Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Ж. Молдағалиев өлеңдеріндегі ұлттық тақырыптың жырлану ерекшеліктері



бет74/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
аширов ответ

Ж. Молдағалиев өлеңдеріндегі ұлттық тақырыптың жырлану ерекшеліктері

Шығарманың тарихилығын немесе тарихи еместігін айқындау біздіңше мынандай талаптарға жауап беру белгісімен қанағаттануы тиіс: 1. «Халық тағдырында маңызды рөл атқарған тарихи ірі құбылыстарды» арқау етуі; 2. Бас кейіпкерлердің нақты тарихи тұлға болуы. «Мен – қазақпын» поэмасында осы екі талапқа да жауап берерлік дәлелдер бар. Біріншіден қазақ халқы басынан өткерген бүкіл ірі тарихи оқиғалар шығармада жүйелі баяндалады, екіншіден «Мен – қазақпын» деп халық атынан сөйлеп отырған лирикалық қаһарман – ақынның өзі және тарихта болған Абай, Шоқан, Махамбет, Жамбыл, Әлия, Мәншүк, т.б нақты ұлы тұлғалардың реалистікпен бейнеленуі поэманы тарихи шығарма ретінде тануымызға негіз болады. Поэма он тараудан тұрады. Әр тарау ұлтымыздың сол кезге шейін поэзияда жырланбаған, тарихымыздың сол кездері мүлдем айтуға тыйым салынған оқиғаларын поэтикалық үлгіде сөз етуге құрылған. Ақын қазақ халқының тарихынан ең айшықты оқиғаларды екшеп алып, көлемді эпикалық шығарманың дамуына негіз ете отырып, композициялық құрылымын ширақ та жұмыр күйінде сақтаған. Сондықтан да шығармада оқыс оқиға, артық деталь кездеспейді. Тарихи-философиялық идея лирикалық кейіпкер – ақынның жүрегінде сүзіліп, санасынан синтезделіп қорытындылап шығады. «Поэма лирикалық-публицистикалық болған соң, онда халықтың интеллектуалдық характері» тек қана бірінші жақтан баяндалады. Сондықтан бұл поэманың басты элементі образды бейнеге құрылған ақиқат ой. Бүтін болмыс авторлық ой арқылы ғана танылады.. Поэмада қарапайым өмірдегі тіршілік мәселесі сөз болмайды, онда макро кеңістіктегі макро оқиғалар ғана сюжетке арқау болған. Поэмадағы көркем кеңістікте де шектеу жоқ, оқиға дәл мына жерде өтіп жатыр деп кесіп айта алмайсыз. Вертикальді және горизантальді әлем тұтастай қамтылған. Яғни тек жердегі оқиғалар ғана емес, ғарыштағы оқиғалар да шығарма сюжетіне арқау болған. Шығармадағы көркем уақытқа да кесімді мөлшер бере алмайсыз. Өлең Жұбанның жыр жолдарында көп кездесетін диалог арқылы басталады. Біздің ойымызша ақын тілдесетін жауынгер қазақ тек деталь ғана, негізгі ойды автор өзіндік «мен» арқылы сабақтаған. Майданның алғы шебінде, Жолықтым бір жігітке, Көз шалғаннан таныдым, Бір сыр барын жігітте. Білдім қазақ екенін, Тідесу болып құмарым, – Қай ұлтсың? – деп жігіттен, Орысша жорта сұрадым. Оқтай отты көзімен Қадалып маған қарады – Қазақ, – деді тек қана, Сол болды берген жауабы. Осылайша ақын жауынгер қазақты сөйлете отырып, өз ұлтының мінез-құлқын, таным түсінігін, ерлік дәстүрін баян етеді. 125 жолдан (кейінгі басылымда 85 жол) тұратын шығармасында ақын ұлттық ерекшеліктің дара сипаттарын ғана көрсетуге күш салады. Қазақтың ісі тарихта Алтынменен жазылған Әр бір сөзі антпен тең, Ешқашан екі айтпаған. Халқының ерлік дәстүрін Ең жоғары сақтаған – деген шумақтардан осыдан жиырма жыл кейін дүниеге келген «Мен –қазақпын» поэмасының идеялық желісін танимыз. . Өлең: Мен де бірі қазақтың Болғаныма мақтандым, – деп аяқталады. «Халқым», «Қазағым» деп емірене елжіреудің өзі қылмыс болып саналған социализм тұсында, «қазақ болғаныма мақтанамын» деу ерлік еді. Сондықтан да «Қазақ» өлеңі Жұбанның туған халқына деген сүйіспеншілігінен туған алғашқы шығарма деп сеніммен айта аламыз. Әңгіме «Мен – қазақпын» поэмасына келіп тірелетін болғандықтан ол шығарма жазылған кезең – алпысыншы жылдардағы саяси-әлеуметтік жағдайға да соқпай өте алмаймыз. Талай қазақтың оқыған зиялыларын баудай отағаннан кейін қанды қол И.Сталиннің өзі де өмірден өтіп, бұл дәуір шамалы да болса демократиялық бостандықтарға қол жеткізген, жеке басқа табынушылықты сынап, келесі «данышпан» Н.Хрущевтің культін жаңадан сомдай бастаған кезең болатын. Бірақ қалай десек те, бұл тұста ғылым мен техниканың т.б салалардан Кеңес өкіметі алдыңғы орындардың бірінде тұрды. Компартия бүкіл елдегі билікті тұтастай өз уысында ұстады. Тың көтеру желеуімен Ресей мен Украинаның ішкергі аймақтарынан түрлі халықты Қазақстанға әкеліп, жергілікті тұрғындармен мидай араластырды. Бүкіл халық бір лабораторияда қорытылып, орыстандыру саясаты жедел қарқынмен іске асырыла бастады. Қазақ өз жерінде өзі көзтүрткіге айналды. Діні мен тілінен айырылу қаупі туды. Осынау қиын-қыстау кезенде қазақтың қамын ойлаған ұлтжанды азаматтар ұлттық тілінің, салт-дәстүрінің жоғалып кетуіне алаңдап, үкімет саясатының астарына өз ойларын да сыналап кіргізуге тырысты. Поэмадағы әр тараудың «Мен –Қазақпын» деп қайталанып келуінде де терең мән бар. Оның үстіне әр қайталау қазақ тарихының жаңа бір бетін ашып, оқырманына өткен дәуір оқиғаларынан тағлымы мол ақрапарат береді. Әр тараудағы тарихи оқиғаларға құрылған сюжеттерден қазақтың қасіретін, қазақтың ерлігін, қазақтың асып-тасыған қуанышы мен мақтанышын көргендей боламыз... Мен – қазақпын, қаныммен, сүйегіммен, Сән-салтанат, салтымды сүйемін мен. Бақ орнатам басына моланың да, Мұрагермін оған да, иемін мен, – деген шумақтан ұлан-ғайыр жерге, ата-бабамыздың ерлік даңқына деген асқақ та тәкаппар мақтаныш сезімі сезіледі. Әсіресе, соңғы екі жолдың айтар ойы тереңірек сияқты. Молаға ие болу түркі халықтарының дүниетанымында, соның ішінде көшпелі қазақ үшін елге ие болу, жерге ие болу деген сөз. Жердің кімге тиесілі екендігін аталарымыз сол жерде жатқан ата-баба сүйегіне қарап ажыратқан екен. Ол біздің аталарымыздың пайымдауында шекараны белгілейтін негізгі белгі, тапжылтпас дәлел қызметін атқарған. Сондықтан біздің халықтың түсінігінде моланы қорлау, ол шекараны бұзу, елдің тұтастығына шәк келтіру болып саналған. Оны тарихи деректер мен ауыз әдебиеті материалдарынан көптеп кездестіруге болады. Молаға мұрагермін дегенде ақынның астарлап жеткізіп отырғаны сол көне дәстүр, атадан балаға ауысып жетіп келе жатқан ескі салт. Яки бұл жерде ақын менің ата бабаларымның сүйегі жатыр, бұл жердің иесі мен дегенді ашық айтып отыр. қайшылығын көркем образдар арқылы астарлай жеткізудің өзіндік жолын тапты. Азаттық тақырыбы қазақ әдебиетіндегі тамыры терең тарихи тақырып. . Ақынның көздеген мақсаты салтын, дәстүрін, тарихын ұмыта бастаған жас ұрпаққа өткенін таныту болғаны анық. «Мен-Қазақпын» поэмасы қазақтың намысын оятты, ұлттың рухын көтерді. Жұбан мен Қазақ егіз ұғымға айналды. Сондықтан да Жұбан ақын 1986 жылдың желтоқсанында азаматтық арын ту етіп көтеріп жазықсыз жапа шеккен қазақ жастарына араша түсті, тоталитарлық жүйені батыл айыптады, халқы үшін өзін тайсалмастан құрбандыққа шалды. Жазушы Садықбек Адамбековтің «Жұбан –Жұбан боп туып, Махамбет боп өлді» дегені ақиқат шындық



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет