Жоспардың түсіндірмесі
1. Оқу нәтижесі оқу бағдарламасына сай. Оқу нәтижесі Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресін зерттеу; Ол типтік оқу бағдарламасында 3 бөлім. Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан. 4 тарау Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы.. 1 тақырып Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресі. тақырыбына сай келеді.
2. бағалау критерийлерім оқу нәтижесіне сәйкес. Себебі Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуының себеп - салдарын анықтайды ОН Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресін зерттеу;
Бағалау критерийлері СМАРТ қа сәйкес. Мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру жолындағы қазақ халқының күресін зерттеді деген критерийім оқу нәтижесіне тура келіп тұр. Осы критерийлерге жету үшін тарихи концептінің Себеп пен салдар түсіндіру алынды. Тарихи ойлау дағдысы Тарихи анализ және түсіндіру таңдадым.
Сабақтағы оқу әдістері: сабақта қолданатын оқыту әдістерім оқу нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған. Мысалы «Ой қозғау», «Фишбоун» әдісітері арқылы оқылым, айтылым, тыңдалым, зерттеу сұрақтарына жауап беру, картамен жұмыс, математикалық сауаттылығы, топпен, жұппен, жеке жұмыстарда қампылған. Мысалы: «Фишбоун» әдісінде оқиғаның бір немесе бірнеше дәлелдерін қолдана отырып, белгілі бір оқиғаның әртүрлі себеп - салдарын талдайды.
Жоспардағы әдістерде барлық білім алушыларды оқу процесіне тартылған. «Фишбоун» әдісіне берілген тапсырманы талдауға қолданатын әдісімде азаттық күрестерін себеп - салдарын нақты анықтауға бағытталған. Бұл әдіс ОН қол жеткізуге тиімді және сәйкес келеді. «Джиксо» бойынша барлық білім алушылар орындарын алмасу арқылы яғни 3 топтағы 5 бала, тапсырманы орындап болғасын, орындарын алмасады. Осы кезде олар алған мәліметтерімен алмасады. Осы әдістерде барлық білім алушыларды оқу процесін қамтимын. «Рефлексия» әдісі бойынша білім алушылар ойларын қорытындылап жеңіл смайлик әртүрлі анимациялар арқылы көңіл күйлерін білдірсе, СМС арқылы ойларын ортаға жаза алады. Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар (АКТ) арқылы оқу процесінде әділ топқа бөлінуге, ақпаратты өздігінен ізденуге, өңдеуге үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |