38
отыруы мүмкін. Нүктелерді картада
белгілеуде статистикалық
жəне географиялық бағыт басшылыққа алынады. Мысалы, егіс
алқаптарындағы түрлі дақылдардың үлесі мен таралу аймақтарын
бағыттар көмегімен айқындауға болады.
8. Тұйықталған диаграммалар əдісі –
картадағы құбылыстар
мен географиялық объектілердің тұтастай немесе алап түрінде
таралған аудандарын график немесе диаграмма көмегімен көрсету.
Мысалы, тіркелген метеостанциядағы ауа температурасының
өзгерісі, жауын-шашынның əр айдағы түсу
мөлшерін көрсететін
график немесе өзеннің жылдық ағынының маусым жəне ай бойын-
ша өзгеруін көрсететін бағаналы диаграмма, желдер розасы жəне т.б
көрсеткіштер беріледі.
9. Картограмма əдісі – салыстырмалы статистикалық
көрсеткіштерді əкімшілік бөліну
бірліктері бойынша көрсету,
мысалы, облыс бойынша халықтың тығыздығы,
елдердегі бидай
егістігінің үлесі, жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы
үлесі жəне т.б. Картограммалар статистикалық көрсеткіштері түрлі
аудандарды белгілеуде бояу немесе штрих түрінде қолданылуы, ал
локальды диаграммалар əрбір пункттегі жеке мəліметтерді көрсетуі
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: