Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


М. Мағауиннің «Қара қыз», «Тазының өлімі» повестеріндегі көркемдік ерекшеліктері мен идеясы



бет60/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   78
аширов ответ

М. Мағауиннің «Қара қыз», «Тазының өлімі» повестеріндегі көркемдік ерекшеліктері мен идеясы

Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» повесінде негізінен кәдуілгі ауыл өмірі суреттелген. Автор сол ауылдағы өсу мен өшуді, озық дәстүр мен тозық салтты, адамдар санасындағы моральдық өзгерістерді көрсетуді көздеген. Шағын ауылдағы сыры кетсе де, сыны кетпеген халықтық қадір- қасиеттерді бүгінгі тұрпатымен байланыстыра сөз еткен.


Бас кейіпкер Қазы – аңшылықты ғана емес, өзінің туған жерін, адам бойындағы игі қасиеттердің баршасын сүйетін қарапайым жан. Бұл шығармада күнәсіз хайуанат арқылы адам қауымының ортасындағы күрделі шындықты ашуға деген талпыныс бар. Осынау көркемдік әрекет жолындағы жазушының таңдап алған тәсілі де ұтымды. Бас кейіпкері тазы болғанымен, шығармадағы айтылатын негізгі мәселе – адам тағдыры, ұлттық құндылығымыз салт-дәстүрге деген кейінгі көзқарас.

Мұхтардың кейіпкерлерінің портреттік, психологиялық мінездемесінен бастап, иесін жоқтап қаңғып кеткен Тазысына дейін ешкімге ұқсамайды. Автор бәрін өзінше берген. Тіпті өзі көтеріп отырған моральдық проблеманың сөз болуы да басқаша. Мұхтар ит туралы жазу үшін өмірден өзі білетіндеріне қоса басқа жазылған дүниелерді де қайта шолып өткен сияқты. ыіздіңше, сол шолып өткенінде әдебиетте бұрыннан таныс жайларды қайталамау үшін қарағандай. Мәселен, Ю.Казаковтың атақты «Артур, құмай тазысында» белгілі нәрселердің бұл повестен болмашы ұшқынын да габа алмаймыз. Екі жазушы, екеуінде де формальдық объектіде - ит. Сөйтсе де мәселенің қойылуынан шешіміне дейін бөлек. Тіпті сәл ұқсағанның өзінде жазғыра жөнелуге болмас еді. Өйткені өмірде адамға тән іс-әрекеттердің формасы әр түрлі болғанымен негізгі мазмұны ұқсап жатпай ма? Туады, еңбектейді, былдырлап сейлей бастайды, т.б


Бұл повестің айта кетерлік бір ерекшелігі - ондағы оқиға тазы иттің атынан суреттеледі. Бұл шығарманың психологизмін күшейтіп тұр. Адамзаттың тіршілігіне иттің «көзімен» баға беріледі. Повесть Қазының моласын суретеуден басталады. Өйткені тазы ит иесі Қазы бейітінің басына жиі келіп кетеді. Онымен үнсіз «сырласады, оған мұңын шағады». Осы моланың басында отырып, өзінің өткен өмірін көз алдынан өткізеді. Повесте әрі қарай еске алу түрінде тазының күшік күнінен бергі өмірі суреттеледі.


Автор тазының өмірін суреттеуде контрасты көріністерді пайдаланған. Яғни
Лашынның иесі Қазының тірі кезіндегі салтанатты өмірі мен иесі өлгеннен кейінгі сүреңсіз сәттері контрасты берілген. Бұрын баптауға үйренген тазы Қазы өлімінен соң барлық жағдайынан айырылады. Кәмила мен Есенжолдың пасык іс-әрекеттері тазы иттің бойында жиіркенішті сезім ұялатады.

Аталмыш повесте ұлттық идея тазы ит Лашынға қатысты көрінеді. Автордың иттің ішінен Тазыны таңдап алуында да үлкен мән бар секілді. Өйткені тазы қазақ ұғымында киелі деп есептеледі және оны баптауға қазақ үлкен мән берген. Жүйрік ат, алғыр тазы, қыран құстың қазақтың тұрмыс- тіршілігінде, рухани өмірінде еркше орны болды


Повестің соңындағы автордың көркемдік шешімі де әсерлі шыққан. Өмірден де, бәрінен де күдерін үзген тазы тағы да иесі Қазының басына келеді. Сол келгенде абайсызда қақпанға түсіп қасқырлардың талауына түседі: «Тазы өлімге мойын ұсынып, беріле алмай, тіршілік үшін күреске түсіп, арпалысып кетті. Жалғыз итті оңай олжа көріп келген бөрілердің алғашқы шабуылы нәтижесіз аяқталды… Күтпеген қарсылыққа ұшырасқан қасқырлар қас қағымдай уақыт аңтарылып қалды да, шешімтал, дүлей


қимылмет қайта ұмтылды. Тазы біреу, қасқыр төртеу. Тазы байлаулы, қасқырлар бос,

Осы үзіндідегі тазының күйі мен қазақ халқының арасында мағыналық параллелизм, ассоциация бар. Барлық жағынан тәуелді мемлекеттің ұлттық дамуындағы қайшылықтар мен бұрмалаушылықтардың негізінде пайда болған кесек проблемаларды автор астарлы ой арқылы жеткізген. Осы ойды М.Мағауин «Мен» атты ғұмырнамалық хамсасында да атап өтеді. Шын мәнінде қазақтың ұлітық болмысына төнген қауіпті аңдата алған. Автор осылайша астарлы түрде жеткізуге сол қоғамда мәжбүр болғаны қазір


ешкімге де жадырын емес.
Бүгінгі прозада авторлық идея және көркемдік шешім деген мәселеге қатты назар аударылады. Олар шама-шарқынша ізденіп, әйтеуір беймәлім шешімді дүние жасауға ұмтылады.
М.Мағауиннің Тазысы, Ә.Кекілбаевтың Бәйгеторысы, О.Бөкеевтің Бурасы, С.Санбаевтың Аруанасы зоологиялық тақырыптағы әдеттегі образдар ғой деп қарау сол шығармалардың мөлдір рухын. Түсінбегендік болар еді. Олар көркемдік шарттылыққа негізделген терен ойлы, реалистік-символикалық образдар арқылы өмір, қоғам, ұлт туралы толғаныс-ойларын батыл айта білген. Бұл образдардың жасалу дәрежесі жас жазушылардың интеллектуалдық ізденіс ой-өрісін, философиялық дүниетанымын да
танытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет