Оқулық " Экология"мамандығы


Су көздерінің биологиялық тұрғыда өзін – өзі тазартуы



бет77/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   125
treatise95823

Су көздерінің биологиялық тұрғыда өзін – өзі тазартуы және таза судың қалыптасуы (А.С. Констанинов, 1979) табиғат қорғау мақсатында адам баласы пайдалануы мүмкін (технология). Суды жинақтаушы алаңға келіп түскен органикалық заттар (оның жеткілікті мөлшерінде) су көздерінде жинақталмайды, тыныс алу үрдісі кезінде минералданады. Әртүрлі ластаушы заттар метаболимге олардың биологиялық бұзылуынан ортаның детоксикациясы басталады.
Гидробионтты – фильтраторлар (сүзгіштер) суға жарық түсіреді, известі қалдықтарды су түбіне шөгіуіне көмектеседі және грунтта ластаушы зиянды заттардың сақталуына септігін тигізе отырып экожүйені тазартады. Автотрофтылардың көмірқышқыл газын сіңіруі ,су көздеріндегі газды сіңіруі су көздеріндегі газдық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Гидробионттардың суды қимылдату қызметі өте маңызды болып саналады. Судың турбурлентті қозғалысының күшеюі өзімен бірге көптеген биологиялық өзін – өзі тазарту үрдістерін арттырып, гидробионттардағы (катаболиттардің шығуын, анаболитердің келуін), өлі және тірі организмдерден ферменттердің түсуін (экстракция) тездетеді.
Гидробиоттар метаблоттеріне бай бірқатар суларларда, бірінші жарымдылық сапасын жоғарлатып және су көздеріндегі көптеген органимдер қауымдастығына қажетті жағдайды қамтамасыз етеді.
Адам баласының биосфераға әсерінің экологиялық пішіндері.Адам баласы табиғи қауымдастықтың тіршілік жағдайы мен құрамына тікелей әсер етумен қатар, жанама да әсер етеді. Көлік қатынасы мен байланыстың дамуы, су құрлыстары және мелиорация, қала санының өсуі ландшафтарды өзгертті, индустральды ауылшаруашылық әдістерін енгізу – адамның ниетінсіз – ақ түп – тамырымен қоршаған ортадағы экожүйе тіршілігін және жеке түрлерді өзгертуде.
Көлік қатынасының дамуы жануарлар мен өсімдіктердің табиғи ареалын тез ауыструына әсер етеді (носекомдар (буынаяқтылардың) – зиянкестердің егеуқұйрықтар, шөптесін өсімдіктердің және т.б.). Қолайлы жағдайларда сандары артып кетуі жиі кездеседі.
Мұндай «жарылыстың» басты себебі, түрлер қолайлы ортада жаңа мекенде, биоценоз құрамына алғашында кірмейді сондықтан, өзіне тән паразиттер әсерін сезе қоймайды, ауру қоздырушыларды, жыртқыштарды (саны аз кезінде) және т.б. Уақыт ағымында олардың ойға сыйғысыз көбеюі сол және басқа дәрежеде қысымға түседі: түр биоценоздық байланыс құрамына енеді, және оның көбеюі биотикалық жүйе қарамағындағы басқа түр популяциясымен өзара әсерлесуге тәуелді болады.
Бірақ та мұндай түрлер қауымдастықта жиі доминантты болып шығады. Кез – келген жағдайда жаңа түрлердің пайда болуы қауымдастық құрылымына әсерін тигізеді.
Экологиялық тұрғыда дұрыс зерттелмеген, жасанды жолмен әртүрлі биологиялық түрлерді жерсіндірудің (интродукция) жағымсыз салдары жиі кездеседі. Мысалы 1850 жылы Америкаға әкелінген үй торғайы (Passer domestecus) ауылшаруашылық зиянкестеріне қарсы бағытта жерсіндірілген болатын, бірақ олар үлкен аумақтағы егістік алқаптарындағы дәнді – дақылдармен және жеміс – жидектермен қоректеніп орны толмас шығын әкелген.
Интродуциентті түрлер жергілікті түрлерге қарағанда бәсекелестікке қабілетілігі өте жоғары және олардың ығысуына әкеледі.
Австралияға XIX ғасырдың ортасында европалықтар алып келген үй қояндары өте тез көбейіп, үйдің малының тиянақты өрісіне кәдімгідей бәсекелес болған. Ресейде американдық норканы (Mustella Vision) жерсіндіру сәтсіздікпен аяқталған: көбейіп алғаннан кейін, белсенді түрде жергілікті (халық – шаруашылығында өте бағалы) түр – веропалық норканы (М. Lutreola) ығыстырып жіберген.
Жерсіндіру көлемі – бағытталған түрде де, сондай – ақ ойламаған жерден болса да – ауқымы кең.
АҚШ – та, мысалы жер бетінің түкпір – түкпірінен жерсіндірілген 200 мыңға жуық түрлер мен өсімдіктер әралуандығы белгілі.
Гидротехникалық құрылыс салу нәтижесі көбінесе экожүйе құрылымының апатты жағдайда қайта құрылуына алып келеді.
1970 жылы Асуан плотинасы осы орталықтағы ауылшаруашылығындағы табиғи қалыптасқан гидрологиялық режимді бұзып, тұздардың жинақталуы мен егістік алқаптарының құрғап, азып – тозуына әкеліп соқтырған..
Қазіргі таңдағы ландшафтардың антропогенді өзгерісі түрлер құрамына, құрлысына және экожүйедегі экологиялық байланысына әсер ететін өте күшті және үздіксіз фактор болып табылады.
Сызбанұсқа (схемада) осы үрдістің келесі басты бағыттарын көрсетуге болады: түрлік құрамның бірігуі және экожүйеде биоценотикалық байланыстың ықшамдалуы (бұл йгроэкожүйе - ? және орман).

  1. Ықшамдалу әрқашан сыртқы әсерлерге жүйе тұрақтылығының болуы, жүйе ішілік өзара байланытың динамикалық тепе – теңдігінің бұзылуы.

  2. Мозайкалықтың өсуі биоалуантүрліктің көбеюі және биоценоздағы байланысты қиындатады; бұл осы типтегі антропогенді биоценоз тұрақтылығын жоғарлатады.

  3. Антропогенді «мәдени» ландшафтар табиғи ортада әрдайым өз әсерін қалдырады. Бұл олардың белгілі бір тіршілік формадағы организмдер үшін жарамдылығы мен тартымдылығын білдіреді. Осы арқылы антропогенді экожүйенің биотикалық кешені қалыптасады.

Антропогенді өзгерген ландшафтардың осы қасиеттері тірі организмдердің жаңа жағдайдағы диффернциялық реакциясын анықтайды және адам қолынан жасалған экожүйедегі антропогенді сукцессияға жатқандығын білдіреді.
Экожүйелердің антропогенді ықшамдалуының қолайсыз әсерін алдын алу үшін заңдылықтарға сүйену қажет. Бұл жолда – алуантүрлілікті сақтау қажеттігі туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет