256
қарсы ағыс алып келген артық сулар есебінен пайда болады. Атлант
мұхитында
Ломоносов, Тынық мұхитында
Кромвелл ағысы деп ата-
лады.
Тереңдегі ағыстар беткі су мен тереңдегі су массасының
температуралық жəне тығыздық
айырмашылығы есебінен
қалыптасады. Олардың жылдамдығы өте баяу болады.
Түпкі ағыстар мұхит түпкі жер бедерінің ерекшелігіне,
судың
тығыздығына сəйкес қозғалады. Олардың қозғалу бағыттары мұхит
түпкі шөгінділерінің жинақталуыны ықпалын тигізеді.
Атмосфераның жалпы циркуляциясы əсерінен Дүниежүзілік
мұхитта беткі ағыстардың біртұтас жүйесі қалыптасқан. Экватордың
екі жағында пассаттар əсерінен қалыптасатын ағыстар шеңберлі ай-
налым жасайды.
Олар солтүстік жарты шарда сағат тілі бағытымен, ал оңтүстік
жарты шарда оған қарсы бағытта болады. Субтропиктік жоғары
қысымды орталықтар маңында олар үлкен айналымдар жасайды.
Бұл ағыстар жүйесін
гидрологиялық шеңберлер,
ал шеңберлердің
түйісу аудандарын
гидрологиялық фронттар деп атайды.
Бұл алып ағыстар жүйесінің тұрақты бөліктерін
Солтүстік жəне
Достарыңызбен бөлісу: