Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Т. Молдағалиев поэзиясының көркемдік ерекшелігі



бет57/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78
аширов ответ

Т. Молдағалиев поэзиясының көркемдік ерекшелігі

Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығы – көркемдік қуатқа бай, сезімталдық пен рух қатар өрілетін туындылар. Ақын поэзиясында сапалы жырлар мол. Ол жас шағынан бастап, философиялық ойға толы сезім лирикасына көңіл аударған. Тұманбай Молдағалиев кішкене ғана детальдан философиялық ой туғыза білген. Жастық дәуірінде қай ақынның болса да, жүрегі махаббатқа аласұратыны анық. Ақын махаббатты жырлаудан шаршамаса керек. Сол үшін Тұманбай ақынның да махаббат лирикасында өз қолтаңбасы, өз бояуы бар. Ол махаббат тақырыбын жеріне жеткізіп жырлайды, алдымен өз басынан өтіп отырған махаббат сырлары арқылы шындық өмірден қашық емес, романтикалық суреттер сызады. Оның жырларында ғашық ақынның жүрек лүпілі, үлбіреген аппақ көңілі, мейірім шуағы бар. Өміршең өлеңдерінде махаббат өзінің бейкүнәлілігімен, лапылдаған жалынымен, ауадай мөлдірлігімен, мөлтілдеген мұңымен, шынайы сырымен көрінеді. Кей-кей өлеңдер, шумақтар, жолдар бірін-бірі қайталағандай болып көрінуі мүмкін. Шын мәнінде ақын өзі тапқан бояуларды, ой-сезім ұшқындарын, айшықты теңеулерін жаңа қырынан түрлендіре түседі.
Елді, жерді, адамды сүйе білу – ұлы бақыт. Тұманбай ақын өлеңдері осы шынайы сүйіспеншіліктен туындап жатады. Алғашқы жинақтарының бірі «Алатау қызында» ақын:
«Қайда жүрсем ойлап сені жүремін,
Сүйікті елім, момын елім, ұлы елім.
Саған ғана арқамды мен сүйедім,
Саған ғана аяғымды тіредім», - деген еді. Тұманбай ақынның ерекшелігі – ауыл, туған жерге, жеке адамдарға арналған өлеңдерінің алтын арқауын сағыныш сазы ұстап тұрады. Ол сағыныш сазы өмірді, адамдарды сүюден туындайтындықтан көңіл-күйіңді баурап алғыш-ақ.
Сыршыл лирикалары. Ол қазақ поэзиясына жаңа лепті, адам сезімін, махаббатты өзіндік бір нақышпен , нәзіктікпен, шынайы тебіреніспен беруді алып келді. Өмірдегі қандай құбылысты алса да, ақын адамның өміріне, тіршілігіне, асыл мұратына бағындырады, заманымыздың алдыңғы қатарлы идеялы тұрғысынан бағалайды. Ол әдемілікті, жарасымдықты жырлайды. Адам жанының сұлулығын іздейді. Табиғат құбылыстарынан да осыны іздеп, соған құмартады. Жыл мезгілдерін жырлай отырып, адамның көңіл-күйін айтады.
Арман көп-ау жетпей жүрген жетем деп,
Туған елге қайтсем қарыз өтелмек.
Үйден шығам, үйдей жүкті мойнымнан
Бүгін тағы түсіріп қайтсам екен деп,- дейді оның лирикалық кейіпкері. Ақынның лирикалық кейіпкерлерінің парасатты ойы бар, сезімі таза, гуманистік сипаты айқын, арманшыл, қиялшыл, ізденгіш жандар. Оның өлеңдерінде адамда болуға тиісті табиғи сезімдер, үміт, арман, күйіну, өкініш барлығы да еш жалғаны жоқ, таза, табиғи күйінде беріледі.
Оның «Өмір маған» атты туындысы тұтас теңеуге негізделген. Теңеу жасау басқа бейнелі сөздерге қарағанда оңай сияқты. Бірақ теңеуді қалыптастыру үшін метафора сияқты салыстыру мен ұқсатудың бір бөлшегі (компоненті) теңестіріліп қана қоймайды, теңеудегі сәйкестік тұтастай болуы шарт. Бұл өлеңде ақын өмірді шыңы биік тауға да, жауға да, гүлге толы белге де, шөліркеп жатқан шөлге, жылытатын отқа да, жоққа да, керуен көшке де, адал жарға да, сұлу қызға да, апасына да, сезімге де, тіпті өзіне де теңейді. Өлең қайталаулардан құралса да, әр тармақтың, әр шумақтың айтар сыры бар.
Өмір маған кейде тау сияқты,
Шыңына шыққым келеді.
Өмір маған кейде бір жау сияқты,
Аяққа жыққым келеді.
Өмір маған кейде бір бел сияқты,
Гүлдерін тергім келеді.
Өмір маған кейде бір шөл сияқты,
Сусын бергім келедi...
...Өмір маған кейде «апа», сіз сияқты,
Қуаныш үйгім келеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет