Параллелизм (грекше – parallelos – қатар жүруші), көркем тілдердің негізгі бір түрі. Бұл психологиялық және синтаксистік параллелизм болып екіге бөлінеді. Параллелизмде екі нәрсе қатар алынғанда араларында бір ұқсастықтары болады, бірақ оларды бір-біріне теңемейді де, баламайды да немесе шендестіру тәрізді арасы алшақ жатқан екі нәрсені қарамақарсы қойып, үшінші бір нәрсені көзге елестетуді де, мақсат етпейді. Өз сезіміне, өзінің айтайын деген ойына табиғат құбылысын не жанжануардың қалпын параллель ету әдісі арқылы айтайын дегенін басқаларға жеткізбек болады
Түбірлер» деген өлеңімнің тууы да қызық. Бұл бас-аяғы он бес жолға жетер – жетпес өлең. Мұның жазылуына да бір уақиға себеп болды. Мен көп жылдан соң, үй ішіммен бір кезде қан төккен Волхов орманына бардым. Назия өзенінің мөлдір суына бетімді жуып, жар жағасында ойма шомып көп тұрдым. Өткен күндер есіме түсіп, көз алдым тұманданып кетті. Айнала баяғы батпақ, сол батпақтың ішінде түнедік. Сол батпақты жау оғына қалқан ғып тосып, қорған еттік. Енді сол батпақтан соғыс кезіндегі соқпағымды іздеп, ерсілі-қарсылы біраз жүрдім. Әр жерде бір кесіліп қалған түбірлер кездеседі. Маған олар қол-аяқтан айрылып, мүгедек болып қалған солдаттар секілді елестеді. Осыдан барып «Түбірлер» деген өлең кеудемде күбірледі».
Көрінеді
Орманнан
Түбірлер.
Айрылған
Аяқ-қолдардан
Түбірлер.
Мүгедек солдат секілді
Түбірлер.
Оқ жұлғандай етімді,
Жүрегім тулап дүбірлер,
Кезеріп ернім күбірлер.
«Соғыс не?!
Менен біліңдер» –
Деп тұрғандай түбірлер.
Соғыстың шынайы келбетін, зардабын, екі-ауыз сөзбен осыншалықты қысқа да нұсқа жеткізе алудың өзі публицистен жоғары шеберлікті талап етеді. Сырбай Мәуленовтің өлеңдері өмірдің өзінен туған өлеңдер еді. Ал өмірдің өзінен туған өлеңдер барлық болмыс шындығымен ұзақ уақыт жасайтын сияқты. Ақынынң өмір өткелдерін көп кешіп, оның құбылыстарын көп зерттеп, біраз жайларды басынан кешіргені айқын білінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |