40
Ескі жəне жаңа карталар мəліметтерін салыстыра отырып, түрлі
құбылыстардың өзгеру немесе даму динамикасын картографиялық
салыстыру тəсілімен анықтауға болады. Картометриялық əдістер
көмегімен құбылыстар динамикасын
талдау барысында салысты-
ратын карталардың жинақтау сипатын, зерттейтін құбылыстың
классификациялық ерекшеліктерін есепке алу қажет.
Карта бойынша ғылыми болжам
жасау барысында жергілікті
жердегі құбылыстардың өзгеру жəне даму динамикасы талдау
жасалынған аймақтар таңдап алынады. Болжам жасау белгіленген
аумақтағы əр уақыт аралығындағы карталарға
бір мезгілде салы-
стырмалы талдау жасау негізінде жүзеге асады.
Синоптикалық карталар арқылы мұндай болжам жасауға толық
мүмкіндік бар. Адам аяғы жете алмайтын қиын аумақтарға əуе-
ғарыштық фотосуреттер арқылы
экстрополяция əдісімен, яғни
белгілі құбылыстар мен заңдылықтарды соған ұқсас аумақтарға
қондыру көмегімен жүзеге асырылады.
Болжамдардың ғылыми
нақтылығы зерттеудің қаншалықты дəрежеде жүйелі жүргізілуіне,
картографиялық мəліметтердің дұрыстығына тікелей байланысты.
Географиялық ақпарат алудың басты жолдарының бірі айнала
қоршаған ортадағы барлық географиялық нысандар мен табиғат
құбылыстарына
байқау жасай білу, бағыт-бағдар анықтай білу бо-
лып табылады. Осы мақсатта жергілікті жерге қарапайым түсірілім
жасаудың жолдарын, ол жұмыстарды жүргізу үшін
қажетті құрал-
жабдықтармен жұмыс істеудің əдіс-тəсілдерін білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: