Оқулық " Экология"мамандығы



бет26/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   125
treatise95823

Бәсекелестік – бұл экологиялық тұтынушылығы ұқасас түрлердің арасында туындайтын арақатынас. Мұндай түрлер бірге қоректенген кезде, олардың біреуі өздеріне қолайсыз жағдайды табады, өйткені бұл жағдай азық-түлік қорларын иемдену мүмкіншілігін азайтады және мекендейтін жерлеріндегі басқа ресурстарға ұмтылуына себепші болады. Бәкелестік – қарым-қатынастағы әріптестердің екеуіне де теріс әсерін тигізетін экологиялық арақатынастағы ерекше форма. 1936 жылы Г.Ф.Гаузе түрлердің ара-қатынасындағы бәсекелестікке тәжірибелік зерттеу жасады. Ол инфузория туфелканың Paramecium aurelia және Paramecium caudatum әртүрге жататын екі популяциясын алып, популяция жиілігінің өзгерісін, олардың бөліп өсірген кезде жақсы көбейетіндігін және өсу жиілігінің логистикалық қисық сызыққа сәйкес келетіндігін бақылады. Екі түрдің де азығы болып, белгілі уақыт аралығында қоректік ортасына енгізіліп отырылған бактериялар болды.



6-шы сурет а) Организмдер арасындағы бәсекелестік
3.2.Теріс өзара қарым-қатынастар: бәсекелестік, жыртқыштық және паразиттік, антибиоз, аллелопатия.
Бәсекелестік. Екі түр бірдей ресурсты пайдаланған жағдайда (қорек, пана және т.б.) бәсеклестік пайда болады. Нәтижесінде – бір түр екіншісін ығыстырады. Бәсекелестік қарым – қатынас биоценоз құрылымына едәуір әсер етеді. Қауымдамдастық құрамына бәсекелестік негізінде түрлердің әлеуметік иреархиясы пайда болады, доминатты және екінші деңгейдегі түрлер қалыптасуы, тіршілік ету орындары мен олардың сандарының деңгейімен (биомассасымен) анықталады.
6
-шы сурет б) Организмдер арасындағы бәсекелестіктің өзара әсері

Дегенмен, бұл екі түрді бірге өсірген кезде, 16 күннен кейін тек қана Р.aurelia – ның жоғарғы жылдамдықпен көбейгендігі байқалды, нәтижесінде азыққа деген бәсекелестікте Р.caudatum жеңіске жетті. Басқа тәжірибеде Р. caudatum және P. Bursaria бір культурада бірге өсірді, олар бір тағамды тұтынды, соған қарамай тұрақты тепе-теңдігін сақтап өмір сүре алды. Бұл түрлердің дарақтарының әртүрлі қоректену ортасы бар екендігі анықталды: P. Caudatum судың тығыз бөлігінен орын алса, ал P. Вursaria судың түбінде өседі, азықтарының бірдей болуына қарамастан екі популяция да өмір сүре алды.
Г.Ф.Гаузенің ұсынған заңдылығы бәсекелестіктің ерекше қағидалары:
Егерде жақынтуысқа жататын екі түр бір орында лимиттелген және шектелген ресурстар санын бірдей бір уақытта пайдаланса, соңында бір түр екіншісін ығыстырып шығарады.
Табиғи бірлестіктегі организмдердің мәртебесін анықтау үшін, біз олардың белсенділігі, азықтары, энергия көзі және таралу ерекшеліктері туралы кейбір мәліметтерді, сонымен қатар оған сәйкес болатын популяциялық параметрлерді орналастыра білуіміз қажет.
Бір ағзаның (жыртқыш) жемтігін ұстауы, өлтіруі және ұстаған олжасын (сыбағасын) жеуін, түрлердің арасындағы мұндай қарым-қатынастың типін –жыртқыштық дейді. Табиғатта жыртқыштық өте белгілі. Жыртқыштық іс-жүзінде барлық жануарлар типінде, сонымен қатар саңырауқұлақтарда және жәндіктермен қоректенетін өсімдіктерде кездеседі. Жыртқыштық жүйесінде әріптесінің сыбағасы болу бір-біріне өзара ыңғайласқан. Жыртқыштарда эволюция үдерісі кезінде жемтігін аулауға икемделген: өте күшті көретін көздері және жылдам қимыл, қуатты азу тістері және т.б. жыртқыштардан жемтік болудан қорғану үшін жылдам жүгіру, түсін өзгертуі, қимыл әрекеттерімен көрсету боп табылады, бірлестіктегі жыртқыштықтың мәні - популяциялар санын реттеудегі басты үлгісі боп қорытындыланады.
Жыртқыштық әртүрлі түрлер арасындағы жемтікке бәсекелестік күшін төмендетеді, сондықтан да жыртқыштар жемтіктердің әртүрлі түрлерін сақтауға икем болады және олардың санын реттеп отырады.

7-ші сурет «Жыртқыш-жемтік» арасындағы өзара қарым-қатынас
Бір ағза (паразит) ағзалардың денесінің ішінде (иесі ретінде) немесе ағзаның денесіне жабысып олардың есебінен қоректенетін түраралық қарым-қатынас типін – паразитизм деп атайды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет