Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет195/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Қызыл теңіз – жерортатеңіздік сипаттағы материк аралық 
тропиктік теңіз. Ол Африка мен Арабия аралығындағы жер 
қыртысының ұзын, жіңішке тектоникалық жарығында орналасқан. 
Теңіздің ұзындығы 2000 км шамасында, ені 150 км-ге жетеді.
Теңіздің ұзына бойымен бірнеше қазаншұңқырдан тұратын
тереңдігі 3040 метрге жететін түзу орталық ойыс өтеді. Африка 
мен Арабия тектоникалық тақталарын бөліп жатқан бұл жас 
рифттің ені 10 км шамасында болады. Ол Шығыс Африка 
жарықтарының орасан үлкен жүйесімен тікелей байланысты болып 
келеді. Рифттің жасы оңтүстік бөлігінде 5 млн жыл шамасында, 
солтүстігінде кейінірек қалыптасқан. Теңізде мұнай мен газдың 
бірнеше кен орындары ашылған. Мұнай Суэц каналында да 
өндіріледі.
Теңіздің қазаншұңқырларында 2000 м жəне одан да тереңде 
ыстық тұзды ерітінділер (температурасы +70
0
С) табылған, олардың 
орташа тұздылығы 270
0
/
00
, ең жоғары түздылық 315
0
/
00
-ге дейін 
жетеді. Тұзды ерітінділердің химиялық құрамы теңіз суынан үлкен 
айырма жасайды. Оның құрамында темір, мырыш, мыс, марганец 
тотықтары көп болады.
Терең сулы қазаншұңқырлардың түптік шөгінділері құрамында 
əртүрлі металл тотықтары бар тұзды ерітінділермен қаныққан 
сулы тұнба күйінде болады. Бұл жартылай сұйық полиметалл 


273
кені (мырыш, қорғасын, марганец, мыс, алтын, күміс) аса жоғары 
бағаланады. Қазірдің өзінде мұнда күміс өндіріле бастады.
Теңіз негізінен тропиктік шөлдер зонасында орналасқан. Оның 
ең солтүстік бөлігіне субтропиктік құрғақ климат тəн. Жазда теңіз 
үстіндегі күндізгі ауа температурасы +30
0
С-ден артық, жағалауда 
+40
0
С шамасында; қыста солтүстікте +15
0
С, орталық жəне оңтүстік 
бөліктерде +20
0
С-ге дейін жетеді. Буланушылық жылына 3000 мм-ді 
құрайды. Соның нəтижесінде судың тұздылығы артып, тұздылығы 
өте жоғары (40,5-41
0
/
00
) жəне тығыз болатын тереңдегі су қабаттары 
қалыптасады.
Теңізде балықтардың жүздеген түрлері мекендейді, олардың ара-
сында сардинелла, ұшқыш балық, тас алабұғасы, скумбрия жəне 
т.б. бар. Сонымен қатар, ұсақ шаяндар, лангуст, теңіз тасбақалары 
жəне дюгондар таралған.
Теңізде кеме жүзу жағдайлары қиын. Кейбір аудандар өте нашар 
зерттелген. Маржан рифтері терең ойыстармен кезектесіп келеді. 
Маржан полиптерінің тобы жылдам дамып-жетіліп, пішіндерін 
ұдайы өзгертіп отырады, оларды кейде күшті дауылдар бұзып та 
кетеді. 
Қызыл теңіз басқа су айдындарымен Суэц каналы жəне Баб-əл-
Мандеб бұғазы арқылы байланысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет