Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет56/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   309
Макроэкономика

d
 = Y – T, яғни жеке табыс минус жеке 
табыс салықтары.
Кейнстің қарапайым тұтыну функциясы:
C = C (Y - T),
мұнда, С – тұтыну шығындары, Y – табыс, Т – салықтар.
Жоғарыда атап өткендей, Кейнстік теорияның классикалық 
мектеп өкілдерінен айырмашылығы, оның ойынша адамдар өз 
та быстарын тұтыну мен жинаққа бөлгенде пайыздық қойылымға 
емес, психологиялық факторларды басшылыққа алады. Кейнс 
өзінің тұтыну теориясына сəйкес, адамдардың мінез-құлқын си-
паттайтын негізгі психологиялық заңды ашты.
Кейнстің негізгі психологиялық заңы: «табыс өскен са-
йын тұтынушылар тұтынуды арттырады, бірақ тұтынудың ар-
туы табыстың өсуіне қарағанда кем артады, яғни тұтынудың 
өсуі табыстың өсу көлеміндей болмайды». Адамдардың табысы 
артқан сайын тұтынуға деген бейімділік төмендей береді жəне 
керісінше жинақтауға деген бейімділік арта түседі. Тұтыну мен 
жинақтау функцияларының графигі 4.2-суретте көрсетілген.


86
Психологиялық фактор тұтыну мен жинақтауға бейімділіктің 
түрлерін анықтайды.
Тұтынуға деген шекті бейімділік (MPC – marginal propencity 
to consume) – қолда бар табыстың кез келген өзгерісінде тауар-
лар мен қызметтерге жұмсалатын шығындар өсімінің пайыздық 
үлесі.
MPC = ΔC / ΔY
d
,
мұнда, МРС – тұтынуға деген шекті бейімділік; ΔC – тұтыну 
шығындарының өсімі; ΔY

– қолда бар табыстың өсімі.
Тұтынуға деген орташа бейімділік (АPC – average propencity 
to consume) – үй шаруашылықтарының тауарлар мен қызметтерді 
сатып алуға жұмсайтын қолда бар табыстарының бөлігі.
АPC = C / Y
d
,
мұнда, АРС – тұтынуға деген орташа бейімділік; C – тұтыну 
шығындарының мөлшері; Y

– қолда бар табыстың мөлшері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет