географиялық, жұлдыздар жəне жекелеген аспан денелері ат- ластары деп бөлінеді. Географиялық атластар қамту аумағына,
мазмұнына, форматына жəне пайдалану жолына қарай жіктеледі.
Қамту аумағына қарай: Дүниежүзінің атласы; Материктер мен
дүние бөліктері атласы; Ірі аумақтар мен региондар атласы (Таяу
Шығыс, Латын Америкасы); жекелеген елдер атласы; елдің бөліктері
(Атлас Целинного края) мен қалалар (Мəскеу) атласы жəне т.б. деп
ажыратылады.
Мазмұнына қарай: жалпы географиялық, тақырыптықжəне
кешенді атластардеп бөлінеді.
1. Атластар пайдалану жолына қарай: 2. Ғылыми-анықтамалық атластар; 3. Ғылыми-көпшілік атластар; 4. Оқу атластары; 5. Өлкетану атластары; 6. Теңіз-навигациялық атластар; 7. Жол атластары; 8. Туристік атластар; 9. Əскери атластар; 10. Медициналық атластар деп ажыратылады.
Форматына қарай атластар: столға қоюға арналған, орта фор- маттыжəне қалта атластары деп бөлінеді. Стол атластарының
ауданы 15 м
2
, орта форматты атластың ауданы 6-14 м
2
, қалта
атластарының ауданы 5 м
2
артық болмайды.
Атлас карталары құрылымы жағынан жалпыдан жекеге логикалық
жүйесі бойынша орналастырылады. Ең алдымен, дүниежүзінің кар-
талары, содан кейін материктер карталары, ең соңында жекелеген
аймақтар мен елдер карталары беріледі. Атлас мазмұны əрбір карта
тақырыбына сəйкес суреттермен, кестелермен, анықтама материал-
дары жəне түсіндірме мəтіндермен толықтырылады.
Аса ірі атластар соңында карта мазмұнында кездесетін барлық
географиялық объектілердің алфавиттік тізімі беріледі, оның
34
тұсында объекті орналасқан беттің, картографиялық тордың əріппен
жəне санмен белгіленген нөмірі көрсетіледі.