Оқу жылына арналған №304 оқу кабинетінің



бет2/3
Дата29.05.2024
өлшемі133.5 Kb.
#502062
1   2   3
инф304төлқ22

2.Қолдану саласы:
Оқу кабинетінің жұмыс жоспары информатика кабинеті оқытудың жаңа технологиялық құралдарымен және санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жабдықталуын реттейді. Колледждің сабақ кестесіне сай І-ІІ курс студенттерін қамтиды.


3.Терминдер мен қысқартулар:
Информатика (Computer science, informatics) компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы.
Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Тышқан (ағылш. mouse — тышқан) бейнебетте көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, оларды бөлектеу үшін пайдаланушы қолданатын құрылғы.
Принтер (ағылыми prіnter) —мәтіндік не графиктік ақпаратты қағазға, пластикке шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі.
Графикалық редактор
графикалық кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әрі оларды түзетуге, толықтыруга арналған программа; графикалық ақпаратты редакциялайтын программа
Microsoft Paint- көпфункциалық бірақ соңымен қатар қарапайым растырлық графикалық редактор. Ол Microsoft компаниясының туындысы және бағдарламаларының алғашқы нұсқаларында да кездеседі
JPEG- 16 миллион түсті көтере алады және олардың ашықтығын және фотографиялардағы жолақтарын сақтай алады.
Алгоритм
бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.) тәсілдерінің дәл сипаттамасы.
Алгоритм орындаушысы дегеніміз-құрастырылған алгоритммен басқаруға тиісті объект немесе субъект.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет