Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет110/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

синклинальдық, 
антиклинальдық, моноклинальдық, грабендік (опырынды), 
тектоникалық жарылым бойына сəйкес келетін, аккумуляция-
лық жəне эрозиялық аңғарларға бөлінеді. 
71-сурет. Жазық жер өзені
Аңғарлар өзі өтетін аймақтардың сипатына қарай таулы жəне 
жазық аңғарларға бөлінеді. Таулы аңғарлар əдетте, терең, тар жəне 
жағалары тік болады, ал бойлық кесіндісі өте еңкіш немесе құлдилы 
болып келеді. Жазық аңғарлар керісінше, кең, жағалары жайпақ
көлбеу немесе сатылы болып келеді, өзен өте көп иректеліп, күрделі 
меандрлар жүйесін түзеді (71-сурет).
Аңғарлардың халық шаруашылығындағы маңызы өте зор. 
Қазақстанның Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария сияқты жазық 
жер өзендерінің жайылмалары шұрайлы шабындық үшін, ал терра-
салары əртүрлі ауылшаруашылық дақылдарын егу үшін кеңінен пай-
даланылады. Елді мекендер көбіне өзен аңғарларына орналасады.
72-сурет. Өзен жүйесі жəне оның бөліктері


154
Өзеннің құяр жері – сағасы, қалыптасу ерекшелігіне қарай эсту-
арий жəне атырау деп бөлінеді. Эстуарий жасап құятын өзендер – 
Темза, Сена, Енисей, Парана, Конго жəне т.б. Ең үлкен эстуарий Па-
рана өзені сағасындағы Ла-Плата шығанағына сəйкес келеді. Оның 
ұзындығы 320 км, ең кең бөлігінің көлденең қимасы 220 км жетеді. 
Шағын эстуарийлер кірме немесе ернеу деп аталады (72-сурет).
Атырау жасап құятын өзендерге Ніл, Лена, Еділ (Волга), Ори-
ноко жəне т.б. өзендер жатады. Атыраулар қарапайым жəне көп 
тармақты болып келеді. Өзендердің атыраулары бірігіп, атыраулық 
жазықтарды түзеді, оларға Ұлы Қытай, Месопатамия сияқты 
жазықтарды атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет