26
зерттеуге көңiл бөлiне бастады. Iрi зоологиялық зерттеулердi Арал-
Каспий алаптарында кеңінен жүргiзілдi.
Қазақстан жерiнiң кеңестiк дəуiрде зерттелуi Қазақстанның
өндiргiш күштерiн орналастыру мен дамыту мəселелерiмен тiкелей
байланыстырылды. Өнеркəсiп пен ауыл шаруашылығының дамуы
табиғи қорлардың зерттелуiмен ұштастырылды. Əрбiр iрi құрылысқа
байланысты географиялық ортаның элементтерi –
жер қойнауы,
топырақ қабаттары, су қорлары, климаты, т.б. зерттеле басталды.
Кен байлықтарын табу жəне оларды игеру мақсатында
геологиялық барлау жұмыстары кеңiнен жүргізіле бастады. Топырақ
жəне өсiмдiк түрлерiн зерттеу экспедицияларының жұмысы жандан-
дырылды. Жаңа қалалар мен елдi мекендердiң пайда болуына жəне
одан əрi дамуына байланысты Қазақстанның көпшiлiк бөлiгiнiң
климаттық жағдайы зерттелдi, су қорларын
iздеу жұмыстары кең
көлемде жүргiзiлдi.
ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының ортасында елiмiзде халық
шаруашылығын қайта құру жəне социалистік экономиканың негiзiн
қалау кезеңi кең өрiс алды. Біртіндеп жекелеген аумақтарды жүйелi
жəне жан-жақты зерттейтiн ғылыми экспедициялар ұйымдастырыла
бастады.
1926 жылы КСРО Ғылым Академиясы жанында құрылған
одақтас жəне автономиялық республикаларды зерттеушi арнаулы
комитет Қазақстанның жер қойнауын зерттеу жұмысын қолға алды.
1933 жылы Қазақ гидрометеорология
басқармасы ұйымдас-
тырылып, ауа райы климат өзгерістеріне тұрақты байқау жұмыстары
жолға қойылды.
Геологиялық зерттеулер жүйелі түрде жүргізіле бастады, оның
негізгі мақсаты – елiмiздiң өнеркəсiбiне аса қажет кен орындарын
табу жəне оларды барлау болды. Орталық Қазақстанда академик
Достарыңызбен бөлісу: