Оқулық " Экология"мамандығы


-ші сурет «паразит- иесі» арасындағы өзара қарым-қатынас



бет27/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   125
treatise95823

8-ші сурет «паразит- иесі» арасындағы өзара қарым-қатынас
Паразиттердің негізгі қызметтеріне мысал ретінде: өгіз және шошқа цепені, аскарида, ішек құрты, бит тағы басқалар. Паразиттиредің жыртқыштардан айырмашылығы өте ұсақ көлемде және көбею кезеңінің жоғарылылығымен де ерекшеленеді, және өз егесін бірден немесе мүлдем өлтірмейді. Паразиттердің иесіне азығы үшін ұмтылуы (кенелер), паразитизмнің уақытша сипаттамасы болуы мүмкін. Вирустар және саңырауқұлақтарды, сонымен қатар патогенді мироағзаларды, шыбын – шіркейлерді, трихограммаларды, қызыл қоңыздарды көбейтіп және таратып орналастырудың қортындысы паразитизм мен жыртқыштықты байланыстыратын күрестің биологиялық әдісі.
Популяциялардың немесе жекеленген даралардың арасында бір серіктестің бәсекелесі үшін зиянды әсерін тигізетін зат бөлуін қарым-қатынастықтың бұндай типін – антибиоз деп атайды. Мысал ретінде Penicillium саңырауқұлағының бактериялармен өзара әрекеттесуін айтуға болады. Penicillium бактерияларды өлтіретін пенициллин антибиотигін бөледі.
Тікелей және жанама ластаушы заттардың бірінің әсерінен өсімдіктердің және микроағзалардың ҚО әртүрлі улы химиялық байланыстарды бөлуі -аллелопатия антибиоздың бірден-бір формасы болып табылады. Мысалы, қыналар мироағзаларды өлтіретін ерекше зат – фитонцидтерді бөледі, сондықтан да дәрігерлер емдеу-сауықтыру орындарында емделіп жатқан тыныс алу мүшелері ауырып жатқан адамдарға қыналы ормандардың арасында демалуды ұсынады.
Көптеген тұқымдар, жапырақтар, өсімдіктің жапырағы мен гүлдері басқа түрлердің тұқымдарының өсуін тежейтін ерекше заттарды бөледі. Грек жаңғағы астында және жанында шөптесін өсімдіктер өспейді, себебі бұл ағаштың жапырағы фенолдық қосылыс юглонды бөледі, ол басқа өсімдіктердің өсуі мен дамуын тежейді.
Жағымды әсерлесуге жататындар – комменсализм, протокооперация және мутуализм.
Комменсал популяция өзіне пайда алады, ал ие популяцияға комменсалдың қатысуы еш нәрсе әкелмейді. Басқа сөзбен айтқанда - комменсализм – бір түрдің басқа түр үшін ешқандай залалын тигізбей біржақты пайдалану қарым-қатынастық типін комменсализм деп атайды. Бұл қарым-қатынастық әрекеттің мысалы ретінде акула мен балық жабысқы (балық-жабысқы жоғары жылдамдықпен жүзе алмайды) болуы мүмкін. Сондықтан да ол өзінің емізігі арқылы акулаға жабысып, онымен бірге үлкен аумақта қозғалысқа түсе алады. Акулаға бұл қатынас ешқандай пайда да, зиянын да әкелмейді.), солдық (львы) және қорқаулар (қорқаулар солдықтарды аңдып, олардан қалған жемтіктермен қоректенеді). Кейбір балықтың түрлері медузалардың қармалауыштарының арасынан өздеріне қорғаныш табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет