Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет192/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Тетис 
мұхитының қалдығы. Ұзақ геологиялық кезеңде теңіз мұхиттан 
бөлініп, оның деңгейі бірнеше рет ауытқуға ұшыраған. Теңіз тау-лы 


269
түбектер мен ұсақ аралдар арқылы бірнеше кішігірім теңіздерге, 
алаптарға жəне ірі шығанақтарға бөлініп жатыр. 
Теңізде аралдар өте көп. Құрлық төмен түскен кезде мате-
риктен Сицилия, Сардиния, Корсика, Крит, Кипр, Мальта, Ион 
жəне Балеар аралдары бөлініп шыққан. Тира (Санторин), Липар, 
Пантеллерия жəне басқа аралдар шығу тегі жөнінен жанартаулық 
аралдар болып табылады. Жер сілкінулер жиі болып түрады, 
Этна, Везувий, Страмболи жанартаулары əлі де атқылауда.
Теңіздің ең терең жері – 5121 м. Онын оңтүстік-шығыс бөлігі таяз 
сулы. Ніл өзені атырауына жалғасып жатқан қайраңда Африканың 
осынау ұлы өзені ағызып əкелген шөгінділердің жиналуынан ірі 
суасты төбелері пайда болған. Асуан бөгені салынғаннан кейін аты-
рау өсуін тоқтатты, жағалау қарқынды түрде шайылуда.
Теңіз субтропиктік ендіктерде (30°-48°с.е.) құрлықтардың батыс 
шетін ала орналасқан. Теңіздің климаты субтропиктік құрғақ, жаз 
ыстық əрі ұзаққа созылады, ал қысы жылы, жаңбырлы жəне желді 
келеді. Қыста судың беткі температурасы солтүстікте +10
0
+12
0
С, 
оңтүстікте +15
0
+17
0
С, ал жазда +22
0
+24
0
С жəне +27
0
+28
0
С. Теңіздің 
шығыс бөлігінде буланушылық жоғары болғандықтан, беткі 
сулардың тұздылығы өте жоғары (39,6
0
/
00
) көрсеткішке жетеді.
Теңіз суы өте мөлдір (40-50 метр тереңдікке дейін), көк жəне 
көгілдір түсті болып келеді. Теңізде 8 мыңнан астам жануар 
түрлері, соның ішінде балықтың 540 түрі мекендейді. Омыртқасыз 
жəндіктер өте көп, олардың арасында басаяқты бақалшақтар
бағалы қызыл маржандар бар. Балықтардың 40 түрінің ғана 
кəсіптік маңызы бар, олар: анчоус, сардина, скумбрия, ставрида, 
кефаль жəне тропиктік түрлер - көгілдір тунец, акулалар жəне т.б. 
Олар үлкен үйір түзбейді. Жылына бар болғаны 0,6 млн тонна ғана 
балық ауланады.
Теңіз бен жағалаудағы басты шаруашылық салалары – теңізде 
жүзу, рекреация, ал балық аулау жəне минералдық, химиялық 
шикізаттарды өндіру онша өркендемеген. Теңізбен Суэц каналы 
арқылы орасан зор жүк ағыны, ең алдымен мұнай жəне мұнай 
өнімдері тасымалданады.
Жерорта теңізіне жылына ондаған миллион туристер келеді. 
Мұнда дүниенің түкпір-түкпірінен келетіндерді жұмсақ климат, 
жылы теңіз суы жəне ұзаққа созылатын (5-8 ай) шомылу мерзімі, 
əдемі таулы жағалаулар, қалың өскен субтропиктік өсімдіктер, тари-
хи жəне мəдени ескерткіштер көз тартып, шақырады. 


270
Жерорта теңізіндегі рекреациялық аймақтардың басты ауданы – 
Франциядағы Көгілдір жағалау, Италиялық Ривьера, Неаполь маңы, 
Венеция, Испания, Греция, Югославия жəне Кипрдің жағалаулары 
мен аралдары.
Жерорта теңізінің қайталанбас əсем табиғатын қорғау осы 
аймаққа қатысты басқа мəселелерге қарағанда, маңыздырақ болып 
отыр. Соңғы кезге дейін теңіз өздігінен тазару арқылы салыстырма-
лы түрде таза болып келді. Қазіргі кезде жүк айналымының артуы 
нəтижесінде айлақтар маңындағы жағалау сулары күшті ластану-
да.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет