Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Географиялық ақпараттар алудың негізгі құралдары



Pdf көрінісі
бет22/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

1.5. Географиялық ақпараттар алудың негізгі құралдары 
Бүгінгі таңда география ғылымы, оның ішінде жалпы жерта-
ну ғылымын географиялық ақпаратпен қамтамасыз етудің басты 
құралдарының бірі – географиялық карталар болып табылады.
Географиялық карталар дегеніміз – математикалық жолмен 
анықталып, кішірейтілген жəне жинақталған Жер бетінің не-
месе басқа аспан денелері мен ғаламшарлардың беткі пішінінің 
жазықтық бетіне көшірілген нақты көрінісі. Картаның құрамдас 
бөлігі төмендегі құрылымдардан тұрады:
Географиялық карта
Картографиялық 
бейнелеу
Математикалық 
негіз
Көмекші 
жабдықтар
Қосымша 
мəліметтер
Жер бедері,
 гидрография, 
өсімдік 
жамылғысы, 
елді мекендер
Геодезиялық 
негіз, 
картографиялық 
проекция, 
масштаб, 
жинақтау
Шартты 
белгілер,
карта аты, 
анықтама 
мəліметтер
Карта-кесінді, 
профиль, 
диаграммалар 
жəне т.б.
Географиялық карталар мазмұнына, қамтитын аумағының ауда-
нына жəне масштабына қарай бірнеше түрге бөлінеді:
1. Мазмұнына қарай: жалпы географиялық немесе физикалық, 
тақырыптық, арнаулы жəне кешендік карталар деп бөлінеді.
2. Қамтитын аумағына қарай: дүниежүзілік, материктік
мұхиттық, дүние бөліктері, материк бөліктері, жекелеген елдер, 


30
елдер бөліктері, аймақтық жəне жергілікті жер карталары деп 
жіктеледі.
3. Масштабына қарай: ірі масштабты немесе топографиялық 
карталар, орта масштабты жəне ұсақ масштабты деп бөлінеді.
Картаның басты элементтеріне картографиялық бейнелеулер, 
картаның математикалық негізі, географиялық негіз, тақырыптық 
мазмұн, түсіндірме шартты белгілер мен қосымша мəліметтер жа-
тады.
Географиялық карталар өте жоғары жинақталған танымдық үлгі 
ретінде мынадай басты қасиеттерімен ерекшеленеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет