Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет4/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

1-сурет. Жалпы жертанудың жаратылыстану ғылымындағы орны
«Жалпы жертану» физикалық география ғылымындағы 
географиялық қабықтың негізгі ерекшеліктерін, адамзат пен табиғат 
арасындағы өзара байланыстар мен өзгерістерді зерттейтін ғылым 
саласы болып саналады. Соған байланысты адам мен табиғаттың 
өзара əрекеттесттесуін зерттеу географиялық зерттеудің аса маңызды 
кезек күттірмейтін міндеттеріне айналып отыр. 
Қоғамды аумақтық ұйымдастырудың оңтайлы жолдарын, оның 


6
ішінде халықтың қоныстануын, өндірістің орналасуын, табиғат 
ресурстары мен қоғамдық өндірістің жағдайларын тиімді пайда-
лануды, осы ресурстар мен жағдайларды қазіргі жəне болашақ 
ұрпақтардың мүддесі үшін сақтаудың жолын жəне оны жаңартуды 
ғылыми негіздеу мақсатында «Жалпы жертану» пəні географиялық 
қабықтың құрылымы мен динамикасын, оның құрамдас бөліктерінің 
өзара əрекеттесуі мен кеңістік бойынша таралу заңдылығын 
зерттейді. 
«Жалпы жертану» ғылымы өзінің даму жолында бірнеше 
кезеңнен өтті, олардың əрқайсысы осы ғылымның əртүрлі қоғамдық 
функцияларымен де тығыз байланысты сипатталады. Ұлы 
географиялық ашылуларға дейін жалпы физикалық географияның 
негізгі функциясы танымдық-сипаттау бағытында болды. 
Ұлы географиялық ашылулар кезеңінде картография ғылымының 
пайда болуы мен қарқынды дамуы физикалық географияның жаңа 
деңгейге көтерілуіне ықпал жасады. Алғашқы ғылыми төңкерістер 
заманында жəне одан кейінгі кезеңде оның талдаулық жəне 
түсіндірулік функциясы басым бола бастайды; бұл өз тарапынан 
«Жалпы жертанудың» жеке ғылыми салаларға бөліне бастауына 
негіз болды. 
XX ғасырда географияда қайта құру бағытының дамуы мен 
орнығуы, жекелеген географияның салалары арасындағы өзара 
байланыстардың күшеюі артты. Бұл орайда ғылым дамуының əрбір 
келесі кезеңі өзінің алдындағы кезеңдегі өзіне тəн функцияларын 
жоймайды, оларды басқа сапалық деңгейге көтереді. 
«Жалпы жертану» ғылымы өзінің даму барысында басқа ғылыми 
пəндерден бөлектенген жоқ. Дүниетанымдық ғылым ретінде ол 
философиямен, географиялық қабықтың табиғи заңдылықтарын 
зерттеу барысында – астрономия, физика, химия, геология, биология 
жəне тағы да басқа ғылым салаларымен тығыз байланыста дамиды. 
«Жалпы жертану» өзінің теориясы жəне əдіснамасы көмегімен 
сабақтас ғылымдарды байытады. Қазіргі таңда «Жалпы жертану» 
ғылымы зерттеудің ғарыштық əдістерін пайдаланбайынша бүгінгі 
заман талабына сəйкес, қолданбалы мəні жоғары сұрақтарға жауап 
бере алмайды. 
Жалпы географиялық білім бүгінгі ғылыми дүниетанымның 
аса қажетті элементтерінің бірі болып табылады. Сондықтан оны 
оқыту барлық арнаулы орта жəне жоғары оқу орындарының оқу 
бағдарламасына енгізілген басты пəндердің бірі болып саналады. 


7
Біртұтас ғылыми білім жүйесінде географиялық білімді
əсіресе табиғат кешендерінің даму заңдылықтары туралы білімді 
қалыптастыру мақсатында «Жалпы жертану» пəнінің алатын өзіндік 
орны бар.
География жер бетін құрайтын күрделі аумақтық жүйелер 
жиынтығын зерттейді. Бұл жүйелер: табиғи, əлеуметтік жəне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет