141
шегіндегі ені жүздеген км, тереңдігі 2000-3000 метрден 3500-4500
метрге дейін жететін беті тегіс немесе шамалы ғана толқынданған
жазық болып келеді.
Мұхиттарға тəн жер қыртысы
континенттік қыртыспен
салыстырғанда тек қана шөгінді жəне базальтты қабаттардан тұрады,
мұнда гранитті қабат мүлдем болмайды. Мұхит түбіндегі шөгінді
қабаттың қалыңдығы да бірнеше км аспайды жəне олар көбінесе, əлі
қатайып үлгермеген борпылдақ жыныстар түрінде таралады.
Дүниежүзілік мұхит түпкі жер бедері қалыптасу ерекшелігіне
қарай мынадай ірі құрылымдарға жіктеледі:
Материктің шеткі жағалық бөлігі (материктік қайраң, материктік
беткей, материктік еңкіш жазықтар), дүниежүзілік мұхит айдынының
20,5%-ын құрайды.
Өтпелі зона (шеткі теңіздер, аралдар доғасы, терең шұңғымалар),
дүниежүзілік мұхит айдынының 6%-ын құрайды.
• Суасты орта жоталары (осьтік жоталар,
ұзына бойғы рифт
аңғарлары, көлденең тектоникалық аңғарлар), дүниежүзілік мұхит
айдынының 32%-ын құрайды.
• Мұхит табаны (қазаншұңқырлар, жекелеген тау жоталары мен
көтерілімдер), дүниежүзілік мұхит айдынының 41,5%-ын құрайды.
Дүниежүзілік мұхит гипсометриясы –
батиметрия (
батос
– тереңдік деген мағына береді) деп аталады. Батиметриялық
көрсеткіші бойынша мұхит табанының 0-200 м-ге дейінгі бөлігі
не-
Достарыңызбен бөлісу: