Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


 Автономды (тəуелсіз) инвестициялар



Pdf көрінісі
бет61/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   309
Макроэкономика

1. Автономды (тəуелсіз) инвестициялар – ұлттық табыстың 
өсіміне байланысты емес тұрақты инвестициялар. Автономды 
инвестициялар техникалық прогрестің құбылмалы болуы, халық 
санының өсуі, сыртқы нарықтардың кеңеюі, адамдар талғамының 
өзгеруі сияқты себептерге байланысты пайда болады. Мұндай 
инвестициялардың көзі болып əдетте, мемлекет бюджет табыла-
ды. Осы жерде автономды инвестицияның қарапайым функция-
сын да келтіріп кеткен жөн:
I = e – dR,
мұнда, I – ұлттық табыстан тыс жүзеге асырылатын автоном-
ды инвестициялардың шығындары;
е – сыртқы экономикалық факторлармен (мысалы, пайдалы 


92
қазбалардың қорлары жəне т.б.) анықталатын автономды инвес-
тициялар;
R – нақты пайыздық қойылым;
d – инвестицияның пайыздық қойылымның қарқынына сезім-
талдылығын анықтайтын эмпирикалық коэффициент.
2. Туынды (индуцирлі) инвестициялар – ұлттық табыстың 
өзгеруіне байланысты жүзеге асырылатын тəуелді жəне ынталан-
дырушы инвестициялар. Автономды инвестициялар жиынтық 
табысты арттырып, соның өсуімен байланысты тəуелді инвес-
тицияларды ынталандырады. Мұндай инвестициялардың көзі - 
əдетте, кəсіпкерлік пайда болады, ал соңғысы Y ұлттық табыстың 
өсуі мен қатар ұлғаяды. Олай болса, туынды инвестициялар да 
артады. Бұл жерде жиынтық табыстың өсуіне орай, өндірістік 
инвестициялармен бірге, тауарлық-материалдық қорларға жəне
тұрғын үй құрылысына да инвестициялар артады. Демек, эко-
номи каның жандануы жағдайында ескі капиталдардың қоры 
жаңартылады жəне тұрғын үйге сұраныс ұлғаяды.
Инвестициялардың табысқа оң тəуелділігі мынадай функция 
бойынша өрнектеледі:
I = e – dR + γY,
мұнда, γ – инвестициялауға деген шекті бейімділік;
Y – жиынтық табыс.
Инвестициялауға деген шекті бейімділік (MPI – marginal 
propensity to investment) – жиынтық табыстың кез келген өзге-
рісіндегі инвестициялауға кететін шығындар өсімінің пайыз дық 
үлесі:
МРІ = ΔI / ΔY,
мұнда, ΔI – инвестициялар шамасының өзгеруі; ΔY – табыстың 
өзгеруі.
Сонымен, автономды жəне туынды инвестициялардың қи-
сығын төмендегі суреттен көруге болады.
Кейнстік экономикалық бағыт əрқашанда жиынтық сұраныс 
тарапынан дағдарыстық экономиканы зерттеуге бағытталған. 
Экономикалық белсенділіктің деңгейі төмен болғанда жиын-
тық сұранысты үнемі ынталандырып отыру керек. Сол себепті 


93
өндірістің терең құлдырауын болдырмау үшін, жиынтық сұра-
нысты реттеу бойынша мемлекеттің белсенді экономикалық сая-
саты қажет. Сондықтан да Кейнстің теориясын көп жағдай ларда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет