70
ІІ. Тарихи сананы жаңғырту. Кӛтерілген мәселелер жан-жақты ой
елегінен ӛткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің
дүниетанымымыздың, халқымыздың ӛткені мен бүгінінің және болашағының
іргелі негіздеріне тікелей қатысты.
Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар арқылы бастауға болады деп
ойлаймын.
1. Архив – 2025
Тәуелсіздік жылдарында халқымыздың ӛткенін зерттеуге қатысты
ауқымды жұмыстар атқарылды. Еліміздің тарихи жылнамасындағы
ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан "Мәдени мұра"
бағдарламасы табысты іске асырылды. Бірақ, бабаларымыздың ӛмірі мен
олардың ғажап ӛркениеті жӛніндегі кӛптеген деректі құжаттар,
әлі де болса,
ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде ӛз іздеушісі
мен зерттеушісін күтіп жатыр.
Сондықтан ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын
барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер
жүргізу үшін "Архив – 2025" жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет
деп санаймын.
Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар
мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және
шетелдік ірі архивтермен ӛзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып,
іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беру керек.
Қай жағынан
болсын, бұл маңызды жұмыс мемлекет есебінен атқарылатын "академиялық
туризмге" айналмауға тиіс. Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай,
барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін
оларды белсенді түрде цифрлық форматқа кӛшіру қажет. Ӛз тарихына деген
мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан
басталуға тиіс. Сондықтан мектептер мен барлық ӛңірлердегі ӛлкетану
музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды. Ұлт
тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойында ӛз бастауларына
деген ортақтық сезімін қалыптастырады.
2. Ұлы даланың ұлы есімдері
Кӛпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру
сипатына ие болатыны белгілі. Кӛптеген халықтар ӛз
елінің ерекше елшісі
сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады.
Мысалы, ӛткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір
Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүние
жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде "ӛз мемлекеттерінің" баға жетпес символдық
капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне
септігін тигізіп отыр.Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс,
Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да кӛптеген ұлы
тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді. Сондықтан біз біріншіден,
атақты тарихи
тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында
ескерткіш-мүсіндер қойылатын "Ұлы даланың ұлы есімдері" атты оқу-ағарту
71
энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек. Екіншіден, мақсатты мемлекеттік
тапсырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр
саласындағы және бейнелеу ӛнеріндегі ұлы ойшылдар,
ақындар және ел
билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет.
Сондай-ақ бұл жерде классикалық қалыптан тыс, баламалы жастар
ӛнерінің креативті әлеуетін де пайдаланудың мәні зор. Осыған орай, бұл іске
тек отандық қана емес, сонымен бірге, шетелдік шеберлер мен шығармашылық
ұжымдарды да тартқан жӛн. Үшіншіден, еліміздің тарихи кезеңдерін кеңінен
қамти отырып, "Ұлы Дала тұлғалары" атты ғылыми-кӛпшілік серияларды
шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру және жандандыру қажет. Бұл
бағытта қазақстандық ғалымдармен қатар шетелдік мамандар да тартылатын
халықаралық кӛпбейінді ұжым құруға болады.
Нәтижесінде, біздің
қаһармандарымыздың ӛмірі мен қызметі жӛнінде тек еліміздегілер ғана емес,
сондай-ақ шет елдегілер де білетін болады.
3. Түркі әлемінің генезисі
Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті "Қара шаңырағы". Бүгінгі
қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар
мен халықтар басқа елдер мен ӛңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес
қосты. Осыған байланысты, "Түркі ӛркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға
дейін" атты жобаны қолға алу қажет. Бұл жоба аясында 2019 жылы Астанада
Түркологтардың дүниежүзілік конгресін және әртүрлі елдер музейлерінің
экспозицияларына ежелгі түркі жәдігерлері қойылатын Түркі
халықтарының
мәдени күндерін ұйымдастыру керек. Сондай-ақ, Википедияның үлгісінде
Қазақстанның модераторлығымен Түркі халықтарына ортақ туындылардың
бірыңғай онлайн кітапханасын ашу да маңызды. Түркістандағы тарихи-мәдени
этнографиялық орталық. Сонымен қатар жаңа облыс орталығы ретінде
Түркістанды дамыту барысында оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі
түрде арттыру қажет. Қазақстанның ежелгі астанасы халқымыздың рухани
орталығы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып
саналады.
4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі
"Ұлы дала" атты ежелгі ӛнер және технологиялар музейін ашуға толық
мүмкіндігіміз бар. Оған озық ӛнер мен технология үлгілерін – аң стилінде
жасалған бұйымдарды, "Алтын адамның" жарақтарын, жылқыны қолға үйрету,
металлургияны дамыту, қару-жарақ, сауыт-сайман дайындау үдерісін
кӛрсететін заттарды және басқа да жәдігерлерді жинақтауға болады. Онда
Қазақстан жерінен табылған құнды археологиялық ескерткіштер мен
археологиялық кешендердің экспозициялары қойылады. Бұл заттар тарихи
дәуірлердің қандай да бір кезеңіндегі әртүрлі шаруашылық салаларының даму
үдерісін кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: