оттегі қосылады. Сөйтіп гемоглобин өкпеден ұлпаларға оттегін, ұлпадан өкпе қуысына көмір қышқыл газын тасиды.

Лейкоциттер. Лейкоциттер – ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мкл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру, қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Қан клеткаларының бұл маңызды қызметі Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И. И. Мечников ашқан. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар : а) дәнді лейкоциттер немесе гранулоциттер, ә) дәнсіз лейкоциттер, яғни агронулоциттер, б) моноциттер.

Лейкоциттердің жалпы саны жаңа түған нәрестеде 10-20 мың шамасында болғанымен, өмірінің алғашқы сағаттарынан оның саны күрт көбейеді. Туған сәтте 19500 болса, 6 сағатта 22000, 24 сағатта 28000 дейін кобейеді де екінші тәулікте азая бастайды: 48 сағатта 19500 болады. Ал 5-ші тәулікте баланың лейкоциттері күрт төмендейді де, 7 – ші тәулікте 8 мың – 11 мың шегіне жетіп, шамамен ересек адамның жоғары деңгейіне шамалас болады.

Тромбоциттер қанның құрамындағы 3 – ші пішінді элменттер немесе қан пластинкалары. Олар : сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің жалпы саны 1мкл 300 мыңнан – 400 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп, жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін ауыр дене жұмысымен шұғылданғанда көбейеді. Оның мөлшерінің тәуліктік өзгерісі бар : күндіз көбірек, түнде азырақ.

Тромбоциттердің саны баланың жасына қарай өте көп ауытқиды : 1мкл қанда 150 мыңнан 600 мыңға дейін. Жаңа туған сәбидің қанында орта есеппен 150-300 мыңға жуық тромбоциттер болса, 1 жасқа дейінгі балаларда 15 мыңнан 425 мыңға дейін (орта есеппен 250 мың) жетеді. 1 жастан –16 жасқа дейін 1 мкл қанындағы орта саны 300 мың, 20 –30 жаста 311 мың, одан әрі қарай шамамен 14 мыңнан 335 мыңға дейін (орта саны 224 мың), ал 70 жастан асса тромбоциттердің саны азаяды : орта есеппен 208 мың. Тромбоциттердің ең күшті өзгеретін тұрақсыз мезгілі 1 жасқа дейін. Бұл кезде оның жас, әлі толық жетілмеген түрі қанда көп болады. Ол емшектегі балаларда тромбоциттер көп өндірілетінін білдіреді. Баланың жасы ұлғая келе тромбоциттердің өндірілуі төмендейді, ал қартая келе қан пластинкаларында кері даму күшейеді.

Негізгі әдебиеттер.


  1. Гуминский А.А, Лентьева Н.Н., Тупицына Л.П. Руководство к выполнению лабораторных занятии по возрастной физиологии. – М. : изд МГПИ им. В.И. Ленина, 1989.

  2. Хрипкова А. Г., Антропова М. В., Фарбер Д.А. Возрастная физиология и школьная гигиена. – М . : Просвещение, 1990.

  3. Леонтьева Н.Н, Маринова К.В. Анатомия и физиология детского организма. (внутренние органы). – М. : просищение 1986.

  4. Физиология развитие ребенка / Под ред. В. И. Козлова, Д.А. Фарбер. – М. : Педагогика 1993.

  5. Нормализация учебной нагрузки школьников : Экспериментальное физиолого – гигиеническое исследование / Под ред. М. В. Антроповой, В. И. Козлова (Педагогическая наука – реформе школы). – М. : Педагогика 1988.

  6. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы – Алматы 2003. К. Дүйсенбин, З. Алиакбарова.



Қосымша әдебиеттер

  1. З. М. Алиакбарова. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасының негіздері

  2. Ж. Д. Демеуов, Б. Я. Байназарова, З. М. Алиакбарова, А. М. Бекетаев - Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы –Алматы, “Білім”, 1995.

  3. Ю. А. Ермалаев. Возрастная физиология. М. : Высшая школа, 1985.

  4. Қ. С. Рымжанов, И.М. Төленбек. Адам мен жануарлар физиологиясы. Алматы : 2000.



Лекция N 13

Тақырып: Балалардың қан айналу жүйесінің дамуы.

Бала жүрегімен қан тамырлардың қызметі.
Жоспар:


  1. Қан айналу ж‰йесініњ жалпы ќ±рылысы мен мањызы.

  2. Ќан айналу жолдары.

  3. Ж‰рек жєне ќан айналу жолдары.

  4. Ж‰рек жєне ќан тамырларыныњ ќызметі.

Қан айналу жүйесінің маңызы. Қан айналу жүйесі тоқталмай үнемі жүріп жататын зат алмасуын қамтамасыз етеді. Оның бұл қызметі қан тамырларында қанның қозғалып, барлық ірілі – ұсақты тамырларға заттарды тасуы арқылы іске асады. Яғни қан айналысы тасмалдау қызметін атқарады : а) ас қорыту мүшелерінде қорытудан пайда болған көректі заттарды күлді ұлпаларға, клеткаларға тасиды. ә) зат алмасуынан пайда болған пайдалы затарды клеткаларға, ал қажетті зәр шығару мүшелеріне тасиды. б) заттардың тотығуына қажетті заттарды оттегіні өкпеден клеткаларға тасиды, клеткадағы пайда болған көмір қышқыл газын өкпеге алып келеді де, оны сыртқа шығарады. в) химиялық белсенді заттар – гормондарды, ферменттерді, қорғау қызметтерін атқаратын антиденелерді – тасымалдайды. г) мүшелерді бір келкі температурада сақтауда қажетті жылуды тасиды және дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады. ғ) клеткалар мен ұлпалардың қызмет етуіне қажетті тұрақты жағдайларды сақтауға қатысады және оалрды көріктендіреді.

Адам организміндегі қанның айналуы тұйық түтіктің, қан тамырларының боймен қозғалу, қанды жүрекке және күллі мүшелерге тасиды.
Жүрек құрылысы және оның жастық ерекшеліктері. Жүрек кеуде қуысының сол бөлігінде орналасқан бұлшық етті орган. Массасы еркектерде 220-300 г , әйелдерде 180-220 г. Оның көлеммімен массасы жасына бтайланыс ты өзгеріп отырады.

Балалардың жүрегі ересектермен салыстырғанда салыс т ырмалы түриде үлкен. Оның массасы шамада дене массасының 0,63-0,80%-ін құрайды. Ал ересек адамдарда ол көрсеткіш 0,48-0,52%-ке тең. Жүрек бірінші жылы қарқынды өседі. 8 айда екі есаеленеді, үш жаста-үшеселенеді, 5 жаста 4еселенеді, 16 жаста бастапқы массасынан11 есе ауыр болады.

Ер балалар жүрегі бірінші жылы қыз балалар мен салыстырғанда ауыр болады.12-13 жаста қыз балалартдың жүрегі қарқынды өсе бастайды, сөйтіп оның массасы ер балалар жүрегінен ауыр жағдайға көшеді.16 жасқа келгенде қыз балалардың жүрегі ер балалардан жеңіл болып қалады.

Жүрек 4камерадан тұрады екі жүрекше,екі қарынша. Оның екі жартысы оң және теріс жартысы жаппай жақтау арқылы бөлінген. Жүрекше мен қарынша арасыда тесікте клапандар бар. Клапандар бір-бірімен жабысатын створкалардан тұрады. Сондықтан створкалы клапандар деп аталынады. Сол жақ клапандар екі створкадан, оң жақ клапан үш створкадан тұрады.

Жүрек клапандары қанды бір бағытта ғана айдауды қамтамасыз етеді. Сол жақ қарынша мен аорта арасында , оң қарынша мен өкпе артериясының арасында жарты ай сияқты клапанда орналасқан.
Физикалық жұмыстар атқарғанда балалар мен жасөспірімдердің жүрек соғуы жиілейді, артерия қан қысымы артады. Ол балалар жасы жас болған сайын жақсы аңғарылады.

Жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің жүректері шынығып, жүрек мүмкіндіктері артады. Шыныққан жүрек тиімді атқарады, оның шыдамдылығыда артады. Оларда жүректің соғу көлемі артады. Жүрек соғуының жиілеуі кештеу түсетін, онша оңайлықпен көтеріле ьбермейтін болады. Жұмыс істеген кезде жүрек соғуы көтерілуі,басқада қан айналу жүйесінде болған өзгерістер шынықан балаларда шынықпаған балалармен салыстырғанда жұмыстан соң жылдам қалпына келеді.

Статикалық ауырлық (оған адамның отырыс-тұрысыда жатады ) бұл жүрек-қан айналымында басқа реакция жасайды. Отырған кезде 250-ден астам бұлшықеттерге салмақ түседі. Оның ішінде желке, арқаның жазушы бұлшық еттеріне, сондай-ақ жамбас бұлшықеттерінеде ауырлық түседі. Статикалық ауырлық динамикалық ауырлықпен салыстырғанда максимум артерия қысымында, минимум артерия қысымында көтереді.Мысалы, динамометрді жай қысқаның өзінде артерия қан қысымы артып кетеді.Оқу жылының басындағы өзгерістермен аяғындағы жүрек –қан жүйесі көрсеткіштерінің өзгерістерінде айырмашылық болады.Мысалы, 8-9 жасар балалардың қан қысымы жоғарыда аталған ауырлық жыл басында минимумы

5.5% -ке , максимума 10% -ке ғана көтерілсе, жыл соңында олар көрсеткіштерге сәйкес11 және 21% -ке көтеріледі.

Ұзақ уақыт бір қалыпты отырып- тұрып қалу оқушыларда артерион спазмасының тудырып, артерия қан қысымының артып кетуіне әкеп соқтырады. Оқушылардың сабақ кезінде қозғап қою жүрек –қан тамыр ауруарының , атап айтсақ гипертония болмаудың алғы шарты.

Жүректің организмде өте маңызды роль атқаратынын ескеріп, оның қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін , шынықтыратын, оның клапан аппараттарының, бұлшықеттерінің қалыптан ауытқуын болдырмайтын іс – шаралар жүргізу керек. Оқушылардың жас шамасына қарай дене шынықтыру жұмыстарымен айналыстыру-

Олардың жүрек қан- тамыр органдарымен жүректің қалыпты өсуімен дамуын қамтамасыз етеді.

Негізгі әдебиеттер.


  1. Гуминский А.А, Лентьева Н.Н., Тупицына Л.П. Руководство к выполнению лабораторных занятии по возрастной физиологии. – М. : изд МГПИ им. В.И. Ленина, 1989.

  2. Хрипкова А. Г., Антропова М. В., Фарбер Д.А. Возрастная физиология и школьная гигиена. – М . : Просвещение, 1990.

  3. Леонтьева Н.Н, Маринова К.В. Анатомия и физиология детского организма. (внутренние органы). – М. : просищение 1986.

  4. Физиология развитие ребенка / Под ред. В. И. Козлова, Д.А. Фарбер. – М. : Педагогика 1993.

  5. Нормализация учебной нагрузки школьников : Экспериментальное физиолого – гигиеническое исследование / Под ред. М. В. Антроповой, В. И. Козлова (Педагогическая наука – реформе школы). – М. : Педагогика 1988.

  6. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы – Алматы 2003. К. Дүйсенбин, З. Алиакбарова.



Қосымша әдебиеттер

  1. З. М. Алиакбарова. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасының негіздері

  2. Ж. Д. Демеуов, Б. Я. Байназарова, З. М. Алиакбарова, А. М. Бекетаев - Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы –Алматы, “Білім”, 1995.

  3. Ю. А. Ермалаев. Возрастная физиология. М. : Высшая школа, 1985.

  4. Қ. С. Рымжанов, И.М. Төленбек. Адам мен жануарлар физиологиясы. Алматы : 2000.


Лекция N 14

Тақырып: Тыныс алу мүшелері және олардың

қызметінің жас ерекшеліутері.
Жоспар:

  1. Тыныс алу органдарының жасына қарай ерекшеліктері.

  2. Жас балалар тыныс алуын реттеу.

  3. Бөлме ішіндегі ауаның гигеналық маңызы.


Тыныс алу органдарының жасына қарай ерекшеліктері. Жас балалар тыныс алуын реттеу. Жаңа туған балалар тыныс алуды білгенмен, ол ересек балалар мен салыстырғанда нашар болады. Ол туған кезде толығымен қалыптаспағандықтан оны олардың тыныс алу жилігінің, тереңдігі жаңа туған бала тыныс алу ырғағынан аңғаруға болады. Жаңа туған балалармен емізулі балалардың тыныс алу орталығының тітіркенгіштігі төмен болады. Жаңа туған балалардың оттегі жетіспеуі төзімділігі олардан ересектеу балаларға қарағанда жоғарырақ болады.

Тыныс алу орталығы қалыптасуы кейінірек жүреді. Ол 11 жасқа жеткенде қоршаған орта жағдайына қарай айтарлықтай өзгере алатын болады. Тыныс алу орталығының көмірқышқыл газ концентрациясына сезім талдығы жасы артқан сайын жоғарылай түседі. Сондай –ақ жыныстық жетілу кезеңінде жас өспірімдер организмінде тынысты реттеу уақытша нашарлап қалады. Организм оттегі аздығына төзімділігі ересек кісілермен салыстырғанда төмендейді. Организм өсе, дами келе тыныс алу аппаратын реттеу жолға қойылып, оны тиімді пайдалану жүзеге асырылады.Ми қыртыстары дамуына байлансты тыныс алуды еркімен өзгерту қабілеті жетіле түседі.

Ересек адамдардың қара жұмыс істегенде тыныс алуы тереңдеп, жиілеп өкпе ауа алмасуы күшейеді. Жүгіру, жүзу, шаңғы тебу, велосипед айдау өкпе сиымдылығын күрт көтереді. Шыныққан адамдарда газалмасу тыныс алу тереңдігімен қамтамасыз етіледі. Ал балалар болса тыныс алу аппараттарының ерекшелігіне байланысты қара жұмыс істегенде оттегімен қамтамасыз ету үшін тыныс алу тереңдігін жөнді өзгерте алмайтын болғандықтан тыныс алуын жиілетеді. Олар жеңіл тыныс алады да, тыныс алуы одан сайын жиілей түседі.

Жасөспірімдер организмі ересектермен салыстырғанда оттегін жақсы қабылдайды. Бірақ та ондай қарқынды ұзақ сақтап тұра алмайды. Тыныс алуды қолдан реттеу бірқатар тыныс алу жаттығуларын жасауға мүмкіндік береді. Қара жұмыс істегенде де, ақыл-ой жұмысын істегенде де тыныс циклін сақтау пайдалы. Онда тыныс шығару тыныс алудан ұзақ болу керек. Балаларға жүргенде, жүгіргенлде басқа да жұмыс істегенде тыныс алуды үйрету мұғалімдердің жұмысы. Дұрыс тыныс алудың бір кепілі кеуде торының дұрыс дамуы. Ол үшін партада отырғанда денені дұрыс ұстау керек, кеудені қимылға келтіретін бұлшықеттерді шынықтыратын тыныс алу гимнастикасымен айналысу қажет. Әсіресе балалардың жүзуімен, коньки тебумен айналысуы, шанғы тебу сияқты спорт түрлерімен айналысқаны пайдалы.

Әдетте кеуде клеткасы жақсы дамыған балалардың тыныс алуы бір қалыпты және дұрыс болады. Балаларды жүргенде сымбатты тұрғанда дағдылау керек. ОЛ кеуденің кеңінен жағдай жасайды, өкпе қызметін жеңілдеттеді, тыныс алуды тереңдеттеді кеуденің көлемі кіші болады.

Терең тыныс шығарған кезде диафрагма көтеріліп, аяқтан, жамбастан, іштен вена қаны көбірек ағып келеді. Нәтижесінде қан айналымы жақсарады. Сонымен бірге терең тыныс шығарған кезде ж үрек массажы жасалынып, оның қанмен қамтамасыз етілуі жақсарады. Кеудемен тыныс алу түрінеде гимнастика жасалыныды. Денсаулық үшін ең маңыздысы толық тынысалу. Оның неше түрлі комплекстері бар. Ол гимнастикамен тамақтанғаннан кеиін бір сағат өткеннен кеиін күніне 3 мезгіл айналысу керек .



Бөлме ішіндегі ауаның гигеналық маңызы. Бөлме ішіндегі ауанң таза болуы балалар денсаулығы мен жұмыс қабілетінің жақсы болында маңызды орын алады. Бөлме ішіндегі ауа лас болса балалар қабілеті нашарлаумен қатар әр түрлі ауруларға шалдықтырады нашар жетілетін бөлмелерде температура көтеріліп, ауаның физикохимиялық қасиеттеріде нашарлайды. Адам организімі үшін ауадан оң не теріс иондардың мөлшерінен бәрі бір емес. Қалыпты ауада және теріс иондардың мөлшері тең дерлік. Ауыр иондардан жеңіл иондар көптеу болады.

Бөлме ішіндегі ауада теріс иондардың мол болуы адам организіміне жақсы әсер етеді. Аудитория ішінде ауаның ионды құрамы нашарлаумен бірге температура, ылғал мөлшері көтеріліп, көмірқышқыл газ, аммиак , басқа да органикалы қ заттар көбеиеді. Оләрине балалардың ми қыртыстары жұмысын нашарлатады. Сондықтан сабақ өтетін класс, аудиториялардың ашылатын терезелері мен еденінің ауданының ара қатынасы 1:30-ға қатнасындай болғаны жөн.



Бөлме терезе мен есік бідеи ашылып желдетілгені өте жақсы.
Негізгі әдебиеттер.

  1. Гуминский А.А, Лентьева Н.Н., Тупицына Л.П. Руководство к выполнению лабораторных занятии по возрастной физиологии. – М. : изд МГПИ им. В.И. Ленина, 1989.

  2. Хрипкова А. Г., Антропова М. В., Фарбер Д.А. Возрастная физиология и школьная гигиена. – М . : Просвещение, 1990.

  3. Леонтьева Н.Н, Маринова К.В. Анатомия и физиология детского организма. (внутренние органы). – М. : просищение 1986.

  4. Морфофункциональное созревание основных физических систем организма детей школьного возроста / Под ред. М. В. Антроповой и М.М. Кольцовой. – М. : Педагогика 1993.

  5. Физиология развития ребенка / Под ред. В. И. Козлова, Д.А. Фарбер. – М.: Педагогика 1993.

  6. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы – Алматы 2003. К. Дүйсенбин, З. Алиакбарова.
Қосымша әдебиеттер

  1. З. М. Алиакбарова. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасының негіздері

  2. Ж. Д. Демеуов, Б. Я. Байназарова, З. М. Алиакбарова, А. М. Бекетаев - Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы –Алматы, “Білім”, 1995.

  3. Ю. А. Ермалаев. Возрастная физиология. М. : Высшая школа, 1985.

  4. Қ. С. Рымжанов, И.М. Төленбек. Адам мен жануарлар физиологиясы. Алматы : 2000.

Лекция N 15

Тақырып: Мектеп гигиенасы.
Жоспар:


  1. Мектеп гигиенасы.

  2. Мектеп жићаздары мен жабдыќтарына ќойылатын гигиеналыќ талаптар.

  3. Мектептегі оќу-тєрбие ж±мыстарына ќойылатын талаптар.

4. Оќушылардыњ к‰н кестесі мен киіміне ќойылатын гигиеналыќ талаптар.
Мектеп территориясы тұрғын үйлерден, балалардың ден саулығына зиян келтіретін өндіріс, шулы, шаңды, түтіні көп мекемелерден, ірі транспортты жолдарынан, су қоймаларынан, ойын - сауық орындарынан аулақ, әрі жарығы мол, таза жерден орын алады. Мектеп ғимараты ауланың түкпірінде, мектеп жерінің шетінде 15 метр қашықтықта салынады. Мектеп пен оның ауласы ағаш пен қоршалады. Мектеп ғимаратын салғанда, оның оқу бөлмелерінің терезелерін Оңтүстік не Оңтүстік Батысқа ал қосымша бөлмелерін терезелерін терістікке қаратып салады. Мектептің барлық бөлмелерін оқу және қосымша бөлмелерін 2 топқа бөледі. Оқу немесе негізгі бөлмелерге сабақ жүретін кабинеттер сынып бөлмелері, спорт залы, шеберхана залы, физика және химия пәндерінің лабораториялары жатады. Қосымша бөлмелерге әкімшілік және балалардың денсаулығын сақтауға қажетті дәрігер кабинеті мен алғашқы жәрдем көрсету бөлмесі, методикалық бөлме кітапхана, музей және т.б жатады. Олардың ішінде сынып бөлмелері мен оқу кабиенттерінің гигеналық талапқа сай келуін көбірек көңіл бөлінеді. Оқушылардың ден саулығын сақтау үшін және қажетті еңбек жағдайларын тудыру үшін сынып бөлмесінің маңызы зор. Бөлме ауасының температурасы 17 –210 С, ылғалдылығы 40 –60 %, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,15 – 0,25 м/с, әр балаға шамамен 15 м 3 ауа болғаны жөн.

Мектепті жабдықтау. Сыныптағы жабдықтар оқушылардың бойымен жасына сәйкес еркін жұмыс жасауға ыңғайлы болу керек. Олардың сырт көрінісі, түсі көзге ұнамды, бөлмелері тазалауға қолайлы, балалардың денесіне зиян келтірмейтіндей болып, сыныпта дұрыс орналасуы қажет. Жабдықтардың бояуының түсі оқушылардың көңілін жадыратып, жарықта аз сіңіріп, бөлмедегі жарық коэффициентін төмендетпейтіндей болуы тиіс. Сыныптағы жабдықтарға парталар, үстелдер, орындықтар, шкаф – витриналар, сынып тақтасы, техникалық оқу саймандары жатады.

Мектептегі оқу тәрбие жұмыстарының басты міндеті - жастардың ой - өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан – жылға күрделеніп отырады. Оқу жылы ішінде әр бір тоқсан сайын оқушыларға демалыс беріп, тынықтырады.

Оқушылардың күн кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар. Балалардың күн кестесіне тазалық сақтау, ас қабылдау, таза ауада дем алып, ауа жұту, дене шынықтару, ұйықтау, мектепте және үйде сабақ оқу, еңбек ету сияқты оқушының күнделікті өмірі жатады. Сонымен қатар оқушы жеке гигиеналық ережелерін сақтауы тиіс. ерінің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері. Балалар денесінде тері бетінің ересектермен салыстырғанда алкен болады. Бала жас болған сайын олардың 1 кг массасына келетін тері беті үлкен болады. Әрине абсолют тері беті балаларда ересектерден аз болады да, олар есейген сайын ұлғая түседі. Жаңа туғанда балалардың 1 кг массасына 704 см2 тері ауданы келсе, 1 жаста ол –528 см2, 6 жаста –456 см2, 10 жаста –423 см2 , 15 жаста –378 см2 , ал ересек адамдарда 221 см2 тері ауданы келеді.Осы келтірілген мәліметтерден балалардың жылу жоғалтуы ересектерден жоғары болатынын көреміз. Жылудың көп берілуі, көп шығарылуды талап етеді. Жылу алмасу процессі балаларда ұзақ уақыт дамып қалып тасады. Ол ересекше толық қалыптасу 9 жаста ғана жүзеге асады.

Өмір бойы терідегі тер бездерінің саны өзгермейді. Тек олардың көлемі ұлғайып, секрет бөлу қызметі артады. Саны өзгермейтін болғандықтан балалар денесінде тер бездерінің орналасуы тығыз болып келеді. Бірдей тері ауданында балалар тер бездері саны ересектермен салыстырғанда 10 есеге жуық көп болады. Тер бездерінің морфологиялық дамуы 7 жастарында аяқталады.

апта дегенде балалардың тер шыға бастайды. Тер шығатын бездер саны алғашқы екі жылда байқалады. Алқанның тер шығу максимумы 5-7 жаста жетеді, артынан біртіндеп тмендейді.

Жасына қарай май бездерініңде секрет қызметі өзгереді. Ол бездердің активтілігі туардан Алдан қарқынды дамиды. Ол баланың босануына жадай жасайды. Туғаннан кейін оның қызметі бәсеңдейді де тек жыныстық жетілуге байланысты қарқынды қызметке көшеді. Теріге, тырнаққа, шашка қарау. Қалыпты терден организмге химиялық заттар, микроорганизмдер өте алмайды. Денені таза ұстау тері қызметінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Тері майдың тері қабықшықтарының әсерінен кірлейді. Пайда болған түйіршіктер тері тесіктерін жауып қалады. Ол өз кезегінде теріден май және тер бездері секреттерінің дұрыс бөлінуіне кедергі жасайды.

Кір тері бездерінеде іріңдер пайда болады, теріні қышытады, шаш түсіп инфекция кіруіне жол ашады. Кір терінің бактерисидтік қасиеті таза терілердің 17-есеге дейін төмендейді. Осындай бактерисидтік қасиеттер аз қуысы, тыныс жолдарында, асқазан, ішек, трактымен зәр шығару жолдарында да олар шығаратын лизоцимге, басқа заттарға байланысты болады.



Жуылмаған қол арқылы неше түрлі инфекциялар беріледі. Әр түрлі ішек құрттар жұғады. Жылы су мен сабындап жуыну теріні жұмсартып істен шыққан тері эпителии беткі қабаттарынан жақсы тазартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет