Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Дүниежүзілік мұхит суының қозғалыстары, беткі ағыстар



Pdf көрінісі
бет179/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

6.4. Дүниежүзілік мұхит суының қозғалыстары, беткі ағыстар
 Дүниежүзілік мұхит сулары ұдайы қозғалыста болады. Шығу тегі 
мен сипатына қарай бұл қозғалыстардың бірнеше түрін ажыратуға 
болады. 
Дүниежүзілік мұхит деңгейінің өзгеруі мерзімді жəне мерзімді 
емес болып бөлінеді. Мерзімді өзгерістер толысу жəне қайту 
əсерінен болатын болса, мерзімді емес қозғалыстарға тропиктік 
циклон, цунами, дауыл желдер əсерінен пайда болатын толқынды 
қозғалыстар жатады. Əсіресе, толқындар су бетінде жел əсерінен 
жиі пайда болады (124-сурет). 
124-сурет. Теңіз жағалауындағы толқынды қозғалыстар
Құрлықтан мұхитқа немесе мұхиттан құрлыққа қарай соғатын 
желдер жағалаудағы су деңгейін өзгертеді. Сондай-ақ, суасты 
жанартауларының атқылаулары мен жер сілкінулерден соң ора-
сан зор толқындар – цунами пайда болады. Жел əрекетінен пайда 
болған толқындардан цунамидің басты айырмашылығы – толқын 
пайда болған жердегі бүкіл су массасын (түбінен бетіне дейін) түгел 
қамтиды. 
Цунами пайда болған орталығынан жан-жағына қарай орасан зор 
жылдамдықпен таралады. Ашық теңіздегі толқын ұзындығы 100-200 
км, биіктігі 1 м шамасында болады, бірақ жағалауға жақындағанда 
апатты толқынның биіктігі 40 метрге дейін жетуі мүмкін. 


255
Мұхит суының тік бағыттағы қозғалыстары қасиеттері əр-
түрлі су қабаттарының алмасуы нəтижесінде жүзеге асады. Мұхитта 
су қабаттарының тік бағыттағы алмасуы тайыз жағалаудағы күшті 
желдер əсерінен де болуы мүмкін. 
Дүниежүзілік мұхиттың көпшілік бөлігінде тəулігіне су деңгейі 
екі рет көтеріліп, екі рет төмен түседі, оны толысу жəне қайту 
толқындары деп атайды. Бұл құбылыс Айдың тартылыс күшіне бай-
ланысты екендігі адамдарға ерте кезден бері белгілі. Ашық мұхитта 
толысу толқындарының биіктігі 1-1,5 метр шамасында болады, 
бірақ тар шығанақтарға енген кезде, толысу деңгейі жоғарылайды. 
Ең биік толысу толқындары Канаданың солтүстік-шығысындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет