Оқулық " Экология"мамандығы



бет76/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   125
treatise95823

ЭКОЖҮЙЕ ДИНАМИКАСЫ.

  • Экожүйе динамикасы.

  • Сукцессиялық ауысу.

  • Мозайкалық климакс теориясы.

  • Фазалық дамудың жүру заңдылығы.

  • Сукцессиялық бәсеңдеу заңы.

  • Экожүйені сүйемелдеуші энергия максимумы ережесі немесе Г. Одум және Р. Пинкертон ережесі.

  • «Нөльдік максимум» ұстанымы немесе экожүйедегі өсімнің азаюы.

  • «Сукцессиялық тазару» ұстанымы, немесе климакстың түрлік құрамының тұрақтануы және азаюы.

  • Сукцессия барысында биогеохимиялық айналым тұйықталуының өсуі ережесі.

  • Эволюциялық – экологиялық қайталанбау заңы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Биценоздың тәуліктік және маусымдық аспектілерінің бейімделу «мағынасы» неде?

  2. Экологиялық суцессия дегеніміз не?



6.3 АДАМ ЖӘНЕ БИОСФЕРА. АДАМЗАТТЫҢ БИОСФЕРАҒА ТЕХНОГЕНДІК ӘСЕРІ.
Адамның ықпалының табиғатқа апатты нәтижелерін ең алғаш өсімдіктер мен жануарлардың азайған тізімінің көрісінен байқауға болады. Мұндай масштабтағы әсер таңқалдырады: тек тарихи кезеңнің өзінде ірі сүтқоректілердің 100 түрі және дәл сондай құстардың түрі мен тұқымдасы жойылғанын көруге болады.
Полеолит дәуіріндегі қаруды игерген ежелгі адам, жануарлар санының азаюына ықпал еткен. Шамамен жүз мың жыл бұрын Европада адамның қатысуынсыз орман пілдері мен мүйізтұмсықтар, аса ірі бұғылар жойылған. Бір мың жыл бұрын ежелгі полинейзейліктер алып құс моаны (Dinolitis). Жаңа Зеландияда атып алған. 1600 жылдан бастап сүтқоретілер мен құстарды атып алу іс қағаздарға тіркеле бастаған (кезбе көгершін, стреллерова сиыры, американдық бизон, туран жолбарысы және т.б.). Осы үрдістің қарқын алуы соңғы үш жылда (әсіресе өндірістік революция кезеңінде) орын алады. Құстар мен сүтқоректілерді жоюдың басты себебі – шамадан тыс аулан және зиянкестермен күресу болды. Осы формадағы түрлердің жойылуы популяция механизмдерінің бұзылуынан, олардың санының бірден азаюынан және халық санының көптігінен болса керек. Бірақ та экологиялық себептерден де аз түр жойылған жоқ, түрлік биотоптарды түп – тамырымен өзгертті, түрлер арасында жыртқыштық байланыс бұзылды, ауру тудырды және т.б. Қайта пайдалану (переэксплутация) су ортасы үшін де маңызды.
Кәсіптік шаруашылықты күшейту кәсіптік гидробионттар түрінің санын азайтып құрылымы мен қалпына келуіне әсерін тигізді. Әдетте, популяция жастық құрамының жасаруы орташа пішінді жануарлардың кішіреюіне алып келеді, кәсіптік шаруашылықтың ары қарай дамуына әсерін тигізеді. Кәсіптік шаруашылықты асыра пайдалану – түрлердің жойылуына және судағы қауыммдастықтың басқасымен ауысуы, адам үшін өте бағалы (мысалы: Баренцов теңізінде майшабақтардың мойваларамен ауысуы; Тынық мұхиттының солтүстік бөлігінде теңіз окундарының минтайлармен ауысуы).
Адамдардың шаруашылық әрекеті өсімдіктер үшін де апат әкеледі.Ертеден бері әлемнің барлық елдерінде орман ағаштарын шамадан тыс кесу, ауылшаруашылығына қажет жерлерді босату, тұқым егу үшін болса, кейінірек – нақты ағаш материалдарын алу болды. Нәтижесінде көптеген елдер (мысалы Греция және бірқатар Жерорта теңізі мемлекеттері) ормандарынан айырылды. 1914 жылға дейін орманды алқаптар 51 – ден 33% - ға дейін азайды. Қазіргі уақытта орман жыртқыштарын атып алу орталығы Орталық Америкаға көшірілді. Индонезия және бірқатар басқа мемлекеттер, әлі де болса кесілмеген ормандарға бай.
Жауын – шашынды тропикалық орман – жер планетасындағы ең бай экожүйе: барлығы 8% аумақты алып жатса да, олар қазіргі тіршілік етуші жануарлар түрлерінің тең жаратысының мекені. Экожүйе бұл түрлерге бай болуымен ерекшеленеді, және сондай – ақ айналымның толықтығымен: биогенді элементтердің тез қайта оралуы, олардың жинақталуына мүмкіндік бермейді. Осындай тамаша ормандардың азаю жылдамдығы 71 – 91 мың км2/ жылына, ал Амазонка елдерінде 100 км2/ жылына. Жақын уақыттарда бұл ормандардың толығымен жойылу қауіпі Филиппинде, Малайзияда, Батыс Африкада, ал жағдайы азырақ түзеліп келе жатқан Орталық Америка және Индонезия елдері.
Кесілген ормандарды қалпына келтіру үшін техникалық тұрғыда бағалы ағаш тұқымдастарын отырғызу қажет. Осы жолымен эволюциялық тұрғыда қалыптасқан тұрақты экожүйе қолдан отырғызылған құрылыммен алмасады. Бұл олардың қолайсыз әсерлерге тұрақсыздығын анықтайды, зиянкестердің бірден көбейіп кетуіне мүкіндік береді т.с.с.
Қазіргі өндірісі дамыған қоғамда орман шаруашылығының игерілуіне байланысты осылайша болып жатыр. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар, ормандармен тығыз байланыста, ғасырлар бойы жинақталған тағамға қажеттерін осы орманнан алады. Амазонка бассейінінің үнділер орман пайдаланудың көпқырларын меңгерген. Жергілікті топырақ құрамын жақсы меңгерген олар, жерді тиімді пайдаланып қоймай, орман ағаштарын егуде олардың тұқымдарын жақсы таңдай біледі. Осы жолмен олар орман алабын саваннада сақтайды, кесілген орман массивтерін қалпына келтіруде (P. Posey, 1989).
Биосфераның антропогенді ластануы, табиғи ресурстардың азып тозуы – ғаламдық экологиялық проблемаларды туындатады. Адам қолымен жасалған көпшілік синтетикалық заттар өмірге бөгде болып табылады, олар қоректік тізбек арқылы биогеохимиялық айналымға қатынасады, алмасу үрдісінің жолын бітейді, организмдердің эволюциялық тұрғыдан қалыптасқан гендік аппаратын бұзады ақыр соңында экожүйе тепе – теңдігін шегінен шығарып, биосфераға қауіп төндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет