Бақылау сұрақтары
1.Түр аралық қарым – қатынастардың негізгі типтерін атаңыз. Мысалдар келтір.
2.Бірлестікте симбиотикалық қарым – қатынастың олардың басқа түрлерімен салыстырғанда қандай айрықша ерекшеліктері бар?
3.Ауыл шаруашылығы практикасында азотфиксациялаушы бактериялармен өсімдіктердің мутуализмі қалай пайдаланылады?
қандай жағдайда жыртқыштық бірлестіктің алуантүрлігінің азаюына алып келеді, ал қандайда кезде оның көбеюіне алып келеді?
4.Паразитизм жыртқыштықтан қалай ерекшеленеді?
5.Екі түрдің арасында болатын бірнеше әртүрлі типтегі байланыстарға мысал келтіріңіз?
6.Бәсекелестік қағидасына анықтама беріңіз? Оның экологиялық мәнін түсіндіріңіз?
7.Жүзеге асырылған экологиялық қуыстан фундаментальдының айырмашылығы неде?
8.Сіз қалай ойлайсыз, фундаментальды қуыстан түрдің жүзеге асырылған экологиялық қуысы қандай себептермен төмен болады?
9. Екі түрдің арасындағы бәсекелестіктің екі түрменде бәсекеге түпейтін үшінші түрге әсері бар ма?
10. «Антибиоз» және «аллелопатия» түсініктеріне анықтама беріңіз. Мысалдар келтір.
IV-БӨЛІМ БИОЦЕНОЗ ЖӘНЕ ЭКОЖҮЙЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК (БИОЦЕНОЛОГИЯ)
4.1.Биоценоз туралы түсінік.Экологиялық сукцессия: біріншілік , екіншілік.Климакс.
Табиғаттағы әртүрлі түрлердің популяцияларын бірлестіктің жоғары шегіндегі жүйесіне біріктіреді. Қолданылып жүрген бірлестік терминінің аз ғана бірлігі ретінде биоценозды қолдануы мүмкін. «Биоценоз» терминін 1877 жылы неміс зоологы Мебиус ұсынды.
Биоценоз – бұл барлық биологиялық түр популяциялардың жиынтығы, осы экожүйе функциясының қалыптасуына қатысатындар, демек, биоценоз тек өсімдіктің, жануарлар мен микроағзалардың түрлерін ғана қосып қоймайды, өзінің өмір сүру кезеңінің бір бөлігін өткізетін, бірақ та экожүйедегі тіршіліктің қалыптасуына өз әсерін тигізетін қоректенушілерді де қарастырады. Мысалы, көптеген жәндіктер балықтар мен басқа жануралардың күшті қорегі болатын суда көбейеді, ал ересек күйінде биоценоздың бір элементі ретінде жер бетіндегі өмір сүруін жалғастырады. Биоценоздардың масштабы әртүрлі – бірлестіктер (орналасуынан) бастап, iндердiң, құмырсқа илеуі, қандыағаш жапырақтарының толық масштабта орналасқанға дейінгі: ормандар, далалар, шөлдердің аралығын қамтиды. Фитоценоздар, микоценоздар, зооценоздар ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |