Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет21/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Қ. И. Сəтбаев басшылығымен көптеген геологиялық зерттеулер 
iске асырылды. 
Геоморфологиялық байқаулар Үстiртте, Каспий ойпатында 
жүргiзiліп, Қазақстан геоморфологиясы туралы алғашқы маңызды 
мағлұматтар берiлдi. 
Республика аумағын климаттық аудандастыру бойынша алғашқы 
қадамдар жасалды. 
Қазақстандағы алғашқы гидрологиялық кешендi зерттеу жұмысы 
қатарында Қазақстан гидрографиясының жоспарлы зерттелуi жолға 
қойылды, осы мақсатпен республиканың кейбір бөлiгiне бiрнеше 


27
экспедициялар шықты. Шу, Талас, Сырдария өзендерiнiң төменгі 
ағысы жəне көлдер зерттелдi. 
КСРО Географиялық коғамының Верный жəне Түркiстан 
бөлiмдерi Кiшi жəне Үлкен Алматы өзендерiмен өтетiн лай 
тасқындардың себебiн анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын 
ұйымдастыра бастады. Қоныстандыруға жəне жер қорын есепке 
алуға байланысты Қазақстан өңiрлерiнiң топырағын зерттеу кең өрiс 
алды. Республика аумағындағы топырақ жамылғысының алғашқы 
сипаттамалары берілді. 
Геоботаникалық зерттеулердiң де өзiндiк қолданбалық мақсаты 
белгiлендi. Бұлардың алдына жайылымды, шабындықты жəне 
жыртуға жарамды жердi анықтау əрi оларға сипаттама беру мiндетi 
қойылды.
Республикада тұрақты ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң жəне 
жергiлiктi ғылыми кадрлардың көбеюiнiң нəтижесiнде Қазақстан 
жерiнде тұрақты бақылаулар жүргiзу жолға қойылды. Геологиялық 
барлау жұмыстары түстi жəне сирек металдар, көмiр жəне т.б. кен 
байлықтарының қоры жөнiнен Кеңес Одағы бойынша Қазақстанды 
жетекшi орындардың бiрiне шығарды. Алтайдың, Орталық 
Қазақстанның кентастық кен орындарын жəне Тянь-Шань, Жетiсу 
(Жоңғар) Алатауы, Арал маңы, Мұғалжар тауы жəне т.б. өңiрлердiң 
геологиялық құрылысын зерттеу қарқынды түрде жүргiзiлдi.
Климаттық жəне гидрологиялық жұмыстар метеорологиялық 
жəне гидрометеорологиялық станциялардың көбеюiне негiзделе 
жүргiзiлдi. Су қорларын зерттеу өрiстедi. Өндiрiс қажеттерiн 
өтеу жəне салынуға тиiстi гидротехникалық құрылыстардың 
географиялық жағдайларын анықтау үшiн кейбiр жеке алаптарға 
кешендi зерттеулер жүргiзiлдi.
Арал теңізі мен Балқаш көлін жаңадан зерттеу басталды. Iле 
Алатауына Н. Н. Пальгов гляциологиялық бақылаулар жүргiзудi 
бастады. 
Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында (1941-1945 ж.) жалпы 
географиялық зерттеулер бiршама қысқарды, негiзiнен майдан мен 
тыл мұқтажын өтеу ғана ескерiлдi. 
КСРО Ғылым Академиясының География институтының 
көпшiлiк қызметкерлерi Алматыға көшiрiлiп, Топырақтану жəне 
Ботаника институттары жəне жергiлiктi ғалымдармен бiрлесе 
отырып, ауыл шарушылығын өркендетудiң жолдарын табу жəне 
оны жетілдіру бағытындағы зерттеулермен шұғылданды. Дəл 


28
геоморфологиялық карталар топтамасы жасалып, су жəне топырақ 
жамылғысының қорлары түбегейлi зерттелдi. 
Осы жылдары КСРО ҒА Қазақ бөлiмшесiнiң География секто-
рын белгiлi ғалым Н. Н. Баранский басқарды. Ол республика эконо-
микасын мамандандыруды жетiлдiре түсу мақсатында Қазақстанды 
5 экономикалық ауданға бөлдi. Соғыстан кейiнгi жылдары (1945 
жылдан бастап) Қазақстандағы географиялық зерттеулерге баса 
көңiл бөлiндi. Халық шаруашылығын қалпына келтiру жəне одан əрi 
дамыту үшiн табиғи ресурстарды көптеп табу жəне оларды шұғыл 
шаруашылыққа пайдалану керек болды. 
1946 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы құрылды. Оның 
құрамында бiрнеше экспедициялар ұйымдастырылып, Арал 
теңізіндегi Барсакелмес аралының, Балқаш көлінiң оңтүстігіндегi 
шөлдiң, Жетiсудың географиялық жағдайлары зерттелдi. Республи-
ка аумағын физикалық-географиялық аудандастырудың алғашқы 
негізі жасалды.
Бұрынғы жүргiзiлген зерттеу материалдары негiзiнде республи-
ка табиғатының басты кешендерiне тұжырымды сипаттама берiлген 
«Қазақстанның физикалық-географиялық очерктерi» (1952 ж.) атты 
еңбек жарыққа шықты. 
Солтүстік жəне Орталық Қазақстанның минералдық шикiзат, 
гидроэнергетикалық жəне орман қорлары зерттелдi. Тянь-Шаньда 
биiк таулық физикалық-географиялық зерттеу станциялары 
құрылды. Республика жерiн геоморфологиялық зерттеу, əсiресе, 
геоморфологиялық картаға түсiру iсi өрiстедi. 
Суландыру, орман алқаптарын отырғызу, тың жəне тыңайған 
жердi игеру шараларына байланысты республиканың жеке 
аудандарының микроклиматы жəне жылу балансы зерттелдi. 
Аңызақ жел, атмосфералық қуаңшылық, жел эрозиясы, топырақ бо-
рау, топырақ бетiнiң тоңдануы сияқты құбылыстар жəне климаттың 
өзгеру заңдылықтары зерттелдi. Осы зерттеулердiң деректерi 
негiзiнде «Қазақстан климаты» (1959 ж.) атты жинақ жарыққа 
шықты. 
Республика жерiн жан-жақты зерттеу нəтижесiнде Қазақстанның 
жəне оның жеке аймақтарының кешендiк атластары құрастырылды. 
Тың өлкесiнiң, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан 
облыстарының бiрнеше ландшафтылық карталары жарыққа шықты. 
Арал маңы мен Жезқазған өңiрiнiң, Алматы, Қарағанды, 
Маңғыстау облыстарының ландшафтылық жағдайы кеңінен 
зерттелдi


29
Бүгінгі таңда Ғылым Академиясының География секторының 
негізінде құрылған География институты (1983 ж.) Қазақстан 
табиғатын зерттеудi одан əрi жалғастыруда. Институтта Қазақстан 
аумағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бағытында сегіз 
кешенді зертханалар жүйесі тұрақты жұмыс жасайды. 
Бұл жұмыстардың нəтижесінде Қазақстанның физикалық-
географиялық жəне экономикалық-экологиялық жағдайларына 
жүйелі сипаттама беретін үш томдық «Қазақстан Атласы» қазақ, 
орыс жəне ағылшын тілдерінде жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет