ОҚу курсының каталогы 050106 – «Музыкалық білім»



бет8/13
Дата08.07.2016
өлшемі1.77 Mb.
#185155
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Жеке сабақ: Әр қолдың қимылындағы дербестігін дамыту жолдары /координация/. Фермата. Оның түрлері. Ферматаны дирижерлау тәсілдері. Дирижерлау кезеңіндегі үзіліс. Оның түрлерін (люфтпауза, генералды пауза т.б.) дирижерлау жолдары. Сол қолдың көркемдік қимылдарының көрсету ерекшеліктері. Күй жанры. Күйлерді дирижерлау ерекшеліктері. Күйлердің мазмұнын ашу жолдары. Ноталық мазмұнымен жұмыс, авторлары жайында мәлімет беру және күйлердің аңыз-әңгімелерін білу. 3/8,5/8 тактілеу схемаларын меңгеру. Музыкалық шығарманың өрлеу, шарықтау шегіне жету (кульминация) және қайта құлдырау кезеңдерін дирижерлау тәсілдері. Шығармада кездесетін созылыңқы дыбыстар, паузаларды т.б. дирижерлау тәсілдері. Дирижерлауда кездесетін белсенді қимылдарымен жұмыс жасау (акцент, сфорцандо, қатты дыбыс күші т.б.). Шығармадағы дирижерлық қиыншылықтарымен жұмыс. Классикалық шығармаларымен жұмыс. Шығарманың авторлары жайында және музыкалық үлгісін, фактурасын талдау жолдары. Шығарманың тональдық жоспарын талдау жолдары. Шығармадағы агогикалық өзгерістермен жұмыс. Динамикалық өзгерістерімен қол қимылдың ауқымы байланысы. Дирижерлаудағы іштей оқу қабілеті және көріп есту арқылы қабылдау дағдылары. Шығарманың мазмұнымен жұмыс. Халық күй сазгерлердің күйлерін дирижерлау. Күйдің авторы жайында және музыкалық үлгісін, фактурасын талдау жолдары. Күйдің тональдық жоспары. Екпін, динамикалық өзгерістерімен жұмыс. Дирижерлық техникалық қиыншылықтармен жұмыс. Дирижерлық таяқша, оның қызметі. Дирижерлау кезеңіндегі музыкалық тілдің көркемдік, мағыналық, құрылымдық элементтерін жасау, көрсету жолдары (әуен, фраза, сөйлем т.б.). Шығарманың мазмұнымен жұмыс. Сонаталық форманы талдау. Сонатаның бір бөлімін дирижерлау. Соната мазмұнымен жұмыс. Сонатаның тональдық жоспарын талдау. Сонатада кездесетін музыкалық терминдерімен жұмыс. Агогикалық өзгерістермен жұмыс. Оң қол және сол қол техникалық шеберлігін дамыту. Қазақстан композиторлардың күрделі шығармаларымен жұмыс. Шығарманың мазмұнын ашу жолдары. Музыкалық шығарманың екпіндік-ырғақтық тұтастығы. Музыкалық шығармалардағы көпырғақтылық, көпөлшемділік. Қол қимылындағы дербестік, еркіндік және мазмұндық сипаттарды дамыту жолдары. Шығарманы партитурамен дирижерлауға дағдылану. Шығармадағы кездесетін техникалық қиын тұстарымен жұмыс. Шығарманың нота үлгісін жаттау. Клавирге түсірілген симфонияның бір бөлімін немесе программалық увертюраны дирижерлау. Орындаушылық жоспар жасау жолдары. Шығарманың музыкалық формасын талдау. Агогикалық өзгерістермен жұмыс. Шығармадағы кульминацияны дирижерлау тәсілдері. Шығармада кездесетін техникалық қиын тұстарымен жұмыс. Қол қимылындағы дербестік, еркіндік және мазмұндық сипаттарды ждамыту. Күрделі көлемдегі күйлерді дирижерлау. Күйді дирижерлау ерекшелігі. Күйлердің аңыщ-әңгімелерін білу. Күйдің формасын талдау жолдары. Күйдің екпіндік-ырғақтық тұтастығы. Күйлердің техникалық қиын тұстарымен жұмыс. Күйлерде кездесетін люфтпаузаны дирижерлау тәсілдері. Агогикалық өзгерістермен жұмыс.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Презентация, фонотекалар (аудио және видео)




Пәннің аталуы

Дауысты қою

Қысқартылған атауы

DK

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақ, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәндері, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақ-15, ОБСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттер: Элементтік музыка теориясы, Сольфеджио, Гармония, Музыка теориясы,

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

- сабақтың үрдісінеде студенттердің дауыстарын және музыкалы-орындаушылық қабілеттерін дамыту;- студенттердің жоғарғы көркемдік талғамдарын дамыту;- студенттерді Қазақстан Республикасының және шетел композиторларының вокалдық музыкасының стильдерімен, жанрларымен таныстыру;

Мазмұны

Жеке сабақ: «Дауысты қою» пәні меңгерудің қажеттілігі болашақ музыка мұғалімінің жор жетекшілігінің вокалды-техникасының негізін қалыптастырады. Музыка мұғалімінің жұмысын табысты болуы олардың адам даусының ерекшелігін, регистрлерін және вокал – техникалық мүмкіншіліктерін білуіне байланысты. «Дауысты қою» курсы жұмыс істеудің танымдық және жекеше түрлерін енгізеді. Оқыту барысында оқытушы студентке ән айтудың іс-тәжірибелік дағдыларын ғана беріп қоймай, сонымен қатар осы пән бойынша ғылыми, әдістемелік және жалпы терең білімдер береді.

Осы сабақ бойынша өткізілетін жеке сабақта студенттің даусы және музыкалық қабілеттері дамытылады. Осы пәнді меңгерудегі алғашқы кезеңде оқытушы студенттің табиғи қабілеттеріне көңіл бөліп, оның дұрыс дыбыс шығаруын үйретеді.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Осы сабақ бойынша өткізілетін жеке сабақта студенттің дауысы және музыкалық қабілеттері дамытылады. Осы пәнді меңгерудегі алғашқы кезеңде оқытушы студенттің табиғи қабілеттеріне көңіл бөліп, оның дұрыс дыбыс шығаруын үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет