Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет199/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   309
Макроэкономика

Негізгі түсініктер: экономикалық өсу; экономикалық даму
экономикалық өсудің мақсаты; экономикалық өсудің тиімділігі
экономикалық өсудің сапасы; экономикалық өсудің дағдарысы
теңгерімді экономикалық өсу; экономикалық өсу қарқыны; жан 
басына шаққандағы жалпы ішкі өнім; экономикалық өсудің фак-
торлары; ұсыныс факторлары; сұраныс факторлары; бөлу фактор-
лары; еңбек өнімділігі; технологиялық прогресс; адам капиталы; 
экстенсивті өсу; интенсивті өсу; Домар үлгісі; Харрод үлгісі; Солоу 
үлгісі; қорланудың «алтын ережесі»; өсудің «кепілдендірілген» 
қарқыны; өсудің «табиғи» қарқыны; динамикалық тепе-теңдік; 
«жаңа экономика»; т.б.
Тақырыптың мазмұны. 
Экономикалық өсу кез келген елдің экономикалық өмірінің 
аса маңызды мəселесі болып табылады. Алдымен, «экономикалық 
өсу» мен «экономикалық даму» ұғымдарын ажырата білу қажет. 
Экономикалық даму экономиканың өсуімен қатар экономиканың 
құлдырау үрдістерін де өзіне жатқызатын аса кең мағыналы ұғым 
болып табылады.


281
Экономикалық өсу қандай да бір елдің ұлттық экономи-
касында белгілі бір уақыт аралығында өндірілген тауарлар мен 
көрсетілген қызметтер көлемінің өсуін сипаттайтын сол елдің 
экономикалық əлеуетінің ұлғаюын көрсетеді. 
Экономикалық өсу - ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен 
қатар сапа жағынан жетілдірілуі; өндіргіш күштердің ұзақ мер-
зімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи 
дəрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. 
Американдық экономист, Нобель сыйлығының лауреаты Сай-
мон Кузнец дамыған елдердің экономикалық өсуінің бірқатар 
көрсеткіштерін атап өтеді:
− жан басына шаққандағы табыстың өсуінің аса жоғары қар-
қыны;
− өндіріс факторлары өнімділігінің аса жоғары қарқынмен 
шап шаң өсуі;
− экономиканы жаңа бағыттарға қайта құрудың аса жоғары 
қарқыны;
− əлеуметтік, саяси жəне идеологиялық түрлендірудің аса 
жоғары қарқыны;
− экономикалық өсудің халықаралық масштабтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет