Оқулық " Экология"мамандығы


Көрінетін жарық (400 – 800 нм)



бет21/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   125
treatise95823

Көрінетін жарық (400 – 800 нм). Спектрдің бұл бөлігі Жер бетіне түсетін күн энергиясының 40 – 50% құрайды. Жануарлар үшін спектрдің көрінетін бөлігі қоршаған ортаға бағдарлануына байланысты. Көру бағдары күндізгі жануарлардың көпшілігіне тән қасиет және сыртқы орта туралы күрделі ақпараттарды танып білу көзі ретінде пайдаланылады. Жарықтың қарқынды азаюына көру мүшелерінің бейімделуінің қайта құрылуы: көру мүшелері (түнгі формаларда, жертасты және көз құрылымын, гипертрофты көздердің дамуы, өзіндік жарықтың сәулеленуі - ? генерирование (мұхит түбіндегі 800 – 950 м тереңдікте жарық қарқындылығы 1 % құрайды). Бірқатар организмдердің көру сезімінің табалдырығы үшін бұл жеткілікті.
Жарық фотосинтез факторы.Фотосинтез үрдісінде жарық энергия көзі ретінде пигменттер (хлорфилл немесе оған ұқсас) жүйесі арқылы сіңіріледі. Нәтижесінде газтәрізді оттегін бөлу арқылы су молекуласы ыдырайды, фотохимиялық жүйе арқылы алынған энергияны көміртегі екі оксидін көмірсуға айналдыруға жұмсайды.
6 CO2 = 18 H2O хлорафилл 2816 кДж  С6Н12О6 = 6 О2 = 6Н2О.
Жануарлардың көру пигменттері және хлорофиллдің сәуле энергиясын пайдалануы өте ұқсас; сондықтан күн сәулесі спетрінде белсенді жарық радиациясы (БЖР) (ФАР) іс жүзінде көрінетін толқын ұзындығы 400 – 700 нм спектр диапазонына сәйкес келеді.
Жасыл жапырақ өзіне түсетін сәуле энергиясының орташа есеппен 75% сіңіреді. Бірақ оны фотосинтезге жұмсау коэффиценті үлкен емес: 1 – 10% ретінде транспирацияға және басқа үрдістерге жұмсалады. Фотосинтез үшін ең маңызды факторлар – температура, жарық, көміртегі II оксиді және оттегі.
Жарықтың аз кезінде, фотосинтез үшін сіңірілетін көміртеггі II оксиді оның тыныс алуына тең болғандықтан орнын толтыру нүктесі деп аталады.
Атмосферадағы СО2-нің қалыпты мөлшері 0,57 мл/г құрайды. Концетрацияның белгілі бір мөлшерге дейін жоғарлауы фотосинтез үрдісін жылдамдатады, содан соң 5 -10% концентрацияда (қалыпты 0,013% қарсы) фотосинтез ингибируется - ? (вирус )

ЖАРЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЫРҒАҚТЫЛЫҚ. МАУСЫМДЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРҒА ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕЛУ.
Жарық алғашқы – мерзімдік фактор болып ттабылады: күн мен түннің заңды ауысуы, маусымдық өзгерістерге байланысты күндізгі тәуліктің ұзаруы астрономиялық үрдістер арқылы анықталады және оның өту барысы Жер бетіндігі қалыптасқан жағдайлар мен үрдістерге қатаң ықпалы тигізе алмайтын ырғақтықпен өтеді.
Эволюция барысында көптеген тірі организм топтарының негізгі синхрондаушы мәні жарық кезеңінен (жарық мезгілдерінің реттелуі) заңды өзгерісіне қарай қалыптасқан.Жарық түсу кезеңі белсенді тіршілік ету уақытының басталуы мен аяқталуын анықтайтын белгі беруші фактор болып табылады.
Организмдердің тіршілік әрекетінің тәуліктік ырғақтығында бұл өте айқын байқалады. Күндізгі уақыттың маусымдық өзгерістерге байланысты ұзаруынан көптеген түрлердің белсенді тіршілік ету уақыты да алға жылыжиды. Тіршілік ету барысындағы негізгі тәуліктік ырғақтық ұрпақтан ұрпаққа физиологиялық процестердің эндогенді айналымы кезеңі 24 сағатқа жақын бекіген. Айналым үрдісінің мұндай түрі (циркадных – латынша «Circa» - маңында және dies – күндіз) деп аталады. Эндогенді ырғақтылықтың әр қайсысы бір сағаттан екі фазадын: жарықтан және қараңғылықтан болады. Эндогенді ырғақтық негізінде жатқан «биологиялық сағат» толық зерттелмеген.
Хронона (C. Ehret, 1966) тұжырымы бойынша уақыт жөнінде есеп беруге ақпарт тасылмалдауға ДНҚ – ның ұзын тізбекті молекуласы қызмет атқарады, жіпшелері ажырап, соның нәтижесінде тасымалдаушы (матрициалық) РНК түзіледі, бір ғана ДНҚ жіпшелері толық ұзындығына жету үшін 24 сағат қажет.
Биологиялық сағат механизіміне нуклейн қышқылдарының қатынасуы ультракүлгін сәуле әсері ДНҚ спиралын зақымдап, нәтижесінде биологиялық сағаттың тоқтатуымен немесе циркадианды ырғақтық фазасын алға жылжытуымен нақтыланады. Омырқалы жануарларда циркадианды ырғақтың орталық реттелуі бүкіл организм деңгейіндегі аралық мимен байланысты.
Биологиялық сағаттың қайтымды ырғақтық байланысы негізінде реттелетін жоғарғы деңгейі гипоталамуста шоғырланған және мембрана моделі қағидасымен қызмет атқарады, егер клеткалық цикл Хронона моделі негізінде жүретін болса. Гипоталамустық реттелу нейросекреторлы жүйе арқылы іске асады және оған гуморальдық механизмдер қатынасады. Сондай – ақ омыртқалы жануарларда циркадианды ырғақтың реттелуінде эпифиз айтарлықтай маңызды роль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет