Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


М. Мағауиннің "Қасқыр -Бөрі" әңгімесінің композициясы мен жаңашылдық сипаты



бет62/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   78
аширов ответ

М. Мағауиннің "Қасқыр -Бөрі" әңгімесінің композициясы мен жаңашылдық сипаты

Қазіргі қазақ прозасында ойды символикамен жеткізу әдісін батыл игерген жазушының бірі – Мұхтар Мағауин. М.Мағауиннің айтар ойын көркемдік тәсілдермен дәл өрнектей отырып бере білген әңгімелерінің бірі «Қасқыр-бөрі» қазіргі қазақ прозасына құрылымдық, түрлік өзгешелік әкелген ерекше туынды болып табылады. Жазушы мұнда ырсиған, арық, қу сүйек қасқырдың жалаңаш денесі мен иленген теріні бір-біріне қарама-қарсы ала отырып, әңгіменің қуаттылығын көрсете білген. Әңгімеде автор белгілі мақсатты көздеп, «қасқыр», «бөрі», «қазақтың қасқыры» сынды сөздерді қайталап отырған. Ол шығарманың көркемдігін арттырып, жазушының өзіндік дара стилін көрсетеді. Бұрыннан бар тәсілді қазіргі заманғы жаңа болмысты прозада қолданып, өзгеше жаңғыру мен түрленуге барғанын байыптаймыз Алып отырған символикасы – Қасқыр – Бөрі. «Қасқыр – Бөрі» әңгімесі өзінің құрылымдық жағымен ерекшеленеді. Автор шағын ғана әңгімесінің өзін төрт бөлімге бөліп берген.Еліміз тәуелсіздік алғасын, өткенімізге көз жіберу мақсатында бұрын айтуға тыйым салынған, «жабық» тақырыптардың бірі − Желтоқсан көтерілісі.
Прозалық туындыларда жаңаша мән иеленіп отырған фольклорлық образдар жүйесі – қасқыр-тотемі, ағаш-дүние тірегі, су-өлім, т.б. қазіргі тәуелсіздік тұсындағы өмір шындығын танытудың тәсілі ретінде тексерілді.
«Тәуелсіздік жылдары» деп аталатын кезеңнен басталған жаңашыл пайымдаулар ру- хани түлеудің жаңа бір кезеңі болды да, қазақ әдебиетіне көркем ойлаудағы жаңа ұстанымдарды алып келді.
«Қазақтың қасқыры – қасқыр емес, шене, құрт кезінде, яғни бағзы заманда әлемдегі ең айбарлы аң болған» деп басталатын шағын әңгімеде бабамыздың байрағына түсіп, жүрек пен рухтың, қайтпас ерліктің ұранына айналған боз құрт, шене туралы автор өзінің танымын асқан шеберлікпен жеткізген.
Түркілер өздерінің ата-тегі қасқыр деп санаған. Осы қайратты да ерікті, айлакер де ақылды түз тағысы жаулардың шабуылынан қырғынға ұшыраған тайпаның ең соңғы ұрпағы, кішкентай сәбиді желеп-жебеуші, асыраушы, құтқарушы болып танылған. Бағзы заманда түркі тайпалары қасқырды «Көк құрт» деп атаған. Мұндағы «көк» сөзі «аспан» және «көк түс» деген мағына береді. Ал «құрт» сөзі «құтқару», «аластау» мағынасында. Осы деректерге сүйенсек «Көк құрт» сөзінің толық мағынасы бүкіл бір тайпаны мүлдем құртып кетуден аман сақтап қалу үшін құдай жіберген «аспаннан (көктен) келген құтқарушы». Бөрінің орнына қасқыр келді, бірақ шын мәнісінде екеуі бір-ақ аң: бөрі деген – қасқыр, қасқыр деген –бөрі. Сырттай қарағанда, атау ғана ауысқан тәрізді болып көрінеді. Ал, шын мәнісінде... бәрі өзгерді. Кейінгі қасқыр – бұрынғы бөрідей бола алмады. Ырыс, ұран, батыр болған Бөрі енді қасқыр болып сорға айналды, ұранға ене алмады, оның ерлігінің өзі қарақшылыққа саналды. Барлық асқақ сыпат, жақсы қасиет – бөрінің бойында қалды. Абыройсыз істің бәрі қасқырға телінді. Баяғы құрт пен шенеден, кешегі бөріден қалған бақ, көшкен рух қасқырға қонбапты. Қасқыр – даланың төрт аяқты жыртқыш, қорқау, жебір, рахымсыз аңы ғана емес, жұттың бір ағайыны – жау екен. Бұрын батырды бөріге теңесе, енді қадыр-қасиеттен ада зұлым адамды қасқырға теңейтін болыпты. Қасқыр қанша азса да, оның бөрі атауының ескірмеу себебі неде, қасқырға қашан, қалай айналғаны туралы ой толғайды. Қой қораға кіріп кеткен әлі құрыған аш қасқырды шоқпар емес, сойыл емес, жеңіл ашамен бір соғып алады. Қор болып өлген аш қасқырдың терісін бітеудей сыпырып алады. Бір қасқыр екеу болып шығады: терісі және өзі. Ырсиған қасқырдың жалаңаш денесі қандай аянышты болса, жаны жоқ , тіпті ішкі мүрдесі де жоқ иленген тері анағұрлым айбарлы шыққан. Автордың айтпағы кешегі арық, жалаңаш дене жаңа бір күш-қуатқа еніп, өзінің мына, әуелгі қалпына түскен тонын қайтадан кисе не болар еді ? Нағыз дауыл бөрі болар еді деп түйіндейді. Байыптап қарасаңыз, сыпырылған – тері емес, Рух! Кешегі қызыл бөрі, көк бөрінің бүгінгі ұрпағы өзінің әуелгі қалыбын табуы үшін, тек жүрек қана басқаша соғуы керек! – деп ұран тастайды автор. Шағын ғана әңгіменің үшінші бөлімін «ҚАСҚЫР» деп алып, қайтадан шегініс арқылы «...Әлі құрыған, аш қасқыр екен...» деп, аш қасқыр туралы үзінділерді қайталаумен бере келіп, тек қана соңын, «...бүкіл ұрпағымның тағдырын тәлкекке бере алмаймын. Қасқырда келешек жоқ. Демек, «БӨРІ» – деп басынан бастап, үшінші мәрте бөрі туралы мәтін қайталап беріледі. Тек соңын «Ал, әңгіменің роман-эпопеяға айналған, менің немерем Бату биікке көтерген жаңа нұсқасын елу жылдан кейін оқисыз. Тек ...сол ерекше шығарманың аты да «ҚАСҚЫР» болып шықпағай... Қауыпсіздік шарасы ретінде «БӨРІ» атауын біржола бекітеміз. Әңгімеміздің аты – БӨРІ» деп аяқтайды.
Авторлық таным сеніммен аяқталады. Өйткені... Арғы атам – Ер Түрік. Біз Қазақ еліміз!. Бөрі әулетіміз.
Мұхтар Мағауиннің «Қасқыр – Бөрі» әңгімесі, қазіргі қазақ әңгімесінің құрылымдық, түрлік өзгешелік әкелген соны туынды болып табылады. Бұл әңгімені – аманат  әңгіме деп пайымдауға толық негіз бар.
Кейіпкерлері:
Жүніс – қойшы
Атасы – ферма бастығы, әжесі.
Мадияр, шығарма баланың атынан баяндалады.
Шығарма қасқырды сипаттаумен басталады, кейін қасқырдың орнына бөрі келеді. Осы жерден әңгіменің ішінен әңгіме басталады, Мадиярдың дүниеге келуі, қыстауға көшуі. Қыстауға қасқырлардың шабуылдауы. Аш қасқырдың қолға түсіп, терісін қабырғаға ілуі. Осы теріні сипалай отырып, қасқырдың кезінде айбынды болғаны туралы ой жүгіртеді. Шығарма төрт бөлімнен тұрады: «Қасқыр», «Бөрі», «Қасқыр», «Бөрі». Бір қызығы шығарма бөлімдері қайталана береді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет