Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет176/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

мерзімдік жəне басты (тұрақты) деп бөлінеді. Мерзімдік термо-
клин 200 метрлік тереңдікте болады, жылдық температура шегінде 
өзгеріп отырады. Басты термоклин 1000-2000 метрлік тереңдікті 
қамтиды, жыл бойы тұрақты сақталады. 
Жалпы алғанда, Дүниежүзілік мұхиттың орташа температурасы 


249
+3,8
0
С шамасында, алайда оның көрсеткіші географиялық ендік пен 
тереңдік бойынша өзгеріп отырады (15-кесте).
15-кесте. 
Мұхит суы температурасының тереңдік бойынша өзгерісі, С
о
Ендіктер
Тереңдік, метр есебімен
0
200
500
2 000
4 000
5 000
Экватор бойында
26,65 12,99
8,14
2,69
1,70
1,56
Тропиктік 
ендіктерде 
26,06 18,06
8,82
2,48
1,56
1,51
Полярлық 
ендіктерде 
1,69
1,29
1,83
0,85
0,26
0,57
Мұхит түбіне жақын су қабаттарының температурасына Жердің 
ішкі жылуы да əсер етеді. Қызыл теңіздің табанындағы ойыстарда 
судың температурасы +72
0
С-ге дейін жетеді. Ыстық тұз ерітіндісі 
күйінде болатын бұл судың құрамында темір, марганец жəне түсті 
металдар мөлшері кəдімгі мұхит суына қарағанда мың есе көп. 
Дүниежүзілік мұхит суларындағы ерекше құбылыстардың біреуі 
апвеллинг (ағылшын тілінде upwell, up – жоғары, well – құйылу 
деген мағына береді) деп аталады. Ол мұхит тереңіндегі салқын 
сулардың жоғары көтерілуімен байланысты. Көпшілік жағдайда ап-
веллинг материктердің батыс жағалауындағы тропиктік ендіктердегі 
пассат желдерінің əрекетінен қалыптасады. Апвеллинг нəтижесінде 
тереңдегі салқын сулар мен беткі сулар арасында су массаларының 
алмасуы жүзеге асады (122-сурет).
122-сурет. Дүниежүзілік мұхиттағы жағалық апвеллинг аудандары


250
Тропиктік ендіктерден тұрақты соғатын пассат желдері беткі 
суларды ағызып əкетіп отырады да, оның орнына тереңдегі салқын 
сулар жоғары көтеріледі. Соның нəтижесінде материктердің батыс 
жағалауларында суық ағыстар жүйесі қалыптасады.
Оңтүстік жарты шарда бұл ағыстар солтүстікке, ал Солтүстік 
жарты шарда оңтүстікке бағытталады. Алайда, Кориолис күшінің 
ықпалымен бұл ағыстар батысқа қарай бұрылып, ашық теңізге 
барып күшін жояды. Бұл су массаларының құрамы фосфор, азот, 
оттегіне бай болып, ол өз тарапынан осы аймақтардағы биологиялық 
өнімділікті арттырады. 
Апвеллингтің аса ірі аудандары Атлант мұхитында Канар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет