Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жергілікті жерде бағдарлау əдістері



Pdf көрінісі
бет40/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Жергілікті жерде бағдарлау əдістері. Картада жəне 
аэрофототүсірілімде географиялық объектілердің салыстырмалы ор-
нын анықтауда, көкжиек жақтарын білу керек. Қоршаған ортадағы 
обьектілерді есте сақтау жəне үйге апаратын жолды білу – мұның 
бəрі бағытталу ұғымына жатады.


50
11-сурет. Нивелирлеу нəтижесі бойынша профиль түсіру 
Бағытталуда көкжиек жақтарының салыстырмалы бағытын 
компас, карта, аэрофототүсірілім, табиғи зат, күн жəне шоқжұлдыз 
бойынша білу маңызды. 
Оңтүстік орнын күн бойынша тал түс анықтайды. Бұл анықтау 
күзде, көктемде, қыста өте дəл болып табылады, ал жазда ол 25
0
қателікпен анықталады, себебі күн горизонттан жоғары орналасады.
Бағытты Темірқазық жұлдызы бойынша анықтау дəл болады. 
Ол үшін Үлкен Аю шоқжұлдызының ең шеттегі екі жұлдызының 
арасындағы бес теңаралықты қашықтықты алу керек.
Орманда жергілікті жер заттарына бағытталуда оларды кешенді 
пайдалану керек. Ағаш қабығының солтүстік жағы қалың, қынамен 
жабылған, жондарда жəне үлкен тастарда қына солтүстік жақта 
өседі. Құмырсқа илеуінің солтүстік жағы оңтүстікке қарағанда тік 
болып келеді.
Жергілікті жерде бір жерден екінші жерге адаспай бару үшін 
бағыттарды маршрут бойынша жазып алу немесе есте сақтау ке-
рек. Жергілікті жерде кері жолды еркін табуға мүмкіндік беретін 
белгілерді – тастарды, бұтақтарды тастап кетіп отыру қажет болады. 
Картаның рамкасы батыс немесе шығыс жағы маңына компас 
штрихтарын 0 ден 180
0
етіп орналастырып, картаға бағдар жасауға 
болады. Компас стрелкасы (тілі) магниттік ауытқу шамасын өз 
белгісімен көрсетуі керек. 
Кез келген картографиялық туындының өзі басқа ғылым сала-
лары үшін картографиялық дереккөз қызметін атқарып, оларды 
түрлі дəрежедегі ақпараттармен қаитамасыз ете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет