Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет23/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

1. Картографиялық 
объектінің 
кеңістіктік-уақыттық 
бейнеленуі – үш бағытта жүргізіледі: геометриялық өлшемі 
мен пішіні; объектінің картада бейнеленген кезеңдегі жай-күйі; 
объектілердің өзара байланысы мен тəуелділігі жағдайында 
бейнеленуі.
2. Мазмұндылық сəйкестігі – географиялық объектілердің 
геожүйедегі иерархиялық қатардағы орнына сəйкес сыртқы жəне 
ішкі құрылымдарының қалыптасуы жағдайын ескере отырып
олардың басты белгілерінің ғылыми негіздемесінің дəл берілуі.
3. Картографиялық объектілердің абстрактылы бейнеленуі 
– жеке түсініктерден жинақтаушы ұғымдарға өту, өте ұсақ
маңыздылығы төмен мəліметтерді біртұтас сипатты жалпылама 
қасиеттерге жинақтау əсерінен əсіресе, ұсақ масштабты карталарда 
бұрмаланулардың жиі байқалуынан көрінеді.
4. Картографиялық объектілердің таңдау мүмкіншілігі 
мен синтетикалық ауқымы – нақты жағдайда біртұтас қызмет 
атқаратын кейбір факторлар, процестер мен аспектілер ерекше 
айқындалып, оларды жіктеп көрсетеді, мəселен, бір жағдайда 
жер бедеріндегі тілімденудің тереңдігі немесе жергілікті жердің 
еңкіштігі ғана айқын көрсетілуі мүмкін. Ал екінші бір жағдайда кар-
та бетінде табиғаттағы біртұтас құбылыстар мен процестер нақты 
жағдайда тек белгілі бір жерге қатысты оқшауланып көрсетілуі 
мүмкін, мəселен климат типтері картасында əбрір климат типіне 
тəн температура режимі, ылғалдану, қысым, жел жəне т.б. климат 
көрсеткіштері нақты сипатталып беріледі. 
5. Картографиялық объектінің өлшемділігі – картадағы 
объектілердің дəл бейнеленуін қамтамасыз ететін математикалық 
заңдылықтар жиынтығымен анықталады. Картаның масшта-
бы, шкалалар мен жіктемелер картадағы сапалық жəне сандық 


31
көрсеткіштердің түрлі өлшемдерін анықтауға мүмкіндік береді. 
Сандық көрсеткіштерді сипаттау абсолюттік өлшемдер, салыстыр-
малы көрсеткіштер, балдық жəне жіктемелік бағалаулар арқылы 
беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет