Оқулық " Экология"мамандығы



бет30/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   125
treatise95823

Экологиялық сукцессиялар.Бірлестіктер үздіксіз өзгерісте болады. Бір бірлестіктің екіншісіменен орын ауыстыруын және қайсы бір дәйекті түрдегі заңдылықтар ағынын – сукцессия деп атайды. Табиғаттағы сукцессияның төтеншелігі әртүрлі масштабта. Оны қақтар мен жартастардан, шауып тастап кеткен шабындықтардан, батпақтардан және жел қағатын тоғандардан бақылауға болады.
Сукцессия өсімдік жамылғысының өзгеруіне байланысты біріншілік және екінші реттік болуы мүмкін. Алғашқы сукцессиялар өмір сүру орындарынан айырылған ағзалардың қайтадан – жартастар мен үңгірлерде, сусымалы құмдарда өз өмірлерін бастайды, бұндай ағзалар өздерінің тұрған жерлерін өзгерту менен бір-бірлерін ауыстыруға қайтымсыз болады.



Рис.10.

Екіншілік сукцессия бірлестіктегі организмдердің орналасуынан бұзылған жағдай ғана басталады. Бұл аталған сукцессия апат немесе күтпеген ауысымдардан кейін болады. Күтпеген ауысымдар табиғаттың немесе адамзаттың іс-әрекетінен апаттық әсерге әкелуінен (су тасқыны, өрт, ормандарды кесу және т.б.). Бұндай ауысымдар сипатталып отырған бірлестіктегі түрлердің өліміне әкеледі де, содан соң бұл бірлестіктің қайтадан жайымен қалпына келуі басталады.


Кез-келген сукцессия топтамасының екпіндері біртіндеп баяулайды, ақыр соңында тұрақты кезеңі құрастырылып – климакс бірлестігі қалыптасады.
«Биоценоз» түсінігін «биотоп» түсінігінен алыстамайды. Себебі абиотикалық ортадағы биоценоздың алатын орынын биотоп деп атайды. Биоценоз+биотоп = экожүйені құрайды.


4.3 ЭКОЖҮЙЕЛЕР. ҚҰРЫЛЫМЫ, ФУНКЦИОНАЛЬДЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ, ЖІКТЕЛУІ.
Экожүйенің жалпыға ортақ нақты анықтамасы жоқ, бірақ Гиляров айтқандай экожүйе ортадағы ағзалармен бірге қоректенушілердің, сонымен қатар олардың қалыптасуы үшін немесе тіршілігіне қажетті азығы немесе олардың мекен ететін ортасы болып табылатын ортадағы физикалық және химиялық компоненттердің жиынтығы.
Реймерс экожүйені тір ағзалардың қалыптасуындағы және олардың қоректену ортасындағы ерекше бірлестік, жекеленген экологиялық компоненттер арасында қалыптасатын, тергеу-себептеріне байланысты және өзара тәуелділіктерінің негізінде пайда болатын , толық функциональды біртұтас бірлік деп сипаттады.
Одумның айтуы бойынша: Кез-келген бірлік (биожүйе) барлық осы аймақтағы бірлесіп функцияланатын ағзаларды (биотикалық бірлестіктерді) өзіне қосады, сол себептен де тірі және өлі бөліктер арасындағы заттар айналымы мен биотикалық құрылымының нақты анықталуын энергия ағыны құрайды да, экожүйені көрсетеді. Экожүйе – экологиядағы негізгі функциональды бірлік, оған ағзалар кіреді және тірі емес ортадағы – бір-бірлерінің құрамының қалыптасуына бірлесіп әсер ететін және Жер бетінде қалыптасқан өмірді қолдау үшін қажетті компоненттер кіреді. Экожүйе өзінің ашық жүйе екендігін көрсетеді, сондықтан да экожүйе концепциясының маңызды құрамдас бөлігі боп ортаға ағзалардың кіруі мен шығуы болып табылады.
«Экожүйе» терминін ең алғаш рет ағылшын экологы А.Тенсли ұсынды, әрине, бірақ та экожүйе туралы түсінік одан ертерек туындаған еді. 1877жыл неміс ғалымы Мебиус жазғандай ағзалардың бірлестігін «биоценоз» секілді саңылаулар банкі деді. 1887 жылы Американ биологы С.Форбс өзінің жариялаған классикалық еңбегінде өзенді «шағын көлемді әлем» деп көрсетті. Сукачев одан да жоғары «биогеоценоздың» анықтамасын ұсынды. XIX және XX ғғ. шет елдің биологтары табиғи ортадағы тұщы су, жер асты немесе теңіз суына қарамастан толық жүйе ретінде өз қызметін атқаратындағы жөніндегі ойды тыңғылықты қарастыра бастады. Экожүйенің қалыптасуын қамтамасыз ететін компоненттер мен процестер, үш негізгі компоненттерден – бірлестіктерден, энергия ағыны және зат айналымынан тұрады. Энергия ағыны бір ғана бағытпен бағытталады: түсетін күн сәулесінің бір бөлігі бірлестікте өзгереді де одан да жоғары сапалы кезеңге өтеді де, органикалық заттарға трансформацияланады, содан кейін күн сәулесіне қарағанда концентрленген энергияның жоғары формасына өтеді. Энергия жүйе арқылы өтіп, жылы энергияға айналады да, энергияның көп бөлігі бөлініп нашарлайды. Энергияның жинақталуы мүмкін содан соң қайтадан босатады немесе шетке шығара алады, бірақта оны екінші рет қолдануға болмайды. Қоректену элементінің энергиядан айырмашылығы, оның ішінде биогенді элементтер (C, N, P және басқалары), және суды бірнеше рет пайдалуға болады.
Барлық экожүйелер, тіпті ең үлкен – биосфера, ашық жүйе болып табылады: олар энергияны алады және энергия трансформацияланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет