ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет27/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

5. Түркі әлемінің бесігі 
Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында 
Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан 
жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы ӛңірде 
біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, 
Ұлы дала тӛсінде жаңа кезең басталды. 
Тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы кӛшпенділер 
империялары сабақтастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл 
мемлекеттер ұзақ уақыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ғасырдағы 
Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени ӛмірінде ӛзінің ӛшпес ізін 
қалдырды. Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұлан-ғайыр далада 


69 
кӛшпелі және отырықшы ӛркениеттің ӛзіндік ӛрнегін қалыптастырып, ӛнер мен 
ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық 
қалалардың гүлденуіне жол ашты. Мәселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы 
әлемдік ӛркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр Әл-Фарабиді 
дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани кӛшбасшыларының бірі Қожа 
Ахмет Ясауи Түркістан қаласында ӛмір сүріп, ілім таратқан. 
6. Ұлы Жібек жолы 
Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының 
кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен ӛркениеттер арасында 
транзиттік "дәліздердің" пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден 
бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы
Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы 
байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне 
айналды. Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық ӛзара тауар айналымы мен 
зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа 
болды. Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен 
Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда 
қатынасының басты дәнекері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, 
Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян ӛркениеттерін байланыстырды. 
Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, 
Түрік империяларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер 
үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық 
ауқымда экономиканы ӛркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет