Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-кесте.  Мұхит жəне өзен суының тұздылық көрсеткіштері,%



Pdf көрінісі
бет178/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

16-кесте
Мұхит жəне өзен суының тұздылық көрсеткіштері,%
№ Негізгі қосылыстар
Мұхит суы
Өзен суы
1 Хлоридтер 
88,7
5
2 Сульфаттар 
10,8
10
3 Карбонаттар 
0,3
60
4
Азот, фосфор, кремний 
жəне органикалық қосылыстар
0,2
25
Барлығы 
100
100
Дүниежүзілік мұхит суының орташа тұздылығы 35
0
/
00 
(промил-
ле) шамасында. Бұл көрсеткіш судың беткі қабаттарында көбінесе 
атмосфералық жауын-шашын мен буланудың арақатынасына, 


252
сондай-ақ географиялық ендікке байланысты болады. Булану жа-
уын-шашын мөлшерінен басым болатын аудандарда мұхит суының 
тұздылығы жоғары болады. Тропиктерге таяу аудандарда тұздылық 
36
0
/
00 
шамасында болса, Қызыл теңіздің солтүстігінде Дүниежүзілік 
мұхиттағы ең жоғары тұздылық (41
0
/
00
) байқалады. 
Мұздықтардың еріген суымен толығатын жəне жаңбыр мол 
жауатын аудандарда (полярлық жəне экваторлық ендіктер) мұхит 
суының тұздылығы төмендеу болады. Экватор маңында 34
0
/
00 
шама-
сында, қоңыржай жəне поляр ендіктерінде 33
0
/
00 
-ге жуық. 
Мұхиттың ірі өзендер келіп құятын бөліктерінде де су тұздылығы 
ашық мұхитқа қарағанда төмен болады. Бұл құбылыс Амазонка 
өзенінің сағасында жағалаудан 150 км қашықтығында да байқалады. 
Мұхит суының орташа тұздылығы бірдей нүктелерін қосатын 
сызықты – изогалин сызығы деп атайды.
Мұхит суының құрамында тұздардан басқа, орасан мол 
мөлшерде еріген газдар кездеседі. Олар мұхитқа атмосферадан 
келіп түседі, сондай-ақ суасты жанартаулары атқылау барысында, 
суда жүретін химиялық жəне биологиялық процестер нəтижесінде 
бөлініп шығады. 
Мұхит суында кездесетін маңызды газдарға оттегі, көмірқышқыл 
газы, азот жəне күкіртсутек жатады. Оттегін мұхитта тіршілік ететін 
балдырлар фотосинтез процесі барысында бөліп шығарады, едəуір 
бөлігі ауадан алынады. Мұхит суы құрамында тереңдеген сайын 
оттегі мөлшері азая береді. 
Күкіртсутек бактериялардың тіршілік əрекеті нəтижесінде 
түзіледі, бұл газ басқа тіршілік иелері үшін өте зиянды. Қара теңіздің 
терең қабаттарында күкіртсутектің мөлшері 6,5 см
3
/л жетеді, 
сондықтан теңіздің бұл бөлігінде тіршілік жоқтың қасы. Мұхит 
суындағы еріген газдардың мөлшері температураға тікелей байла-
нысты; су салқын болған сайын оның құрамындағы газ мөлшерінің 
концентрациясы да артады. 
Мұхит суының тұздылығы онда жүретін көптеген табиғи про-
цестерге ықпал етіп, сол арқылы бүкіл Жер шары табиғатының 
ерекшеліктерін қалыптастыруға қатынасады. Судың тұздылығы 
артқан сайын оның қату температурасы да төмендей береді. 
Екі жарты шардың полярлық аймақтары мен оған жалғас 
жатқан материктер жағалауларында мұз жабыны пайда болады. 
Олар мерзімдік, бір жылдық жəне көп жылдық мұздар деп бөлінеді. 
Тұрақты мұз жамылғысы Солтүстік мұзды мұхиттың 70%-ға жуық 


253
акваториясын жауып жатыр. Оларды пак мұздары деп атайды. Пак 
мұздарының қалыңдығы 7 метрге дейін жетеді, ашық көгілдір түсті, 
мұз құрсаулары жиі болып тұратындықтан беткі бөлігі тегіс болмай-
ды. Олардың аумағы жыл мезгілдеріне байланысты бірде ұлғайып, 
бірде кішірейіп отырады.
Салқындаған сайын тұзды судың беткі қабатының тығыздығы 
артып, салмағы ауырлайды да, ол тереңге қарай ығысады. Оның 
орнына төменнен əлі салқындап үлгермеген жылы су қабаттары 
көтеріледі.
Температурасы əркелкі су қабаттарының бұлайша араласуы 
мұздың түзілуіне кедергі келтіреді. Беткі сулар төменге қарай 
оттегін де тасымалдайды, мұның өзі тіршіліктің неғұрлым терең 
қабаттарға таралуына жағдай жасайды. Мұхит суының қарқынды 
араласуы нəтижесінде оның барлық қабаттары жылу мен зат алма-
суына қатынасады. 
Мұхит 
суының 
температурасы 
мен 
тұздылығының 
арақатынасынан оның тағы бір қасиеті – тығыздығы қалыптасады. 
Тығыздық көрсеткіші температура төмен, тұздылық жоғары болған 
сайын артады. 
35
0
/
00 
тұздылық пен 0
0
С температура жағдайында мұхит суының 
тығыздығы 1,02813 г/см

(осындай мұхит суының əрбір м

массасы 
дəл осындай таза су массасынан 28,13 килограмм артық салмаққа 
ие). 
Сондықтан мұхит суының ең жоғары тығыздық көрсеткіші 
жылы суда емес, салқын су жағдайында байқалады. 30
0
/
00 
тұздылық 
пен -2,47
0
С температура тəн мұхит суында ең жоғары тығыздық 
байқалады (ал тұщы судағы ең жоғары тығыздық +4
0
С-де байқалады).
Мұхит суының тығыздығы тұздылықтың артуына байланысты 
экватордан тропиктерге қарай жоғарылайды, ал қоңыржай бел-
деуден полюстерге қарай тығыздық көрсеткіші температураның 
төмендеуіне сəйкес артады. Сонымен қатар тығыздық көрсеткіші 
судың қысымы əсерінен де өзгеріске ұшырайды.
Осылайша, Дүниежүзілік мұхиттың орасан мол су массасы мен 
оның бойына жинақтаған жылуы ғаламшар ауқымындағы айна-
лымдарды реттеуші қызмет атқарып, географиялық қабықтағы 
түрлі құбылыстардың қозғаушысы ретінде аса маңызды орын ала-
ды. 


254


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет