ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет25/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

Сабақтың мақсаты: Жаһандану аясындағы қазақ мәдениетінің даму 
ерекшелігімен танысу.
Негізгі ұғымдар: жаһандану,ұлы дала, ұлттық мәдение , қазақ мәдениеті, 
қазақ халқының мәдени коды, түркі әлемі. 
Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің кӛптеген дүниелерінің пайда 
болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам 
ӛмірінің ажырамас бӛлшегіне айналған кӛптеген бұйымдар кезінде біздің 
ӛлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай 
техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа 
құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге 
дейін пайдаланып келеді. Кӛне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары 
ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың 
беталысын талай рет түбегейлі ӛзгерткені туралы сыр шертеді. 
 Атқа міну мәдениеті 
Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан 
тарағаны тарихтан белгілі. 
Еліміздің солтүстік ӛңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі "Ботай" 
қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі 
Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету 
арқылы біздің бабаларымыз ӛз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. 
Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз 
революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де 
негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы кӛшпенділер 
империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. 
Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең 
танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты 
қалыптасқан кӛшпенділер әлемі "мәдени кодының" айрықша элементі. 
Автокӛлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен ӛлшенеді. 
Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген 
құрметтің белгісі. Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған 
осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға 
дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз.
Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала ӛркениетінің ерте 
кезеңінен тамыр тартады. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам 
киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін 


67 
бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бӛлді. Осылайша 
кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды. 
Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін 
қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен 
жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл ӛтсе де, киімнің осы 
түрі ӛзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған кӛне шалбарлардың 
қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ. Сонымен қатар бүгінгі етіктердің барлық 
түрі кӛшпенділер атқа мінгенде киген жұмсақ ӛкшелі саптама етіктің 
"мұрагерлері" екені белгілі. Ат үстінде жүрген кӛшпенділер тақымына басқан 
сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап 
тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым 
отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш 
қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді. 
Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. 
Соған байланысты қарудың құрылымы да ӛзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты 
бола түсті. Масағына қауырсын тағылып, металмен ұшталған жебе берен 
сауытты тесіп ӛтетін кӛбебұзарға айналды. 
Қазақстан аумағында ӛмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір 
технологиялық жаңалық – қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі – 
ерекше белгісі. Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды. 
Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет 
біздің бабаларымыз жасаған. Еуразия кӛшпенділерінің айрықша маңызды 
әскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша 
пайда болды. Отты қару пайда болып, жаппай қолданысқа енгенге дейін атты 
әскердің дамуы біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық пен біздің дәуіріміздің І 
ғасыры арасында кӛшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған 
жауынгерлік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жасақтың ерекше түрі – 
айбарлы атты әскердің қалыптасуына ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет