41
түріндегі түсірілімге жатады. Ол геодезиялық құрал
тұсбағдар не-
месе
буссоль көмегімен жасалады (
4-сурет).
а
ə
б
4-сурет. Компастардың түрлері:
а-қарапайым компас, ə-Адрианов компасы, б-туристік компас
Буссольдық
түсірілім
жергілікті
жердің
болашақтағы
жоспарының негізін жасау үшін қажет. Өндірісте буссольды жабық
жерде жиі қолданады.
Бұл түсірілім түрін жасау үшін студенттер бригадасы 3 адамнан
тұрады. Əрбір студенттің компасы немесе буссолі, журналы болады.
Жергілікті жер планын түсіру үшін
тірек бағыттар жасала-
ды. Бағытты құруда түсірілім жасаушы бір нүктеден
көрінетін
объектіден басқа объектілерге дейін қозғалып, магниттік азимутпен
түсірілім жасалатын арақашақтықты өлшейді. Бақылау үшін тура
жəне кері азимут бағыттарының мəні алынады, ал арақашықтықты
барлық студент бригадалары өзара өлшейді.
Арақашықтықты өлшеудің ең қолайлы жолы –
қадаммен
өлшеу. Əдетте, бір түсірілім нүктесінен басқа нүктеге
дейінгі
арақашықтықты басып өтетін жұп қадам санын санайды.
Барлық
есептелген нəтижелер журналға жазылады (
1-кесте).
Бір жұп
қадамның метрмен алғандағы
ұзындығын біле отырып, нүктелер
арасындағы арақашықтықты метрмен есептеп шығаруға болады.
Жергілікті жер планын жасау үшін
орташа қадам ұзындығын
қолданады. Бригада алаңға шығып, көзбен планды белгілейді. Бағыт
тұйық болу керек, бастапқы нүкте соңғы нүкте болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: