Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


-сурет. Тұтыну мен жинақтау функциясы 88



Pdf көрінісі
бет58/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   309
Макроэкономика

4.2-суретТұтыну мен жинақтау функциясы


88
оң жағы) тұтыну шығындары табыс көлемінен аз болады. Бұл 
жағдайда енді адамдар қарызға өмір сүру мəселесінен құтылып 
артылған табыстарының бір бөлігін жинақтай бастауға мүмкін- 
дік алады.
Тұтыну мен жинақтауға əсер ететін негізгі фактор – қолда бар 
табыс. Қолда бар табыс деңгейі өзгергенде тұтыну мен жинақтау 
өзгерістері С мен S қисықтарының бойында жүріп отырады. 
Сонымен қатар, тұтыну мен жинақтау қисықтарын оңға (тө-
мен) немесе солға (жоғары) жылжытатын басқа да факторлар бар:
1) Үй шаруашылықтарының жинаған байлықтары. Отбасы 
байыған сайын тұтыну өседі, соған сəйкес, тұтыну қисығы (С) 
жоғары жылжиды.
2) Баға деңгейі. Бағаның өсуі халықтың тұтыну мүмкіндіктерін 
төмендетеді де, табысының белгілі бір бөлігін құнсыздандырады. 
Мұндай жағдайда тұтыну қисығы төмен қарай ығысады.
3) Күтім. Егер тұрғындар болашақта тауар тапшылығы бо-
лады деп болжамдаса, онда олар ағымдағы тұтынуды арттырып, 
жинақты қысқартады. Ал тұтыну қисығы жоғары жылжиды.
4) Тұрғындар қарызы. Егер несиелік қарыздар өссе, онда 
тұтыну қарыздар төмен жылжиды.
5) Салық салу деңгейі. Салық мөлшерлемесі мен көлемінің өсуі 
тұтынуды да жинақтауды да қысқартады. Бұл жағдайда тұтыну 
қисығы төменге, ал жинақтау қисығы жоғарыға жылжиды.
Енді Кейнстің қарапайым тұтыну функциясы былай өрнек-
теледі:
C = a + b (Y – T),
мұнда, а – автономды тұтыну (табысқа байланысты емес 
тұтыну); в – тұтынуға деген шекті бейімділік.
Жинақтау функциясы:
S = - a + (1 - b) (Y – T),
мұнда, S – жеке сектордың жинақтары, 1-b – жинақтауға шекті 
бейімділік.
Сонымен, біз тұтыну функциясына сəйкес, тұтынудың екі 
түрін ажыратамыз: табысқа байланысты тұтыну жəне табысқа 
байланысты емес автономды (тəуелсіз) тұтыну.


89
Дегенмен, Кейнстің бұл теориясы 1942 жылы 1929-1941 жыл-
дардағы статистикалық деректермен сыналды. Осы мəлі меттер 
негізінде алынған Кейнстің тұтыну функциясы былайша көрініс 
тапты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет