О. Бөкеев прозасындағы символизм
Символ терминінің түп-төркіні нысана, бейне, белгі деген мағынаны білдіретін гректің симболой сөзінде жатыр. Образ тура өз мағынасында емес, бейнелеу мағынасында айтылса, символдық образ немесе символ деп аталады
Символ – бір нәрсені, не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге не құбылысқа құпия теліп жасыра жарастырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Мұның өзі ой мен образға әрқашан астыртын, бұлдыр мағына береді деу де қате: ең бастысы – символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар, байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл сипат бітіреді. Астарлы шығарма-ның идеясы жалаң, жалаңаш көрінбейді, автордың ой толғаныстары арқылы көңіл ұйытып, көкірекке терең ұялайды" З. Қабдолов
Апамның астауы - адамның өткінші өмірі.Ол неге жарық? Бұл автордың көңіліндегі жарық екені мәлім. Апамнан не қалды деп ойлайды. Жарық астау қалды. Ия, автордың көңілі де осы жарық астау секілді құлазып қалған секілді.
Қасқыр ұлыған түнде
Бұл шығармада адалдықты, пәктікті таптап,жұлмалаған аш қасқыр бейнесінде кездеседі.Қасқыр – ертегілерде жауыз, қатыгез сұм жануардың рөлінде кездесіп жатады. Автордың қасқырды символдық бейне етіп алуында белгілі бір мән бар. Өйткені бұл шығармадағы қатыгез тағдырдың айнымас белгісін танытып тұрған -осы қасқыр.
Біздің жақта қыс ұзақ
Кеш – әркез қазақ жазушылары мен ақындарының туындыларында махаббаттың, сүйіспеншілік пен романтикалық көріністің уақыты болып есептеледі. Ал екіншіден, халықтық жадында сақталып қалған мифтик аңыздарда кеш - қауіптің символы іспеттес
Кербұғы Оралхан Бөкейдің хайуанат туралы жазылған «Бура», «Кербұғы» атты қос әңгімесінің негізгі тақырыбы жалғыздық. «Кербұғы» әңгімесінде аң дүниесі адам дүниесінің жер мен көктей астасып, тұтасып кетеді. «Кербұғы» - өлімнің ақиық шыңына мойынұсыну, өмірді қимастықпен қиянатқа қимау, өмірді сүю, өмірді мойындауға барып тірелетін қорқытшылдық идеясының мәңгілігі. Оралхан аң бейнесін шебер суреттеген жазушы. Кербұғы - дүниедегі ең асыл қазына аң баласы үшін бостандық, еркіндік болса, автор сол бостандықтың да шектеулі, әншейін ашкөздіктің құрбандығына шалына беруіне үкім етілген жалғыздығына шағынады. Маралдың мүйізін отап қан қылып кесіп алатын адамның қылығы астарлы терең символ ретінде суреттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |