Оқулық " Экология"мамандығы



бет22/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   125
treatise95823

Маусымдық ырғақтық.Климаттық режимнің маусымдық өзгерістерінде тіршілік ететін көпшілік организмдерде физиологиялық жүйе кешенін қамтитын және биологиялық мәні бар тіршілік формаларын қамтамасыз ететін кезеңдік маусымдық үрдістер қалыптасқан. Өсімдіктерде бұл репродукцияның маусымдық әрекетіне байланысты, келесі жылы белсенді өсуіне қажет қыс мезгіліне қоректік заттарды жинақтау және т.б.
Жылдық (цирканды – латынша circa – маңында ,annus – жыл) ырғақтық. Оларда уақыт бағдарламасына еркін ағымды механизм және жарықтың табиғи режимінің бақылауы тән.Омыртқалы жануарларда орталық механизмдер экологиялық тұрғыдан мерзімі анықталған маусымдық жағдайларды реттеуші ғана емес, сондай – ақ аралық миды, көбінесе гипоталамус – гипофиз жүйесін байланыстырушы болып табылады. Гипоталамуста уақытқа өзіндік жеке есеп беру тетіктері шоғырланған, сондай – ақ қызметі жарық мезгілдерінің тепе – теңдігі реакциясымен қатар өзгеретін нейросекторлы клеткалар тобы орналасқан. Осылайша, гипоталамустың құрылым деңгейінде жарық мезгілінің өзгерерісіне «ыңғайлану» ырғақтығы іске асады. Физиологиялық процестер маусымдық кезеңдерге байланысты гоормондар арқылы реттеледі, оның өнімділігі өз кезегінде нейсекреторлы бақылауда болады.
Омырқалы жануарларда маусымдық айналымға жалпы жарық мезгілдік реттелу олардың тәуліктік ырғақтығының фазалық жүйесінің өзара әсеріне негізделеді. Тіршілік әрекетінің жылдық айналымы бір – біріне ауысатын маусымдық физиологиялық жағдай жүйесін білдіреді. Жылдық айналымда олардың реттелуі экологиялық мезгілде ақталған әрбір үрдістің тек қана приуроченность жоспарында маңызды емес, сондай – ақ уақытқа тәуелді физиологиялық күйдің ретпен орналасу жоспарына да байланысты. Бұл маңызды, себебі энергия жұмсау үрдістерінің қосарлануы биологиялық тиімсіз (көшу, көбею ж.т.б.). Сонымен қатар, бірқатар маусымдық физиологиялық күйлері үйлесімсіз организмдердің қалыптасуы оның біреуінің көрінуіне басқасы кедергі келтіруі мүмкін.
Бақылау сұрақтары:

  1. Жарыққа экологиялық фактор ретінде сипаттама беріңіз.

  2. Күн сәулесі спектрі әртүрлі бөлігінің биологиялық әсері қандай?

  3. Өсімдіктер мен жануарларда жарық кезеңдері қалай байқалады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет