Оқулық " Экология"мамандығы


Адам әрекеті – эволюциялық фактор ретінде



бет78/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   125
treatise95823

Адам әрекеті – эволюциялық фактор ретінде.Адам іс – әрекетінен өзгерген ландшафтарда бейімделген, мекендеуші жекеленген организмдер деңгейінің жауап қайтару реакциясымен шектелмейді. Антропогенді экожүйенің тұрақтылық қабілеті табиғи іріктелу үрдісінде әрдайым бекіп қалыптасуына байланысты. Басқаша айтсақ, бұл құбылыс тек экологиялық емес, сондай – ақ эволюциялық, көлемі жағынан микроэволюция үрдісіне сәйкес келеді. Оның толық нәтижесі жаңа түрлердің пайда болуында, олардың жаңа жағдайда тіршілік етуге бейімделу ерекшелігінде (фауна) адамдарға жақын жерді мекендейтін, бейімделген организмдер – антропогенді ланшафтардың қалыптасуына биоценотикалық жауаптың жалпы заңдылығынің көрінісі. Мысалы, сұр қарға, көгершін, ұй торгайы, үй егеуқұйрығы, сұр тышқан (пасюк) және т.б.
Белгілі құбылыс ретінде «насекомдар индустриясы» (тұңғыш рет Англияда ХХ ғасырдың ортасында қайыңды таукөбелектің Biston betularia) - ?
Таулы шөптесін өсімдіктер эволюциялық тұрғыда бейімделу реакциясына классикалық мысал ретінде Супальпілік таудың погремка тұымдасының Alectoroloppus major montanus бірнеше формадағы көбею циклы шалғынды жерлердегі адамның шөп жинайтын мезгілімен сәйкес келеді, басқа жағдайда (егістікте) тұқымның таралуы қара бидаймен бірмезгілге сәйкес болғандықтан, тұқымның морфологиялық сәйкестігі дәнді – дақылдырға ұқсас болып келеді.
Антропогендік әсерлеге жылдам бейімделу әсері адам баласынан күшті қысым көрген түрлерде тіркелген. Белгілі болғандай, мысалы антибиотиктерге әртүрлі микроағзалардың штамдары және вирустардың тұрақты болуы.
Бұл үрдістің қарқындалағы генетикалық механизмдермен және ұрпақ алмасудың жоғарғы ырғағымен анықталады. Осындай, генетикалық негізінде тез «бейімделу мүмкіндігі буынаяқтылар қатарының пестицидтер әсеріне қалыптасуынан көруге болады. Шынында, зиянкесткермен күресу барысында адам баласы табиғи іріктелуге тіршілік үшін күреске осы препарат формаларын «итермелейді».
Антропогендік әсер тек қана жекелеген түрлер эволюциясы емес, сондай – ақ біртұтас биоценотикалық кешенді қамтиды.
Экожүйедегі түрлер алуантүрлілігін жасанды түрде азайтып, олардың құрылымын ықшамдап, жоғарғы өнімділіктегі жасанды жүйені ұстап тұратын, адам баласы жалпы биоценотикалық қызметті өз қолына алуы тиіс, әйтпесе өгеріске ұшырайды.. Тек осы жағдайда ғана адам баласының жоғары өнімділікті алуға деген қызығушылық көзқарасы қоғамдастықтың айналым циклын қолданушылар «қызығушылығымен» сәйкес келуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет