ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) Ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы


Пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асырудың ерекшеліктері



бет17/19
Дата10.06.2016
өлшемі1.59 Mb.
#126451
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

11 Пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асырудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – БДМБ) орта білім беру ұйымдарын (шағын жиынтықты мектептерден басқа) жан басына нормативтік қаржыландыруға көшіру көзделген.

Жан басына нормативтік қаржыландырудың міндеттері:

– республикадағы мектептерде білім беру процесін іске асыруға мемлекет бюджетінің шығыстарын орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (МЖМБС) бірыңғай талаптарына сәйкес мөлшерлеу;

– Білім беру қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру.

Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру білім беру процесіне (МЖМБС-ны іске асыруға) шығыстарды республикалық деңгейде орталықтандыруға және пилоттық мектептерге бюджет қаражатын бір жылға 1 оқушыға шаққандағы есеппен бөлуге негізделеді.

Бөлінетін бюджет қаражатының көлемі мектептердегі оқушылар санына байланысты.

Білім беру процесіне шығыстар мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеумен, оқу шығыстарымен байланысты шығындарды, сондай-ақ мектептердің педагогикалық қызметкерлеріне олардың қызмет нәтижелері мен білім беру қызметтерінің сапасы бойынша сыйлықақылар мен ынталандыратын үстемеақыларды қамтиды.

Мектептердің білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша қызметтер (коммуналдық қызметтер, ағымдағы жөндеу жұмыстары, ғимаратты күту, оқушыларды тасымалдау және тамақтандыру, басқадай қызметтер) аймақтарда орта білім беру ұйымдары желілерінің жағдайы мен дамуына, материалдық базаны қолдау және мектептердің инфрақұрылымы үшін жауапкершілікті сақтау мақсатында жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде қалады.

Жан басына нормативтік қаржыландыру еңбекақы төлеудің жаңа нысаны емес, бұл білім беру процесін іске асыру үшін мектептерге бюджет қаражатын бөлу тетігі болып табылады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеу саласындағы барлық кепілдіктер сақталады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақыны есептеу және төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Білім беру процесін жан басына қаржыландыру нормативінің мөлшерін (яғни 1 оқушыны оқыту құнын) ҚР Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – БҒМ) ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 440бұйрығымен бекітілген Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесінің негізінде бір жылға есептейді.


1 оқушыны оқыту құны білім беру бағдарламасының түріне, деңгейіне және іске асырылу орнына қарай ерекшеленеді.

Жан басына шаққандағы нормативті және мектептердегі білім беру процесін қаржыландырудың жалпы көлемін есептеу кезінде БҒМ мыналарды ескереді:

– мектеп қызметкерлеріне жұмыс жағдайлары үшін төленетін барлық қосымша ақылар мен үстемеақылар;

– қалалық (24 адам) және ауылдық (20 адам) сыныптардың нормативтік толымдылығы;

– сыныптардың шекті толымдылығы (25 адам). Сыныптардың шекті толымдылығынан тыс оқушыларды оқыту құны азаяды.

Жан басына шаққандағы нормативтің мөлшері мен жергілікті атқарушы органдарынан сыныптар бойынша оқушылар саны туралы ұсынылған деректер негізінде БҒМ жан басына шаққандағы нормативті нақты мектептегі оқушылар санына көбейту жолымен әрбір мектепте жан басына қаржыландыруды іске асыруға (білім беру процесін қаржыландыруға) республикалық бюджет қаражатының жалпы көлемін (білімнің деңгейіне, білім беру бағдарламасының түріне байланысты) есептеуді жүргізеді.

Жан басына нормативтік қаржыландыру тетігі «ақша оқушының соңынан жүреді» қағидасының негізінде құрылған. Мектептерде жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізудің нәтижесі мыналар болмақ:

– оқу орындары арасында бәсекелестік дамиды, өйткені оқушылар мен олардың ата-аналары ең жақсы мектепті таңдау мүмкіндігіне ие болады, ал мектепке ақша оқушымен бірге келеді;

– білім беру процесінің сапасы жоғарылайды, өйткені оқушылардың мектептен кетіп қалу мүмкіндігі мектеп әкімшілігі мен жергілікті билік органдарын мектептегі мұғалімдер құрамын, материалдық базаны және оқу жағдайын жақсартуға ынталандырады.

– мектептер арасындағы оқушылар мен жақсы педагогтар үшін талас білім беру сапасынжоғарлатуға маңызды талап болады. Жан басына нормативтік қаржыландыру жағдайында мектеп білім берудің сапасын арттыру үшін мыналарды ұсынады:

– педагогикалық қызметкерлерге: оқуға және өзінің біліктілігін арттыруға мүмкіндік; қызметінің нәтижелері мен білім беру қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне қол жеткізуі бойынша сыйлықақы және үстемеақы алу;

– оқушыларға: әр түрлі, оның ішінде халықаралық деңгейдегі байқауларға және жарыстарға қатысуға мүмкіндік; сапалы педагогикалық құраммен, оқу материалдарымен, оқу құрал-жабдықтарымен және жаңартылған материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілу.

Мектептер деңгейінде жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан өткізуді ұйымдастыру және мониторингілеу «Қаржы орталығы» АҚ-ға жүктелді.

2013 жылғы 1 қыркүйектен республиканың 4 (Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарындағы) облысындағы пилоттық 50 мектептің негізінде орта білім берудің жан басына нормативтік қаржыландырылуын сынақтан өткізу басталды.

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап сынақ өткізілетін мектептер қатарына Ақмола облысынан тағы 13 мектеп қосылды.

Пилоттық мектептердегі оқушылардың жалпы контингенті шамамен 50 мың адамды құрайды.

Сондай-ақ, пилоттық мектептерде мектептерді басқарудың жаңа алқаластық органы ретінде қамқоршылық кеңестерінің жұмыс істеуін сынақтан өткізу жүргізілуде (3-қосымша).

Орта білім берудің жан басына нормативтік қаржыландырылуын сынақтан өткізуге және кейін оны іске асыруға дайындау мақсатында мынадай нормативтік құқықтық актілер әзірленіп, бекітілді:

1) «Білім беру ұйымдарындағы қамқорлық кеңестердің жұмыс істеуін сынақтан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 573 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2013 жылғы 19 тамыз № 350);

2) «Орта білім беруді жан басына қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2013 жылғы 30 қазан № 439);

3) «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2013 жылғы 30 қазан № 440);

4) «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландырудың сынағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2013 жылғы 4 қараша № 447);

5) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамыр № 598 қаулысы;

6) «Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан өткізу мәселелері бойынша жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2014 жылғы 14 шілдеде № 279).

Пилоттық мектептерде білім беру процесін жан басына нормативтік қаржыландыру ҚР БҒМ мен жергілікті атқарушы органдарының арасында келісім жасасу арқылы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттердің есебінен іске асырылады.

2013-2014 оқу жылы сынақтан өткізудің нәтижесі бойынша, пилоттық мектептердің директорлары педагогтардың әрбір оқушыға, оқыту сапасын жоғарылатуға мүдделерінің едәуір артқанын, «ұйқыдағы» мұғалімдердің жұмысқа ынта-ықыласы оянып, мұғалімдердің жеке және кәсіптік тұрғыда өсуге ынтасы жоғарылағанын байқаған.


Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізудің басты мақсаты орта білім берудің сапасын жоғарылату болып табылады.

Бір-ақ жылда сынақтан өткізудің нәтижелеріне және жан басына нормативтік қаржыландырудың басты мақсатына жету деңгейіне дұрыс баға беру қиын. Алайда, сынақтан өткізудің аралық нәтижелерін талдау мынадай нәтижелер көрсетті.

Соңғы оқу жылы пилоттық мектептерде 13%-дан 21%-ға дейін өз біліктілігін арттырған қызметкерлер қатары көбейді.

2013-2014 оқу жылы пилоттық мектептердегі педагогикалық қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 72,0 мың теңгеден 105,0 мың теңгеге дейін, немесе инфляция деңгейін есептемегенде 33,0 мың теңгеге өсті.

Пилоттық мектептердегі балаларды дамытуға арналған үйірмелер мен секциялар 156 бірлікке көбейді. Мектеп үйірмелері мен секцияларының жұмысына қатысатын оқушылардың қатары да оқушылардың жалпы санынан 57% құрады.

2013-2014 оқу жылы пилоттық мектептерде оқитын және түрлі байқаулар мен жарыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері, лауреаттары атанған оқушылар қатары 17%-дан 22%.-ға дейін артты.

Жыл сайынғы оқушылардың үлгерімін бақылаудың нәтижелері де жақсарды: орташа алғанда, білімнің барлық деңгейлері бойынша орташа балл 54-тен 56-ға дейін. Ақмола облысында пилоттық мектептердегі оқушылар үлгерімінің ең жоғарғы орташа балы – 72.

Соңғы оқу жылындағы ҰБТ-ның орташа балы 71-ден 76-ға дейін көбейді. Оның ішінде, Ақмола облысындағы пилоттық мектептердің оқушылары бұл оқу жылын әлдеқайда сәтті аяқтады. Олардың ҰБТ-дағы орташа балы – 84.

Жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асырудың негізгі қиындықтары мыналар:

1) мектептердің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны («мемлекеттік мекеме»), қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесінде мектеп қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақысының шекті мөлшері, мектептердің қаржыландырудың айлық жоспарын сақтауға тәуелділігі;

2) оқу орындарының тапшылығы, мұның салдары еңбекақы төлеу бойынша үнемдеуге әкеледі және пилоттық мектептердің ағымдағы нысаналы трансферттерді игеруі кезінде қиындықтар тудырады;

3) пилоттық мектептердің ағымдағы нысаналытрансферттерді жоспарлауы және жұмсауы барысында жан басына қаржыландыруды іске асыру процестерін қосымша реттеу қажеттілігі;

4) пилоттық мектептердің білім беру процесіне шығыстар тізбесін кеңейтужәнеоғанмектептердіңтолыққандыжұмысістеуі мен жабдықталуынқамтамасызетумен байланысты шығыстарды енгізу қажеттілігі;

5) мектеп директорларының басқару білімінің және іскерлік пен дағдысының, мектеп бухгалтерлерінің бюджеттік заңнама бойынша білімінің жетіспеушілігі;

6) мектептерде қамқоршылық кеңестерінің жұмысы, ағымдағы нысаналы трансферттердің жұмсалу процесі жеткілікті деңгейде ашық емес;

7) жан басына нормативтік қаржыландыру шарттарының бұзылуы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу, республика бюджетінің қаражатын мақсатқа сай пайдаланылмаужағдайлары бар.

Жан басына нормативтік қаржыландыру тетігінің нәтижелілігін арттыру бойынша мәселелерді қараумен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанынан арнайы құрылған Жұмыс тобы айналысады.

2015 жылы орта білім берудің жан басына нормативтік қаржыландырылуын сынақтан өткізу 63 пилоттық мектепте жалғастырылмақ.


12 Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің дайындық жұмыстары бойынша ұсынымдар
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты факторы» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткендей, «бүгінде Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептері халықаралық стандарттар негізінде жемісті еңбек етіп келеді ... олардың тәжірибесін қазақстандық білім беру жүйесіне тарату керек...».

«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Стратегиясында Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, «Орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ , орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс».

Бұл бағдар Білім мен ғылымды дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған басым бағыттарында көрсетілген, онда орта білім деңгейінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін есепке ала отырып орта білім беру мазмұнын жаңарту бірінші кезектегі міндеттердің бірі болып табылады.

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және 2014-2016 жылдарға арналған білімді дамытудың басым бағыттарын іске асыру аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлесе отырып, орта білім мазмұнын жаңарту жөніндегі жұмыстары екі бағытта жүргізілуде:

– бастауыш білім берудің жаңа МЖМБС, бастауыш мектепке арналған типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын әзірлеу (кезең-кезеңімен апробация 2015 жылдан және енгіру 2016 жылдан басталады);

– жобалау қызметін күшейте отырып 11 жылдық мектептің білім мазмұнын ішінара жаңарту, барлық сөйлеу қызметінің түрлері және АКТ бойынша дағдыларды дамытуға, сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыруға бағдарлануы тиіс, яғни 5-11-сыныптар үшін тілдік пәндер, информатика, жобалау қызметі бойынша оқу бағдарламалары мен оқу жоспарын әзірлеу (2015 жылдан бастап апробация және 2016 жылдан бастап енгізу).

МЖМБС жаңарту «өмірлік білім алу» тұжырымдамасынан «өмір бойы білім алу» тұжырымдамасына қарай өтуге; білімді үнсіз тыңдаудан бастамашылыққа, білімнен құзыреттілікке бағытталған. МЖМБС-тің инновациялық сипаты оның тек білімді меңгертуден білімді өмірде қолдана алу парадигмасына ауысуымен танылады. Оның түп мәні оқытудың мақсаттары кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру арқылы оқытудың нәтижесіне қарай бағытталуында.

2015-2016 оқу жылында 1-сыныпта оқытудың жаңа форматының құрылымы мен мазмұнын апробациядан өткізу жоспарланып отыр. Эксперименталдық алаң ретінде еліміздің барлық өңірлерінен жалпы білім беретін 30 мектеп анықталды (4-қосымша).

Эксперимент барысында:

– жаңартылған мазмұнды типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын апробациялау;

– сынама оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарын апробациялау;

– мектеп басшыларын, мұғалімдер мен әдіскерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

– эксперимент режиміндегі оқыту сапасына тұрақты мониторинг жүргізу жоспарланған.

Жаңартылған типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» инновациялық тәжірибесін ескере отырып күшейтіле түседі.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:

1) пәннің маңыздылығы;

2) оқу бағдарламасының мақсаты;

3) үштілділік саясатты іске асыру;

4) оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

5) оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер;

6) түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру;

7) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі;

8) оқушылардың коммуникиативтік дағдыоарын дамыту;

9) оқу нәтижелерін бағалау жолдары;

10) пән бойынша бағдарламаның мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.

Оқу бағдарламасының көрсетілген бөлімдері білім беру деңгейлері бойынша оқу материалдарынан тұрады. Оқу бағдарламасына ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлардан тұратын ұсынымдық сипаттағы оқу жоспары қоса беріледі. Оқытудың мақсаттары мен тәсілдеріне негізделген жоспарларда мұғалімдер үщін әрбір бөлім мен тақырыптарды өткізу, оқушылардың сабақта білім алуын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар берілген, сонымен бірге оқу ресурстары енгізілген (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне және аудио материалдары т.б.).



Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:

– пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы;

– тану заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша жіктелімге негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы;

– білім беру деңгейлері бойынша және тұтас оқыту курсы бойына педагогикалық мақсаттар қою ішкі пәндік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік береді;

– пәндер арасында «ортақ тақырыптардың» бір білімдік сала ішіндегі тақырып ретіндегі болмысын танып, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру;

-пәннің бөлім мазмұндары мен тақырыптарының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назарды шоғырландыру;

- ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде оқу үдерісін технологияландыру.

Ішінара жаңарту шеңберінде «НЗМ» ДББҰ оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары мынадай пәндер бойынша бейімделуде:

– қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған «Қазақ тілі» (Т1) (10-11- сыныптары үшін; 5-11-сыныптар және 8-11-сыныптар үшін);

– қазақ тілді емес мектептерге арналған «Қазақ тілі» (Т2) (10-11- сыныптары үшін; 5-11-сыныптар және 8-11-сыныптар үшін);

– орыс тілінде оқытатын мектептерге арналған «Орыс тілі» (Т1) (10-11- сыныптары үшін; 5-11-сыныптар және 8-11-сыныптар үшін);

– орыс тілді мектептерге арналған «Орыс тілі» (Т2) (10-11-сыныптары үшін; 5-11-сыныптар және 8-11-сыныптар үшін);

– қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған «Ағылшын тілі» (Т3) (10-11-сыныптары үшін; 5-11-сыныптар және 8-11-сыныптар үшін);

– «Информатика» (10-11-сыныптары үшін; 5-11-сыныптар және 8-11- сыныптар үшін);

– «Жобалау қызметі» (6-9-сыныптар үшін).

Тілдерді оқыту барысында сөйлеу қызметінің - тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым төрт дағдысын дамытуға арналған коммуникативтік тәсіл күшейтілетін болады. Грамматика ұсынылған сөйлеу тақырыптарының шегінде оқытылады.

Бірінші, екінші, үшінші тілдерді оқытудың оңтайлы тұстары сөздік қорын кеңейтуге, кіріктірілген тілдік тақырыптардың аясында коммуникативтік дағдыларды пысықтауға мүмкіндік беретін бірыңғай сөйлеу-тақырыптық режимін енгізу болып табылады. Екінші тіл ретінде Қазақ/ орыс тілдерін (Т2) және «Ағылшын тілін» (Т3) пәндерін оқыту CEFR (тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық рамкасы) сәйкес жүзеге асырылады.



Информатика бойынша жаңартылған бағдарлама оқушылардың АКТ-құзыреттерін дамытуға бағытталған. Оқушылар ақпараттық сауаттылықты жоғары деңгейде меңгеруі керек (іздеу тәсілдері мен амалдарын меңгеруі, ақпаратты ұсына алу, түрлі көріністегі: мәтіндегі, сандық, дыбысты, кескін бейнелі); оқушылар АКТ-біліктілігі негіздерін білуі және түсінуі тиіс (ақпараттық тапсырмаларды шешу үшін компьютерді қолдану (АКТ басқа түрлерін қолдану); алгоритмдік және логикалық ойлауды игеруі тиіс (алгоритмге сәйкес әрекет жасау және қарапайым алгоритмдер құрастыру).

«Жобалау қызметі» пәнінің негізінде оқушының қоршаған ортаны өз бетімен түрлі аспектіде зерттеу және өз қызметінің өнімдерін жасай білу жатыр. «Жобалау қызметі» пәнін оқытуда оқушыларда сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау дағдылары, стандарттық және стандарттық емес жағдаяттарды тиімді шешудің дағдыларын қалыптастыру дамиды. 6-9-сыныптарда аталған пән жаратылыстану циклінің пәндерін кіріктіреді, 10-11-сыныптарда гуманитарлық пәндердің де мазмұнын енеді. Пән оқушыларды болашақ өмірге дайындау мақсатына бағытталған, олар зерттеу дағдыларын, сын тұрғысынан ойлай білуді және өзінің көзқарасын жеткізе білуді пайдалана алады.
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдірудің жаңа жүйесін енгізу аясында Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – Орталық) және «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы №1 бұйрығымен бекітілген Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқпулыққа сәйкес Орталық Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесе отырып әзірлеген ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарын өтікізуде. 2014 жылдың 2-тоқсанының қорытындысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ мен оның филиалдарының базасында деңгейлік бағдарламалар бойынша бүгінгі күні Қазақстан Республикасының 8542 мұғалімі білімін жетілдірді.

Осыған байланысты, мұғалімдерді жаңартылған білім беруді енгізуге даярлау мақсатында дегейлік бағдарламалар бойынша курстан өткен мұғалімдер өз жұмысында жаңа оқыту әдістерін қолданып, осы бағытта әріптестеріне де көмектесулері тиіс, 11 жылдық білім беру жүйесін кезең-кезеңімен және ішінара жаңарту бойынша дайындық жұмыстары жүргізуге, яғни мұғалімдердің пәндерді оқытуда сөйлеу қызметінің барлық түрлері мен АКТ-ны дамытуға және кең мүмкіндігін қолдана алуына, сын тұрғысынан ойлауды дамытуы, өз бетімен ізденіс жүргізіп, ақпаратты жан-жақты іздей алуына, пәндерді оқыта отырып функционалдық сауаттылықты (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылығы, жаратылыстану сауаттылығы) дамытуға бағыт ұстанғаны дұрыс. Оқушылардың өз білімін өмірде қолдана алуына, жобалау қызметін қарқынды меңгеруіне, пән аясында зерттеу дағдыларын дамытуға бетбұрыс жасауы керек.



1-қосымша
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық білім беру ұйымдарының тізімі



Облыстардың, Астана және Алматы қ. атауы

Білім беру ұйымының атауы



Білім беру ұйымының түрі

Оқыту тілі



1.


Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

«Арман» мектепке дейінгі ұйым

қалалық

қазақша, орысша

№ 39 балабақша

қалалық

қазақша, орысша

№ 32 мектеп-гимназия

қалалық

қазақша, орысша

Ақтөбе көлік, телекоммуникация және жаңа технологиялар колледжі

қалалық

қазақша, орысша

Ақтөбе гуманитарлық колледжі

қалалық

қазақша, орысша

2.


Қарағанды облысы,

Қарағанды қаласы



«Мерей» балабақшасы

қалалық

қазақша, орысша

«Бәйтерек» балабақшасы

қалалық

қазақша, орысша

№ 53 жалпы орта білім беретін мектеп

қалалық

қазақша, орысша

№ 92 гимназия

қалалық

қазақша,

Қарағанды гуманитарлық колледжі

қалалық

қазақша, орысша

3.


Астана қаласы

№ 29 балабақша

қалалық

қазақша

№ 9 балабақша

қалалық

орысша

№ 59 мектеп-лицей

қалалық

қазақша, орысша

№ 22 мектеп-гимназия

қалалық

орысша

Гуманитарлық колледж

қалалық

қазақша, орысша

4.


Алматы қаласы

№ 27 балабақша

қалалық

орысша

№ 156 балабақша

қалалық

қазақша

№ 35 гимназия

қалалық

орысша

№ 131 мектеп-лицей

қалалық

қазақша, орысша

№ 172 жалпы орта білім беретін мектеп

қалалық

қазақша

№ 55 жалпы орта білім беретін мектеп

қалалық

орысша

№ 1 Алматы қазақ-мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі

қалалық

қазақша

№ 2 Алматы қазақ-мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі

қалалық

қазақша, орысша

5.

Алматы облысы, Есік қаласы

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі

қалалық

қазақша, орысша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет