142
сыртқы күштердің əрекетіне де тəуелді болады. Сыртқы күштердің
барлық əрекеттерінің қозғаушы күші – Күн сəулесінің түсу мөлшері
мен соған сəйкес климаттағы өзгерістердің сипаты болып табылады.
Жер бедері тез арада қарқынды түрде биіктесе сыртқы күш
əрекеттерінің жүру сипаты мен жылдамдығы да өзгереді. Жер
бедерінің қалыптасуы мен дамуы жаңа жағдайдағы өзгерістерге
сəйкес бейімделіп отырады.
Демек, қазіргі жер бедерінің қалыптасуы ішкі жəне сыртқы
күштердің ұзақ геологиялық уақыт аралығындағы өзара əрекетінің
нəтижесі болып табылады.
Экзогендік процестер жəне жер бедері. Экзогендік процестер
əсерінен түзілетін жер бедері əртүрлі климаттық жағдайлар мен ауа
райы элементтерінің,
өзендер мен көлдердің, теңіздердің, мұздық
пен қардың, желдің жəне тағы басқа əрекеттердің əсерінен пайда
болады.
Экзогендік процестердің негізгі көзі – күн радиациясы, ол жер
бетімен, гидросфера жəне атмосферамен өзара əрекеттесіп, əртүрлі
климаттық жағдайларды қалыптастырады. Ал
климат жағдайлары
бүкіл жер бетінің өзгеруінде негізгі факторлардың бірі болып сана-
лады.
Климат элементтерінің ішіндегі аса маңыздысы – ауа темпера-
турасы жəне оның өзгерісі. Осы ауа температурасының əсерінен
əртүрлі климат қалыптасады. Мəңгі мұздар мен қар жамылғысының
пайда болуы, тау жыныстарының үгілуі, химиялық процестер жəне
т.б. осы ауа температурасы өзгерісіне тікелей байланысты.
Климаттың екінші маңызды элементтерінің бірі – жауын-шашын.
Олар өзендердің, көлдердің, батпақтардың жəне
мұздықтардың
пайда болуына едəуір əсерін тигізеді. Тау жыныстарының ыдыра-
уына жəне олардың тасымалдануына, жер бедерінің көптеген жаңа
пішіндерінің қалыптасуына жауын-шашын өте қолайлы жағдай жа-
сайды.
Жел бір жағдайларда кұм бөлшектері арқылы тау жыныстарын
бұзып, қашап, өңдеп механикалық əсер етсе, екінші жағдайларда
құмның тасымалдануына, шөгуіне жəне жаңа аккумуляциялық жер
бедерлерінің (құм төбелер, бархандар, жағалық шағылдар жəне
т.с.с.) құрылуына себепші болады. Мұздықтар биік таулы өлкелерде
едəуір механикалық (экзарация) жұмыс жасап, ерекше мұздық жер
бедері пішіндерін құрады.
Жер бедерінің құрылуына əрқашан əсерін тигізіп отыратын тағы
143
да бір экзогендік жер бедерін құратын
процестердің энергиялық
көзі – гравитация немесе ауырлық күші. Бұл күштер аркылы неше
түрлі опырылулар, қорымдар, жылжымалар, қар көшкіндері жəне
т.б. қиратқыш табиғи құбылыстар пайда болады.
Экзогендік процестердің жалпы энергиясының
негізгі көзінің
бірі – Жердің өз білігі бойымен жəне Күннің төңірегінде қозғалуы,
осының əсерінен жылдың төрт мезгілінің болуы жəне күн мен
түннің ауысуы жүзеге асады. Ауа температурасының, жауын-ша-
шын мөлшерінің жəне табиғи қиратқаш құбылыстардың маусымдық
өзгеруі, жалпы айтқанда, жер бедері
пішіндерінің құрылуына
едəуір əсер ететін бүкіл табиғи ландшафтының жаңаруы осы
құбылыстармен байланысты. Сонымен қатар Жердің өз білігі бойы-
мен айналуы жер бедерінің өзгеруіне тікелей ықпалын тигізеді.
Сыртқы күштер болып табылатын күн сəулесінің энергиясы
мен ауырлық күші эндогендік əрекет нəтижесінде қалыптасқан жер
бедері пішіндерін бұзумен қатар, жер бедерінің жаңа пішіндерін де
түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: