Оқулық " Экология"мамандығы



бет75/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   125
treatise95823

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СУКЦЕССИЯ.
Биоценоздың дамуы, бір қауымдастықтың басқасына уақытқа тәуелді ауысуы экологиялық сукцессия (латынша succession – ауысу) деп атайды. Көпшілік жағдайда сукцессия үрдісі уақыт аралықтарымен, жылдармен өлшенеді, он жылдықтармен, бірақ бірқатар жағдайда ауысулар үлкен жылдамдықпен (мысалы, уақытша су қоймаларында) болуы мүмкін.
Сукцессия тұжырымының қалыптасуына көп еңбек сіңіргендер американдық ботаниктер Коулес (H.Coilles, 1899) және әсіресе Клементе (F.Clements, 1904, 1916).
Ф.Клемент тұжырымы бойынша сукцессия бұл ортаның климаттық өзгерістеріне жауап беру реакциясы (экожүйе деңгейіндегі бейімделу жауабы), қауымдастықтар қатарының алмасуы және нәтижесінде климаттық жағдайлар кешеніне бейімделген қауымдастықтар қалыптасады. Тұжырым авторы бұл қауымдастық соңын «климаксформация» (немесе климакс) деп атады.
Әртүрлі қауымдастықтан бастап және климакспен аяқталатын өсімдіктер ауысуын сукцессиялық серия деп атайды. Сукцессиялық серияны ылғалды жағдайға тәуелді гидросерияға бөледі (ылғалды жерді мекендейтін қауымдастықтар) және (құрғақ жерде мекендеуші қауымдастықтардан бастап).
Сукцессия үрдісі олардың ылғалды мекен ортасына байланысты бірлестік аралыққа ауыстырады , олар яғни жергілікті климатта динамикалық тепе – теңдікте тіршілік етеді.
Қазіргі таңда климакс өз кезегінде, уақытша жағдай болып есептеледі, яғни климаттың масштабтық және ғасырлық өзгерісінде, «ірімасштабтағы» өзіндік орны бар экожүйе өзгерісінде. Сукцессия тек қана прогрессивті ғана емес, сондай – ақ регрессивті де бола алады (қауымдастықтың бірігуі және таралуы (мысалы, антропогенді факторлар әсерінен).
Қауымдастық ауысуы абиотикалық факторлар әсерінен де болуы ықтимал, жер өзгерісінде, гидрологиялық режимде, сондай – ақ әртүрлі биотикалық факторлар (бір организмнің басқасына қолайлы тіршілік етуіне мүмкіндік жасауынан) сукцессияның жаңа этапы басталады.Осыған сәйкес сукцессияны ажыратады немесе (сыртқы абиотикалық факторларға байланысты) және (автогенді – тіршілік етуші қауымдастықтың құрылымы мен жүйесі өзгерісіне байланысты).
Жалпы сукцессияны біріншілік және екіншілік деп жіктеді. Біріншілік сукцессия субстраттан басталады, тірі организмдер әрекеті өзгермейді.
Екіншілік сукцессия субстратта дамиды, тірі организмдер әрекеті кешенінің алғашқы өзгерісі.
Экожүйенің ғасырлық ауысуы биоценоз динамикасының іргелі ірімасштабтағы формасын білдіреді. Осындай масштабтағы сукцессия түгелдей геологиялық кезеңді қамтиды және климат өзгерісіне байланысты қауымдастық типтері ауысуы, жер бедерінің және басқа да жер бетінің; олар биосфераның даму тарихына өз әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет