Оқулық " Экология"мамандығы


Кеңістік дифференциациясы



бет52/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   125
treatise95823

Кеңістік дифференциациясы. Қозғамалы ағзалар ретінде жануарлар үшін популяциялардың кеңістіктегі құрылымын анықтауда аумаққа олардың үйір болу деңгейінің маңызы өте зор. Кейбір нұсқаларда осы қасиет отырықшы немесе көшпелі тіршілік ету түрінде көрінеді. Осы екі нұсқаның аралығында аралық түрде болады.Отырықшы түрлерге аумақты пайдаланудың интенсивті түрі тән (шектелген аймақты мекен ету ауданын игеру (індерін қорек қорын сақтау орындарын қосқанда). Көшпелі түрлер аймақты пайдаланудың экстенсивті түрімен сипатталады (кең аймақта көшіп – қону). Популяциялардың кеңістіктегі құрылыминың «морфологиялық» аспектісі даралардың орналасу топографиясы болса, онда құрылымының өзара байланысу жүйесі – бұл оның функциялық аспектісі болады. Осы екі аспектінің үйлесімі биологиялық маңызды жануарлар популяциясының құрылымы түсінігін қалыптастырады. Кеңістік этологиялық құрылым туралы ұсыныс жануарлардың әртүрінің популяция құрылымының динамикалық тұрақтылығы мен бейімдеушілік сипатын қалыптастыратын механизмдерін анықтауға мүмкіндік береді.Мекен ету аумағының көлемі кешенді факторлармен анықталады (қорекпен қамтамаздығы, жер бедерінің әркелкілік деңгейі және т.б.). Сүтқоректілердің дене салмағына аумақ ауданының тәуелділігі анықталған Отырықшы жануар түрлеріне аймақты мінез – құлықтың болуы тән (аумақты белсенді қорғау, шекараны белгілеу, аймақтың консерватизм, аймаққа үйір болу).
Функциялық интерграция.Функциялық интеграцияның бейімделушіліктің жалпы жүйесінде «орталыққа ұмтылу» бағыттылығы болады, келесі функциялардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, ұдайы өндіру, даралар тығыздығын реттеу, сыртқы ортаға жауап қайтару.Интерграциялар механизмдерінің негізінде екі өзара байланысқан процестер жатыр жеке даралар мен олардың топтары орналасқан орыны туралы үздіксіз ақпаратпен өзіне ұқсастарды іздеуге және қарым – қатынас ұстауға жануарды ынталандыратын мінез – құлықтың тұқым құлауына негізделген стереотипі.


Популяция ішілік құрылымның әртүрлі сапалылығы.Жалпы кеңістікте байқалатын әртүрлі сапалық популяцияның «ядро» мен «периферияға» бөлінуімен сипатталады.
Популяцияның ядросы салыстырмалы тұрақты өте қолайлы жағдайда көбейетін жануарлар топтарының құрылымы. Ал периферияның құрамына ядродан бөлініп шыққан және екінші деңгейлік тіршілік ортасындағы даралар кіреді.
Түрдің кеңістік – этологиялық құрылымынын өзгермелілігі сыртқы ортаның динамикасы мен алуан түрлігіне тәуелді.
Кеңістіктің шектеулігі мен ресурстардың жетіспеушілігі заңды түрді популяция ішінде иерархияның пайда болуына алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет