Қ.Мырзалиевтың махаббат лирикасы
Оның «Бұлбұл», «Домбыра» атты екі кітабында достық пен махаббат ерекше пафос, өзгеше темперамент арқылы жырланады. Енді Қадырдың махабббат лирикасы қалай, соған келейік. Қадырдың махаббат лирикасы басқаша махаббат. Ол өзінше жырлайды. Қадыр сөзі – қадірлі сөз. Әсем сөз.
Махаббат лирикаларын Қадыр «Бұлбұл бағы, Ой арманы, Домбыра» деп аталатын жыр-жинақтарына енгізіпті. Жас жігіт ару қызды ұнатып, аңсайды, соңында қосылып, көңілін орнына түсіреді. Махаббатында қарама-қарсылықтар болып, өзара түсінісуі, бірі-бірін қадірлеу сезімдері айшықты жағдайда ашыла түседі.Қосылған соң да, мінез алшақтықтары аз болады. Ақыры екі жас үйренісіп, үй болады. Ақын осының бәрін суреттеп береді. Қысқасы, мұнда да Қадыр Қадырлығын істеп, жалпы өмір ағысынан жаңылыспайды. Көп қырлы соқпақтарды сызып, содан жастарды дұрыс жол тауып өткізеді. Ақынды және оның лирикалық қаhарманын дұрыс түсіну үшін, келіңіз ақын поэзиясына ізбе-із тоқталайық:
МАХАББАТҚА МЫҢ ӨРТЕНІП, МЫҢ КҮЙІП
О, бозбала алынбаған мұрты әлі?
Оны көрсең, жығыласың бір талып.
Батырларды матап-байлап тастауға,
Жетіп жатыр қара шаштың бір талы.
Ғашық болсаң, әрі суып, әрі ысып,
Жаттым дей бер ертелі-кеш дәрі ішіп,
Қыпша белге жетпейді ғой жетсе бір,
Құмар құшақ қалар еді қарысып.
...Анар емес – кеудедегі екі анар
Бекежандар бұғып жатқан Қособа!
Қайран сұлу, Күн келбетті, Ай мүсін!
Бір адамның, мың адамның бақыты ол,
Мың адамның, мың адамның қайғысы!
Өлең махаббат мұңын шертеді. Қаhарман махаббаттың талай қайғы-шерін татқан. Содан осындай жыр туып отқандай... Әсіресе соңғы қайталаулар, бәрі-бәрі жұртты махаббатқа тамсандырып, шынайылықтан хабар беріп, сезім жүйелерін дірілдетпей ме?
От басы дейміз жорта,
Біле тұра,
Махаббат деген оның дұрыс атын.
Махаббат дейміз жорта
Біле тұра.
Қызғаныш деген оның дұрыс атын.
Сөз жоқ, дұрыс пікір! Сөз шебері ойын айта біледі. Жас махаббатты үлкен романтикамен жырлайды. Көбіне теңеулермен көмкеріп, ойын нақтылайды. Сурет қой сурет! Сөзбен салған бейне – образ!
Достарыңызбен бөлісу: |