Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Қадыр Мырза Әлі шығармашылығындағы мемуарлық жанр ерекшеліктері



бет75/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
аширов ответ

Қадыр Мырза Әлі шығармашылығындағы мемуарлық жанр ерекшеліктері

Қадыр Ғинаятұлы МырзалиевҚадыр Мырза Әли (5 қаңтар 1935 жыл, Жымпиты, Орал облысы - 24 қаңтар 2011 жыл, Алматы) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі.
Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді.
Мемуарлық - бұл бір әдеби жанр, әдебиеттең мемуарлар мен романдық әдеби жанрларының бірінің бірі. Мемуарлардың бірінен бастап, автор өзінің өмірінің бір немесе бірнеше кезеңдерінің түрлі жағдайларын, оған қатысты емоциялық, психологиялық, социалдық, саяси және басқа аспектерін сипаттайды.
Естелік-эссе деп аталатын прозаның шағын түрі эссе стиліннде жазылады,оған автор өз өмірінде болған шынайы оқиғалар негізінде құрастырылған ой толғамдары жазылады.Естелік эссенің оқырманға жақындығы – баяндауы өте жеңіл және еркін.Қазақ әдебиетіндегі мемуарлық шығармаларға – Тар жол тайғақ кешу,Өмір мектебі,Көз көргендер.
Қадыр Мырза Әли «Жазымышы»с 2001 - сырға толы ширақ жазылған шығарма.Автор өзінің әдебиетке келген кезіне көз тастап, орта жастан асқан кездегі өміріндегі елеулі оқиғаларын мөлтек-мөлтек етіп жазып шығады. «Естеріңде болсын, ештеңе де, ешнәрсе де кездейсоқ болмайды.Тағдырыңа билік жүргізетін жаңағы өзін айтып отырған - жазмыш», дейді автор.Бір ойында «Мен Алаштың батыстағы орталығы Жымпитыда дүниеге келіппін.Аса тұщымды балалық шақ болған жоқ, мен алты жарым жасқа келгенде соғыс басталды да, он жарымға келгенімде соғыс аяқталды.Осы төрт жыл біздің балалығымызды жұтып қойды.Соғыс бііткенде біз ересек азаматтар секілді ой толғайтынбыз.Жазмыш хақында бір ғана мысал келтіре кетейін.Әйгілі Сүлеймен Стальскийдің ақындық тағдырына кім қызықпайды?! Атақ та, марапат та, алапат танымалдылық та соның төңірегін шиырлады.Ал оның сәбилік, балалық тағдыры «...Себепсізден себепсіз біздерді қуып шығып, әкем өзі басқа әйелге үйленгенде мен құрсақта жатыр екенмін.Мен бір жақын ағайынның қорасында дүниеге келіппін.Әкеме ашуланған нағашыларым өшін менен алғандай, мені бір ескі кілемшеге орап, әкемнің босағасына апарып тастапты.Жазмышты жазу себебім мен кітапты көп оқитын адаммын.Кітапты оқып отырып, өзіме ұнаған жерлерін сызып отырам.Сол сөздерді еске алу үшін кітаптарды қайта-қайта оқи бермес үшін блокнотқа түсірдім, 13 тақырыпқа бөлдім.Сөйтіп қарасам 30-40 жыл бойы оқыған кітаптарымнан дайын кітап шықты.Кітаптағы «Әулиелік» бөлімінде орыс ақыны Николай Глазковтың Ұлы Отан соғысының дәл қай уақытында бітетіні туралы өлең жолдарынан дәлел етіп, Гитлердің өзін-өзі өлтіретіні туралы айтып ақындардың әулие екенін дәлелдейді, сонымен қатар Пушкин, Михаил Юрьевич,Лермонтов, Омар Хаям,Мирза Галиб,Уистен Хью Оден,Георг Гейм,Назым Хикметтердің тегін адам емес екендеріне қысқа дәлел келтіріп өтеді.Жалпы кітап 3 бөлімнен, 33 тақырыптан (Әулиелік, Даңқ,Ауру, Дерт) 500-ге тарта беттен тұрады. Әр түрлі тақырыптарда әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетіндегі тұлғалардың өмірінен сыр шертеді.
Иірім — Қадыр Мырза Әлінің эсселер жинағы, 2004 жылы жарық көрді.
Кітапта XX ғасырда өмір сүрген қазақ ақын-жазушылары туралы естеліктер келтірілген. Автор өзі көріп, дәріс алған Мұхтар Әуезовтен бастап, әдебиетке қатарлас келген біраз дарынды әріптестерінің іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ішкі дүниесін шебер бейнелеген.
Қад-ағаң – Қадыр Мырза-Әлі Спандияр Көбеевтің сәуегейлігін, Иса Байзақовтың тентектігін, Сәбит Мұқановтың бауырмашылдығын, Қасым Қайсеновтың қалжыңбастығын, Тахауи Ахтановтың қамқорлығын, т.б. баян еткенде көз алдыңа сан түрлі көрініс келеді екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет